Статистика ВК сообщества "Работа в Нижнем Новгороде"

0+
.

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

🤲 [club87870841|Пайғамбар мектебі]
Дұға етіп қойыңыздар

5 31 ER 0.2290
Әлемдегі барша мұсылман бауырларымызға дұға етіп жүрейік!

9 10 ER 0.1564
❗Кішкентай қиындықтарға шыдамай ажыраса салғыштарға "алтын сырға"

9 158 ER 0.2073
АТА-АНАМЫЗ ҮШІН ҚАНДАЙ ДҰҒА ТІЛЕУІМІЗ ҚАЖЕТ?

Ата-ана – адамның өміріндегі ең маңызды жандар. Алла дәл сол кісілерге біздің әрқайсымызды дүниеге әкелу жауапкершілігін жүктеді. Бізді өсіріп тәрбиелеуде әкелеріміз бен аналарымыз көптеген қиындықтарға тап болады.

Ислам – мейірім мен қайырымдылық діні, және де біздің ең алдымен ерекше құрмет көрсетуіміз тиіс адамдар – Алланың қалауымен бізді дүниеге әкелген жандар. Жаратушы Иеміз ата-анаға қатысты ең көркем мінез танытуымызды және ең ізгі амалдарымызды жасауға шақырады.

Құранда айтылады: «Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәхаметіңе бөлей көр!”, - де» (Құран Кәрим, 17:24).

Бірде Пайғамбардан (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сұрады: «Аллаға ең ұнамды іс қандай?».

Ол айтты: «Уақытылы оқылған намаз».

«Ал одан кейінгісі қандай?» дегенде, «Ата-анаға бағыну және оларға жақсылық жасауға ұмтылу» - деп жауап береді де, содан кейін ғазауат – яғни, ислам жолындағы күрес тұратындығын айтқан.

Тірі кезінде де, о дүниелік болғанда да мұсылманның міндеті – ата-анасына құрметпен қарау, мейірімділік көрсету, қамқор болу, Жаратушыдан олардың тілеуін тілеу. Ата-ана үшін жасалған дұға Алла тарапынан бірден қабыл етіліп, береке әкеледі:

1. Рабби-рхамхума кама раббаяни сағира. «Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!”, - де» (17:24).

2. Раббана-ғъфирли уа ли уалидайя уа лиль-му’минина яума якъумуль-хисаб. «Раббымыз! Есеп құрылатын күні, мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!», - (деді). (14:41).

3. «Раббым! Мені, әке-шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні және мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді жарылқа! Сондай-ақ залымдардың жоқ болуларын ғана арттыр» деді. (71:28).

4. Аллахумма ихдиний уа уалидайи уа акаарибий аляссырати ль-мустақим.

О, Алла, мені, ата-анамды және туыстарымды тура жолға сала гөр.

71 8 ER 0.1653
АДАМ ЖАНЫН НЕГЕ ӘЗІРЕЙІЛ АЛАДЫ? (қисса)

Адамды топырақтан жарату қиссасы Ұлық Алла Жебірейілге:

– Сен жерге бар да бір уыс топырақ әкел, – деп бұйырды. Періште келген кезде топырақтың көңілі босап, езіліп тұр екен. Жерді көріп Жебрейілдің де көңілі босайды. Жебрейіл:

– Жер, сен неге жылайсың? – деді.

– Адам менің бір бөлшегімнен жаралған соң, олар мен үшін қымбат. Ертең олар бір-бірімен қырқысады, ұрысады, қан төгеді. Соны ойласам қыбарғам қайысады, жаным езіледі, – деді. Жебрейіл періште кері қайтады. Ұлық Алла:

– Ей, Жебірейіл, неге топырақ әкелмедің? – деді. Ол:

– Жердің көңілін қимадым, – деп, жердің қайғысын жеткізді.

– Онда адам мен Алланы жалғаушы бас періште сен боласың. Уахиды сен тасисың. Барлық сүйінші хабар сенне болады, – деді.

Екінші бұл іске Мәкәйілді жұмсайды. Ол келсе жер тағы да мұңайып жатыр екен. Мәкәйіл:

– Жер, сен неге мұңайсасың? – деді.

– Менен өсіп өнетін адам менің де бір балам емес пе? Олар періште емес. Ас-ауқатқа мұқтаж. Қарындары ашады. Олардың ризық несібесі қалай болады деп уайымдаймын, – деді. Мәкәйіл жерді жұбата алмай Алланың құзырына қайтып келді. Ұлық Алла:

– Әй, Мәкәйіл, топырақ қайда? – деді. Мәкәйіл жердің қайғысын Құдайға жеткізеді. Ұлық Алла:

– Онда сен жер бетіне ризық шашатын періштем бол. Адам ұрпағы ризық-несібесін қара жерден еңбек етіп шығарсын, – дейді. Үшінді ретте топыраққа Ысрапылды жұмсады. Жер Ысрапылға:

– Тәні топырақтан жаралған соң адам баласы суыққа тоңады, ыстықта қаталайды. Сол кезде олардың жайы не болмақ? Мен осыны ойласам іші –бауырым су болады, — деді.

Ысрапыл жердің бұл арызын да Ұлық Аллаға жеткізеді. Ұлық Алла: –

Бүгіннен бастап, жердегі табиғатты түрлендіріп, ауа-райын реттеп жүретін періштем сен боласың, – деді.

Ұлық Алла ең соңынан Әзірейілді жұмсады. Әзірейіл өзге періштелердей емес, мінезі қатты екен. Ол жерге келе сала, бір уыс топырақты қырнап алады. Жер:

– Әй, Әзірейіл, топырақты сұрап алсаң болмай ма? – деді.

Періште:

– Ұлық Алланың айтқаны екі болмайды. Алла не бұйырса, сол болуы керек. Ұлық Алла ешқашан жамандыққа бұйырмайды, – дейді де ұшып кетеді. Ұлық Алла Әзірейілдің қаттылығын көріп:

– Адамның жанын алатын сен боласың, – деді. Әзірейіл мына сөзді естігенде түрі қуарып сала берді. Алла Тағала:

– Әй, Әзірейіл неге қайғырдың? Мені жамандыққа бұйырмайды деп өзің айттың ғой, – деп өз сөзін өзіне куә етті.

– Иә, Ұлық Алла, менің солай дегенім рас. Бірақ, адам ұрпағы әрбір қазадан соң мені қарғайды ғой. Ет-жақын бауырынан айрылған жандар мені жек көріп кетеді. Қала берді, олардың арасында Сенің сүйікті достарың, пайғамбарларың болады. Олардың жанын, жақындарын қалай аламын. Олардың назасына қалғым келмейді, – деді.

Ұлық Алла:

– Әзірейіл, сен қайғырма. Мен оларға қазаны сан түрлі сылтаумен жіберемін. Олардың бірі дерттен, енді бірі апаттан опат болады. Олар ажалдарын сол себептерден іздейді. Сені көрмейді, сөкпейді. Жақсылықты да, жамандықты да адамға мен беремін, – деді.

Сол кезде барып Әзірейілдің көңілі орнықты. Әзірейіл періште топырақты жерден сұрамай алғандықтан, адамның жанын да сұрамай алатын болды. Ұлық Алла адамның бет-әлпетін Меккенің топырағын жаратыпты.

Сол себепті иманға ұйыған адамға Меккеге бет түзеп құлшылық ету парыз бопты. Егер бір кісі дәл өзіндей адам баласының бетінен әділетсіз ұратын болса, Меккенің топырағы сол адамды қарғайды екен. Адамның бір қолын батыстың, бір қолын шығыстың топырағынан жаратады.

Сол себепті де адам баласы қалаған тарапынан ұнатқан бұйымына қол жеткізетін болыпты. Екі аяғын мәңгі бақи тоң қатып жататын, солтүстік тараптың топырағынан жаратыпты. Адам аяғының мықты әрі суық болатыны содан қалыпты. Бағдат пен Шам аймағының топырағынан кіндік пен қарын тұсын жаратады.

Сондықтан, Бағдат пен Шам аймағы мәдениет пен ілім-білімнің ошағына айналыпты. Адамның кеудесін таудың топырағынан жаратады. Тәкәппарлық дертіне шалдыққан кісінің көкірегінің көтеріліп тұратыны содан екен. Ал, арқа балшығын сахараның шағыл құмынан иленгентіктен адамның жон арқасы өте төзімді, мықты болыпты.

Ал ет жүректі Ұлық Алла ерекше хикметпен жаратады. Жүректі жер бетінің барлық сазынан үлес алып, біріктіріп илепті. Ет жүрек рух пен ақылдың парасат пен қайраттың түпкі мекені болғандықтан оның ішкі сарайын – сайтан кіре алмайтын өте құпия берік қамал етіп жасапты.

Күнәға белшеден батқан пенденің соңғы сәтте де іштен жалбарынып, Алланың рахымына ілігетін мүмкіндігі содан қалыпты. Жүректің ішкі айнасын бауырмалдық қасиеттермен әшекейлепті. Мейірімді Ұлық Алла адам ұрпағы жер бетіндегі барлық адам баласының бір жүрек, бір тілекте өмір бақи бейбітшілікті аңсаумен өмір сүргенін қалапты. Қаптаған адам ұрпағы бірін бірі жазбай тезірек тану үшін, оларды сан түрлі ұлттар мен ұлыстарға бөліпті. Әлемдегі күллі адам баласының қуаныш пен қайғысының қасірет пен берекетінің ұқсастығы содан екен.

Топырақ келген соң Ұлық Алла:

– Әй, Жебірейіл, сен мейрімділік, қайырымдылық және махаббаттың желінен самал әкел, – дейді.

– Әй, Ысырапыл, сен пәк рахметімнің бұлағынан су әкел, – дейді.

– Әй, Мәкәйіл, сен оттан жалын әкел, – деді.

Осылайша, Ұлық Алла адамды топырақтан жасарда тағы үш затты қосқан екен. Оның бірі – жел, бірі – су, бірі – от болыпты. Оттан нәпсі жаралыпты. Сондықтан нәпсінің сипаты от сияқты жан-жағын жалмап тұрады екен. Адамды ашу қысқанда екі бетінің өртеніп кете жаздайтыны соның нышаны екен.

Ашу буған адамға суық сумен дәрет ал деп кеңес беру содан қалыпты. Алла адамның денесіне нәпсі шоғының әлсіз жалынын ғана дарытады.

Сосын Алла Тағала:

– Нәпсі отының адам баласына пайдасы жоқ. Бұл тек оған зарар береді. Бұдан бақыт табудың жалғыз ғана жолы бар. Адам ұрпағы бақталастыққа салынып, нәпсі шоғын үрлемесін. Өзінде бармен көзге ұрып, өзгеден артық бола алмайды. Пайданы емес, арды ойлағандар ғана пәни жалғанда өзгеден озық шығады.

Баянсызға құл болып, жалған намыс жыртқан сайын олар нәпсі шоғын қоздыра түседі. Кімде кім қу пәниде нәпсі отының лаулап жануына ерік берсе, өзі де тозақ отына отын болады. Парасатты пенделерім өле өлгенше нәпсі отын маздатып қана ұстасын. Сонда ғана қорлықтан құтылады, – деді. Судан – көңіл жаралыпты. Адамның көңілі босағанда жылайтыны, іші бауыры су болатыны сол екен.

Ұлық Алла:

– Мен көңілді мөп-мөлдір, тап-таза пейіштің суынан жараттым. Көңілін кіршіксіз таза ұстаған тақуалар менің назарымда болады. Көңілдің айнасын былғап алған құлдарым екі дүниеде қор болады. Көңілін лайламай тұнық етіп әкелген пендемді жұмақтың бұлағына жуындырам, – деді.

Желден жанды жасапты. Жан шіркіннің қайнаған тіршілікте бірде жігерленіп, енді бірде жүні жығылатыны осыдан екен. Тән жасайтын балшықты илеген кезде қырық жыл қайғы жаңбырымен, бір жыл шаттық суымен суарады. Тіршілікте қуанышты сәттің аз болып, қайғылы кездің көп болатыны содан екен.

Ұлық Алла шаттық жаңбырын екінші етіп жаудырғандықтан адам баласы қандай да бір қайғыдан соң артынша шаттыққа кенелетін болыпты.

135 3 ER 0.1843
ЖАМАН ТҮС КӨРГЕНДЕ ТӨРТ НӘРСЕ ЖАСАУ ҚАЖЕТ ЕКЕН

Жаман түс көргенде төрт нәрсе жасау қажет:

1) Шайтанның және көрген нәрсесінің жаманшылығынан Аллаға сыйынып дұға жасау керек;

2) Сол жағына үш рет түкіру (сүф-сүф деп айту);

3) Жатқан жанбасынан ауысып екіншісімен жату;

4) Ешкімге айтпау.

Осы нәрселерді жасаса, Пайғамбарымыз айтқандай, оған еш зиян тимейді.

Ал кім түсінде Алла Тағаланы кейіпсіз көрсе немесе Пайғамбарымызды көрсе ол хақ. Хадисте:

«Кім мені түсінде көрсе, ол хақ, шайтан менің бейнемде келмейді». Түсті жорытуда өте сақ болу қажет. Хадисте:

«Түс жорылғандай болады, бұның мысалы: бір аяғын көріп, қашан қоярын тосып отырған адам секілді, сондықтан біреулерің түс көрсе, тек жанашыр немесе ғалым адамға айтсын».

Кей адамдар көрмеген нәрсесін көрдім деп әр-түрлі мақсатта өтірік айтады. Пайғамбарымыз мұндайдан өте сақтандырған: «Өтіріктің ең жаманы – екі көзі көрмегенді көрдім деу».

Ал жорушы адам түсті көрген адамнан естігені жақсы, егер ұнатпайтын түс болса немесе толық білмесе, «саған жақсылық», «дұшпаныңа жамандық» деп қана айтуы керек.

Түсті көрген мезетте жорытқан жақсырақ.

Түсті білетін ізгі адамдарға жорытылады, бақсы-балгерге жорытылмайды.

116 1 ER 0.1752
Эрдоған мырза өз елінің азаматынан темекі пачкасын алып, тәубе қылуға шақырып жатыр енді бұндайды қайталамасын деп!

Эрдоған: айт "Ей Аллахым бұл қасиетті жұма күні темекімді қойдым деп!"
Азамат: ИншәАллах.
Эрдоған: ИншәАллахтың мағынасы не? Алла бұйырса, Алла қаласа! Алла нені қалайды? Жақсылықты. Алла Тағала жамандық қаламайды.

8 24 ER 0.1378
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір күндік уақытын қалай реттеген?

Жауап
Бір адамды тану үшін 24 сағаттан тұратын бір күнін білу жеткіліксіз. Ал егер ол өзіне Алладан уахи түсетін, барша адамзатқа дінді жеткізу міндеті, отбасы тәрбиесі бар, түрлі сұрақтарға жауап беріп, көпшілік қамында жүрген пайғамбар болса, онда бір күн емес бүкіл өміріне үңілу керек, өйткені оның бір күні екінші бір күніне еш ұқсамайтын. Өзі де: «Екі күнін бірдей өткізген кісі зиянға ұшырауда», – деп, мұсылмандарды жалқаулықтан тыйған. Алайда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әрбір күні не істегендігі нақты дерек көздерінде жазылмағандықтан, жалпылама айтуға тәуекел еттік. Оның алтын ғасырында уақыттың көпшілігі мешіт төңірегінде өткендіктен, намаздың бес уақытқа бөлінгені секілді Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір күнін бес уақытқа бөлдік.

Таң намазы. Күндік тіршілікті таң намазын оқумен бастайтын. Бірде Үммі Мәктум азан шақырды. Таң намазының сүннетін оқып, мешітке келді. Мешітке үзір себебінен келе алмайтындардан басқа барлық сахабалар жиналып, Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) намаз оқитын. Әдетте, таң намазын оқып болғаннан кейін жайнамаздың үстінде күн толық шыққанға дейін тізерлеп отыратын. Айнала қоршаған сахабаларына иман, Ислам жайлы насихат айтып, сұрақтарына жауап беріп, бірталай мәселелерді талқыға салатын. Осылайша кейбір деректерде он жылдай таң намазынан кейінгі сұхбат жасағаны айтылады. Осы таңғы уағыз арқылы сахабаларға дінді түп-тұқиянына дейін үйрете білген. Жақсы түс көргендердің түсін жорып беретін. Кейде өзі көрген түсін айтатын.

Күн найза бойы көтерілгенде кейде төрт, кейде сегіз рәкат дұха намазын оқитын. Таң намазынан бастап дұха уақытына дейінгі уақыт өте берекелі уақыт. Бір хадисінде: «Әлдекім таң намазын оқып, сол жерде күтіп, екі рәкат дұха намазын оқығанға дейін тек қайырлы нәрселер айтса, күнәлары теңіздің көбігіндей болса да кешіріледі»[1] деген. Дұха намазынан кейін егер бір жұмысы шықпаса, үйіне барып, талғажау етерлік бір нәрсенің бар-жоғын сұрайтын. Егер жоқ десе, ауыз бекітіп, сол күнін оразамен өткізетін. Ал егер бар болса, жеп-ішетін, тамақ талғамайтын. Көбіне-көп аш құрсақ жүретін. Үйінде көбінесе құрма мен су ғана болатын. «Мен Алланың құлымын, құл секілді тамақтанамын», – деп, ас үшін аса қайғырмайтын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бесін намазының алдында қысқа уақытқа көз шырымын алатын. Ал жұма күндері жұма намазын оқығаннан кейін сәл мызғып алатын.

Бесін намазы. Уақыты кіргенде сахабаларымен бірге мешітте бесін намазын оқитын. Ал жұма күні жамағат жиналғанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзіне тән кішіпейілдікпен бөлмесінен шығып, жұрттың сәлемін алатын. Сосын мінберге шығып жұртқа өзі сәлем беретін. Азан оқылғаннан кейін дереу құтбаны бастайтын. Құтба оқығанда адамдар жалықпасын деп ортасында үзіліс жасайтын. Құтбасын жұрт шешімін таба алмай жүр-ау деген тақырыптарға арнайтын.

Намаздан кейін сахабаларын зиярат етіп, жағдай сұрап, қоғамдық істерге зер салып, уахи жолымен түскен аяттарды Құран жазушы сахабаларға жаздыратын. Егер Алладан бұйрық келсе, жалпақ жұртқа бірден жеткізетін.

Ислам дінін қабылдаған ру-тайпалар Пайғамбарымызбен жолығуға келетін. Алла елшісі (с.ғ.с.) оларды күтіп алып, дінді жеңіл түсіндіріп, қонақ ететін. Кетерінде оларға сыйлық сыйлайтын.

Екінті намазы. Екінті намазының уақыты кіргенде, Біләл зор даусымен азан айтып, барша мұсылмандарды намазға шақыратын, барлығы Пайғамбарымызбен намаз оқитын. Намаз соңында ұзағынан зікір ететін, өйткені бір хадисте: «Түнде бір топ, күндіз бір топ періштелер сіздермен бірге болады. Бұлар таң мен екінті намаздарында өзара кезек алмасады. Алла намаз оқыған пенделерін жақсы білсе де періштелерден: «Сендер кеткенде, құлдарым не істеп жатқан еді?» – деп сұрайды. Олар: «Олар намаз оқып жатқанда кеттік және біз барғанда да олар намаз оқып тұрған болатын»[2] деп жауап береді делінген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өте қарапайым өмір сүргендіктен үйдің кейбір істерін өзі істейтін, әйелдеріне жәрдем беретін. Жағдай сұрап, мұң-мұқтажын тыңдап, көмектесетін.

Ақшам намазы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күн батпай тұрып ақшам намазын күтетін. Намаз уақыты кірісімен азан айтылып, қамат түсіріліп, сахабаларымен бірге парыз намазды, сосын сүннетін оқитын. Одан қала берді, әууәбин намазын оқып, басқаларды да осы намазды оқуға қызықтыратын. Намаздан кейін қай әйелінің үйіне бару керек болса, соның үйіне барып, барлық жұбайы сол жерге жиналып, отбасы болып сұхбат құратын. Осы негізде әйелдері, діни үкімдерді үйреніп, кейінгі ұрпаққа жеткізуге зор үлестерін қосты.

Құптан намазы. Құптан намазынан кейін аса маңызды іс туындамаса, бос сөйлесуді жаны қаламайтын, намаздан кейін ұйқыға бас қоятын[3]. Айша анамыз оның ұйқы алдында дұға еткендігі жайлы былай дейді: «Алла елшісі әр күні жатар алдында екі қолын жай- ып, «Ықылас», «Фалақ», «Нас» сүрелерін оқып қолына үрлейді де, басынан бастап, денесінің қолы жететін барлық жерін сипайтын. Мұны үш мәрте жасайтын»[4]. Сонымен қатар, Али (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі Фатима екеумізге мынаны өсиет етті: «Жатар алдында 33 мәрте Аллаһу акбар, 33 мәрте субханаллаһ, 33 мәрте әл-хамду лиллаһ» деңдер». Али (р.а.) сол күннен кейін мұны еш тәрк етпегендігін айтқанда бір кісі: «Соғыс кезінде де тастамадың ба?» – деп сұрағанда, ол: «Иә», – деп жауап береді[5].

Кешқұрым үйінен көп шықпайтын. Ілуде кештетіп шыққандығын мына хадистен біле аламыз: Бір күні кешкісін Алла елшісі (с.ғ.с.) Әбу Бәкір мен Омарға барады. Әбу Бәкірдің өте бәсең дауыспен, ал Омардың зор дауыспен Құран оқып жатқанын көреді. Таң атқанда екеуімен жолығып, Әбу Бәкірге Құран оқығанда даусын біраз көтеруін, ал Омардың біраз даусын төмендетуін айтады. Әбу Бәкірге дауыстап оқы деу арқылы оның даусын айналасындағылар естісін, Алланың жалғыздығын ұқсын, білсін дегендей. Ал Омарға даусыңды біраз бәсеңдет деуі, айналасындағы намаз оқып тұрған адамдарға кедергі келтірмесін, күндізгі тіршілігінен шаршап ұйықтап жатқандарды мазаламасын дегендей[6].

Ұйқыға жатқанда, әрдайым оң қырымен жатып, оң қолын жастанатын. Анда-санда төсекте жатқаны болмаса, көбіне кепкен тері үстінде, қамыстан жасалған төсеніште, топырақ үстінде ұйықтайтын.

Түнгі құлшылыққа ерекше мән беретін. Аяғы іскенге дейін намаз оқитын. Тәһәжжүдте «Бақара», «Әли Имран», «Ниса» сияқты ұзын сүрелерді оқушы еді.

Жатарда дәрет алатын суы мен мисуағын бас жағына дайындап қойып, оянғанда алдымен тісін тазалайтын.

[1] Тирмизи, Үтір, 15
[2] Бұхари, Мауақитус-саләт 555
[3] Ұйықтамас бұрын «Исра», «Зүмәр», «Хадид», «Хашр», «Саф», «Тәғабун» және «Жұма» сынды сүрелерді оқитын.
[4] Бұхари, Фадаилул-Құран 14
[5] Муслим, Зікір 80
[6] Сахаренфури, Базлул-мажһуд, 7/89

130 6 ER 0.1813
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУҒА ҚИНАЛСАҢЫЗ ИСТИХАРА ДҰҒАСЫН ОҚЫҢЫЗ!

Истихара сөзі – бір нәрсенің жақсысын, қайырын, игілігін тілеу. Истихара намазы жақсы істердің қайсысы өз үшін қайырлы әрі жақсы болатындығына рухани ишарат білу мақсатымен оқылатын екі рәкат намаз. Алғашқы рәкатта «Кафирун», екінші рәкатта «Ықылас» сүресін оқу – мұстахап. Намаздан кейін «истихара» дұғасы оқылады. Дұғаны оқығаннан кейін жүрегінің қанағат еткеніне қарай әрекет етеді.

Осы намаздың дәлелі мынау: Жабир ибн Абдилла: «Алла Елшісі (ﷺ) Құраннан сүре үйреткендей истихараны үйретіп былай деді: «Кімде-кім бір іс жасамаққа ниеттенгенде, парыздан тыс екі рәкат намаз оқып, мына дұғаны оқысын:

Оқылуы: أللهُمَّ اِنِّى اَسْتَخِيرُكَ بِعِلْمِكَ وَ اَسْتَقْدِرُكَ بِقُدْرَتِكَ وَ اَسْئَلُكَ مِنْ فَضْلِكَ الْعَظيمِ فَاِنَّكَ تَقْدِرُ وَ لاَ اَقْدِرُ وَ تَعْلَمُ وَ لاَ اَعْلَمُ وَ اَنْتَ عَلاَّمُ الْغيوبِ. أللهُمَّ اِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ اَنَّ هَذا الأَمْرَ خَيْرٌ لي في دِينِى وَ مَعَاشِي وَ عاقِبَةِ اَمْرِى وَ عاجِلِ اَمْرِى وَ آجِلِهِ فاقْدُرْهُ ليِ وَ يَسِّرْهُ لي ثُمَّ بٍارِكْ لِيَ فِيهِ.وَ اِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ اَنَّ هَذا الاَمْرَ شَرٌّ لي في ديني وَ مَعاشِى وَ عاقِبَةِ اَمْرِى وَ عاجِلِ اَمْرِى وَ آجِلِهِ فاصْرِفْهُ عَنِّى وَاصْرِفْنِى عَنْهُ فاقْدُرْ ليَِ الْخَيْرَ حَيْثُ كانَ ثُمَّ اَرْضِنِى بِهِ

«Аллаһуммә инни әстажирукә би илмикә уә әстақдирукә би қудрәтикә уә әс-әлукә мин фадликәл-азим. Фә иннәкә тақдиру уә ләә ақдиру уә та'ләму уә ләә а’ләму уә әнтә алламул-ғуйууб. Аллаһуммә. Ин кунтә та’ләму әннә һәзәл-әмрә хайрун ли фи дини уә мә-аши уә ақибәти әмри уә аажили әмри уә әәжилиһи фақдирһу ли уә иассирһу ли суммә баарик ли фиһи. Уә ин кунтә та’ләму әннә һәзәл-әмрә шәррун ли фи дини уә мә-аши уә ақибәти әмри уә аажили уә әәжилиһи фәс-рифһу анни уәс-срифни анһу фақдур лиәл-хайрә хайсу кәнә суммә ардини биһи»

«Аллаһым! Іліміңе сеніп, мен Сенен ниеттенген ісімнің жақсылығының белгісін тілеймін. Құдіретіңе сеніп, Сенен күш-қуат сұраймын. Жақсылыққа жетуімді сенің асқан рақымдылығыңнан тілеймін. Өйткені, Сенің барлық нәрсеге күшің жетеді. Менің күшім жетпек емес. Сен күллі нәрсені білесің. Мен білмеймін. Сен ғайып әлемді тұтас білесің. Аллаһым! Сен бұл іс менің дінім, өмірім, ісімнің ақырын немесе дүние мен ақыретіме пайдалы болса, осыны маған нәсіп ет. Одан кейін маған мол береке бер. Ал егер бұл іс менің дінім, өмірім, ісімнің ақырына және дүние мен ақырет әлеміме жаманат әкелетін болса, менен алыстат. Мені де одан алыстат. Жүрегімде оған деген иілу ізін қалдырма. Жақсылыққа, тек жақсылыққа жеткіз. Содан кейін онымен мені разы ет».

Осыдан кейін мәселе айқындалмаса, намаз бен дұғаны жеті күн қайталау қажет. Пайғамбарымыз (ﷺ) Әнасқа былай дейді:

«Әнас! Бір іс жасағың келсе, Раббыңа истихара намазы мен истихара дұғасын жеті рет қайтала. Содан кейін жүрегің қалағанын ойла. Жақсылық сол жерде».

Истихара намазын күндіз оқуға болатыны сияқты толық ынта бөліп, кешке жатардың алдында да оқуға болады. Алла Тағала білінуі үміт етілген істі түсінде ишарат жолдары арқылы білдіруі мүмкін. Жоғарыда көрсетілген истихара дұғасының арабшасын айту шарт емес. Қазақша мағынасын айтса да болады.

125 3 ER 0.1708
АҚША МЕН БАЙЛЫҚ СҰРАЙТЫН ДҰҒАЛАР ТОПТАМАСЫ

1. «Я, Алла! Сенің рахымыңнан үміт етемін. Мені бір мезетке болса да өз нәпсіме тастама, әрі менің барлық жұмыстарымды оңда, Сенен басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ!»

«Аллаһуммә, рахмәтәкә әржу, фә лә тәкилни илә нәфси тарфәтә ‘айнин, уә аслих ли шә’ни кулләһу, лә иләһа иллә Әнта!» (Әбу Дәуд).

2. «Сенен басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ. Сен (кемшілік атаулыдан) Пәксің. Расында, мен (өзіме) зұлымдық жасаушылардан болдым» «Лә иләһа иллә Әнта, субхәнәкә, инни қунту минә-з-золимин!»

Бұл дұғаны Юнус пайғамбар (а.с) киттің ішінде отырғанда оқыған. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Осы дұғаны қай мүмін оқыса да, Алла Тағала оны қабыл етеді», - деген. (Тирмизи).

3. «Я, Алла, мен үшін менің барлық ісімде маған қорған болатын дінімді реттеп бер (яғни дінді дұрыстап ұстағанға жердем бер), сондай-ақ мен өмір сүріп отырған осы дүниені реттеп бер (яғни осы дүниеде керектің бәрін маған халал етіп бер), сондай-ақ мен оған оралатын мәңгілік өмірді реттеп бер, сондай-ақ маған өмірімді тек игілік әкелетін еткіз, сондай-ақ мен үшін өлімімді барлық зұлымдықтан құтылдырушы еткіз!»

«Аллаһумма, аслих ли дини алләзи һуа 'исмату амри, уә аслих ли дунйайа алләти фи-һа ма'аши, уә аслих ли ахырати алляти фи-һа ма'ади, уа-дж'али-ль-хайата зийадатан ли фи кулли хайрин, уа-дж'али-ль-маута рахатан ли мин кулли шаррин!» (Муслим)

4. Әбу Умама (оған Алла разы болсын) былай дейді:

«Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаға көптеген дұғалар жасайтын да, оларды біз есімізде сақтай алмайтынбыз, сосын бірде біз оған: «Я, Алланың елшісі, сен Аллаға көптеген дұға жасап, оларды біз есімізде сақтай алмадық!», - дедік. Бұнымызға Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:

«Сендерге осының бәрін біріктіретінді үйретейін бе? Былай деңдер:

«Я, Алла, мен Өзіңнен Сенің Пайғамбарың Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сұраған игілікті сұраймын және Өзіңнен Сенің Пайғамбарың Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), сыйынған барлық зұлымдығынан сыйынамын! Көмекті Өзіңнен ғана сұрау қажет, ал дұғаны қабыл етуді Өзің ғана шешесің және Алладан басқа ешкімде күш-қуат жоқ!»

«Аллаһумма, инни ас'алю-кә мин хайри ма са'аля-кә мин-һу набийу-кә Мухаммадун, салля-Ллаху 'аляй-һи уа салләма, уа а'узу би-кә мин шарри маста'аза мин-һу набийу-кә Мухаммадун, салля-Ллаху 'аляй-һи уа салләма! Уа Анта-ль-муста'ану, уа 'аляй-кә-ль-бәлағу уа ля хаулә уа лә қууәта иллә би-Лләһи!» (Тирмизи).

5. «Я, Алла! Бізге бұл дүниенің де жақсылығын бере гөр, ақыреттің де жақсылығын бере гөр және бізді тозақ азабынан сақта» "Аллаһума әтина фи-д-дуниә хәсәнә, уа фи-ль-әхирати хәсәнә, уа қина ғәзааб-ан-нәр" (Бұхари, Муслим)

6. Бір кісі Хазіреті Әлиге (р.а) келіп қарызға батып, құтылуға шамасы келмей жатқанын айтып, мұңын шағады да, көмек сұрайды. Сонда ол кісі:

«Мен саған бізге Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйреткен сөздерді айтайын. Егер оларды айтсаң, қарызың Сир тауындай болса да, Алла оларды өтейді», - деп келесі сөздерді үйретеді:

«Я, Алла! Мені халал еткен нәрселерің арқылы харам еткен нәрселеріңе жүгінуден сақтай гөр, әрі Өз кеңшілігіңмен мені Өзіңнен басқаларға мұқтаж етпе!»

«Аллаһуммәкфини би хәләликә ъән хәромикә уә әғнини бифадликә ъәммән сиуәк». (Тирмизи)

7. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер әлдекімді уайым мен мазасыздық басатын болса, осы дұғаны айтсын. Сонда Алла оның уайымын кетіріп, орнын қуаныш пен шаттыққа ауыстырады», - деген:

«Я, Алла, шын мәнінде, мен Сенің құлыңмын. Сенің құлың мен күңіңнің ұлымын. Менің тағдырым Сенің қолында. Сенің шешімің маған міндет әрі маған шығарған үкімің әділ. Саған тән болған барлық есімдеріңмен, Өзіңді атаған немесе Кітабыңда түсірген, немесе жаратылғандарыңның біріне үйреткен, немесе Өзіңнен басқаға құпия еткен барлық есімдеріңмен Өзіңе жалбарынамын: Құранды жүрегімнің көктемі, кеудемнің нұры, әрі мазасыздығым мен уайымымды әкетуші ете гөр!»

«Аллаһуммә, инни ‘абдукә, ибну ‘абдикә, ибну әмәтикә, нәсыйяти би-йәдикә, мәдын фийә хукмукә, ‘адлун фи-йә қадоукә, әс-әлукә би-кулли исмин һууә ләкә, сәммәйтә биһи нәфсәкә, әу әнзәлтәһу фи китәбикә, әу ‘алләмтәһу әхәдән мин халқикә, әу истә'сәртә биһи фи ‘илми-л-ғайби ‘индәкә, ән тәж’алә-л-Қур'әнә раби’а қалби, уә нура садри, уә жәлә-ә хузнии уә зәһәбә һәмми!» (Ахмад)

158 8 ER 0.1849