Статистика ВК сообщества "ДІН ӘЛЕМІ {ХАҚ}"

0+
ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫН ҰҒЫНУ АСА МАҢЫЗДЫ ІС!

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Абай атамыз айтқан екен....

1. Құдайдан – қорық, пендеден – ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!
2. Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.
3. Қайғысыздың бәрі асау.
4. Өлейін деп өлмейді өлерік жан.
5. Распенен таласпа.
6. Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.
7. Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды.
8. Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді.
9. Мұңдасқан көңілде кір қалмайды.
10. Өзі жат елде қайыршылық қылып жүріп, елін бай деп мақтайтындар – құдай қарғағандар.
11. Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.
12. Жүректі қозғайтын – жастықтың оты.
13. Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар.
14. Сен асыққан екен деп, Алла әмірін өзгертпес.
15. Арлану ақылдының ісі.
16. Пенде өлмейді арманнан.
17. Бір қылығың жағып күнде жақсы болмайсың.
18. Сынық қанат көбелек – ол да өмір іздемек.

28 5 ER 1.9043
Ауыз ашуға ниеттеніп отырған бауырлар оразаларыңыз қабыл болсын!

2 20 ER 1.5327
Әлем қанша лас болса да, таза арыңа дақ түсірме, қарындасым...

3 2 ER 1.2546
Жеті ұрпақ
1.Ата. 2.Әке. 3.Бала. 4.Немере. 5.Шөбере. 6.Шөпшек. 7.Немене.

Жеті ата
1.Бала. 2.Әке. 3.Ата. 4.Арғы ата. 5.Баба. 6.Түп ата. 7.Тек ата.

Жеті қазына
1.Ер жігіт. 2.Сұлу әйел. 3.Ақыл, білім. 4.Жүйрік ат. 5.Қыран бүркіт. 6.Берен мылтық. 7.Құмай тазы (ит).

35 5 ER 1.6161
- Қарыз алған жақсы ма? – депті қарт.
- Ата, қарыз қайғы әкеледі, - депті жігіт.
- Дұрыс, балам, ақылың болса – қарыз алма. Есіңде болсын, ханнан қарыз алма – өтей алмасаң басың кетеді, байдан қарыз алма – малың кетеді, досыңнан қарыз алма – берекең кетеді, әйелден қарыз алма – өміріңді келеке етеді, қарттан қарыз алма – алғаның көрге бірге кетеді, көршіңнен қарыз алма – бала-шағаң жылаумен өтеді, қасыңнан қарыз алма – өтей алмасаң үйің кетеді. Қарыз алсаң - қайтаруын біл. Қарызды көп алған – қайғырумен күнін өткізеді. Қарыз – от, өшіре алмайсың, - депті қарт.

21 0 ER 1.0813
Бір әйелдің күйеуі қайтыс болып, балаларымен жесір қалады.

Отағасының орны ойсыраса да, есімі өшпес үшін әйелі күйеуінің сырт киімін кіреберіске іліп қояды да, ай сайын қалтасына біршама ақша салып қояды екен.

Балалары өзінен ақша сұрағанда әйел: «Балапандарым, ақшаны әкелеріңнің қалтасынан алыңдар», - дейді екен «Әке» деген асқар ұғымның балаларының жадында үнемі жаңғырып тұруы үшін.

5 3 ER 0.9806
Тезекте піскен нан, қазанда асылған ет, самауырда қайнаған шәй! Неткен керемет иә? Ауыл деген тамаша ғой!

2 5 ER 0.9624
Көпшіліктің көзінше анасының аяғын сүйді...

Сіздің пікіріңіз?

2 9 ER 0.7949
"ӨТІП КЕТ, ҚАЙНЫМ!"

Аналар тақырыбында қалам тербеген жазушы Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан" романында мынадай бір дерек келтірілген:

"Ұлпан үлкендерге бұрылып сәлем берді. Шынар да соны істеді, ұялыңқырап, бетін жаулығымен бүркемелеп сәлем берді»
Бұл мысал қазақ әйелінің бойындағы ізгілік оның инабаттылығымен өлшенетіндігін, қазақ аналарының арлы, ибалы болғанын көрсетсе, жазушы Қабдеш Жұмаділовтің "Бақыт жолында" деп аталатын романында қазақ әйелінің жарқын бейнесі былайша сомдалады:

"...Жәнібек елең етіп қарап еді, бір келіншек пен жастау қыз бастаудан су әкеле жатыр екен. Солар өтіп кетсін деп сәл аялдады. Бірақ аналар орнынан қозғалар емес, тосып тұр. Бұл ештеңеге түсінбей аңырып беттеріне қарады.
- Өтіп кет, қайным, - деді келіншек, - Жолыңды кеспейік деп әдейі тұрмыз..."
(Қ.Жұмаділов. "Бақыт жолында")

Шариғат бойынша шынында да әйел адам ер адамның алдына түспей, оны өткізіп жіберуі керек, жол беруі керек.
Осы тұрғыдан алғанда жоғарыда келтірілген бұл мысалдар қазақ әйелдерінің иманды, текті болғанын, шариғаттан аттамаған есті, тәрбиелі болғанын аңғартса керек 👍

6 3 ER 0.7824
Жұма мүбарак болсын! Алла дұға-тілектеріңізді қабыл етсін!
ƏУМИН деп қойыңыз 🤲

2 0 ER 0.7259