Статистика ВК сообщества "Кітап же!"

0+
Көп оқысаң аз еліктейсің.

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Түйсігіңмен ойлай біл. Джон Кехо 📖

Джон Кехо – нөлден бастап, ерекше тәсілдермен өзін-өзі қолдан жасаған адам. Ол әуелі Британ колониясының алыс провинциясына орман ішіне кетіп, сонда үш жыл өмір сүрген. Онда Джон Кехо қандай жағдай болмасын, аман қалу мүмкін екеніне көз жеткізді.

104 бет.

#Түйсігіңмен_ойлай_біл #Джон_Кехо

26 2 ER 0.4524
Имам Ғазали. Жүректің сырлары

«Жүректің сырлары» кітабын Имам Ғазали жазған. Әулие кісі. Жүректі кеселдерден қалай аман сақтау керектігін керемет айтады. Дүниеге шектен тыс құмарлық, тәкаппарлық, ашкөздік, көреалмаушылық, қызғаншақтық, екіжүзділіктен арылудың, емделудің тәсілдерін жазған. Бұл кітапты бір отырғанда бітіріп тастау жүрегіңе ауыр болады. Күн сайын бір беттен оқып тұрсаң, лайықты дозасын алғанмен тең.

282 бет.

#Имам_Ғазали
#Жүректің_сырлары

48 0 ER 0.5404
Орысша білу мәдениеттің белгісі емес ешқандай. Басқа да тілдер өте көп. Қазақ тілінде сөйлеу нағыз мәдениеттің белгісі.

8 0 ER 0.3179
Руми Мәулана Желалиттин. Маснауи Мағнауи

Батыста Руми атымен әйгілі Мәулана Мухаммед Жәлалиддин (1207-1273) бүкіл замандардың ен үлкен мистик және рухани ақындарынан бірі. Ол адамзаттың ең биік төбелерінде орналасқан түпсіз заңғар. Оның рухани жолдамалары бүгінгі таңда бүкіл дүниеде, миллиондаған адамның көңіліне жарық шашуда. Бір сөзбен айтқанда, Руми діннің ғашыктық жағын, сопылықты және жыр өнерін бірлестірген.
Адамзаттың қазіргі таңымыздағы жағдайы терең бір рухани кемшілікті көрсетуде. Проблемалардың шешілмеуі үлкен бір қиындық болып алдымызға шығуда. Қиындықтарды Румидің шексіз ғашық және рухани еріктік жолдамаларымен аса алатынымызға сенімдіміз. Бұл жолдамалар дін, тіл, ұлт және тағы басқа осы сияқты шектеу қоймадан әркімге жолдануда. Руми мұны жұмсақ тілмен былай айтуда «егер есіктеріңізге тек қана жақсылар келсе, жамандар кайда барсын».
Түрік тілінен аударған: Майлыбаева Шарапат Серікбайқызы.

#Руми_Мәулана_Желалиттин. #Маснауи_Мағнауи

28 4 ER 0.3856
Сүлеймен патшаның кеніші. Райдер Хаггард 📖

Роман алғашқы бетінен бастап соңғы бетіне дейін оқушының бар назарынжаулап аларлықтай қызғылықты хикаяға құрылған. Жазушы өз кейіпкерлерін шытырманнан шытырманға бастайды. Не түрлі қиын халдерге түсіреді. Роман кейіпкерлері хикмет атаулының барлығынан өздерінің асқан табандылығы, жанкешті ерлігі, ақыл-парасатының арқасында аман шығып отырады.

281 бет.

#сүлеймен_патшаның_кеніші #Райдер_Хаггард

7 0 ER 0.2515
Ежелгі Бабылдағы ең бай адам. Джордж Клейсон 📖

«Вавилондағы ең бай адам» – Джордж Самуел Клейсонның жеке қаржы сауаттылығына арналған кітабы. 1926 жылы жазылған бұл кітап сол кезде-ақ бестселлерге айналып үлгерген. Ең қызығы, кезінде қаржыгерлер мен сақтандыру компанияларының қызметкерлері сүйіп оқитын кітап бүгінде қалың көпшіліктің сұранысына ие. Клейсон бестселлер кітабын археологиялық қазбалар барысында табылған тақтайшалар негізінде жазған деседі. Алайда бұл автордың қиялынан туындаған оқиға болуы әбден мүмкін. Джордж Клейсон деген кім? ... Ал 1926 жылы ежелгі Бабыр нақылдарын мысалға келтіре отырып, экономика және қаржылық жетістік туралы кітап жазды. Сөйтіп миллиондардың сүйіспеншілігіне бөленді.

103 бет.

#Ежелгі_Бабылдағы_ең_бай_адам #Джордж_Клейсон

20 0 ER 0.3037
Отыз жетінші жылдың балалары. Төлек Тілеухан 📖

Романда әке-шешелерi отыз жетiншi жылы қуғынға ұшырап кеткен үш сәбидiң тағдырларына араша түскен қарт әйелдiң сонау Сiбiрге дейiн балаларын iздеп барған ерлiкке пара-пар iс-қылықтары бейнеленген. Орысша бiр ауыз сөз бiлмейтiн, қалтасында көк тиын қаржысы жоқ, бұрын-соңды ауыл айналасынан шығып көрмеген қазақ әйелi қайсарлық пен төзiмдiлiктiң керемет үлгiлерiн көрсетедi.

748 бет.

#Отыз_жетінші_жылдың_балалары #Төлек_Тілеухан

9 0 ER 0.2369
Мұқағали Мақатаевтың 5 томдық шығармаларын назарларыңызға ұсынамыз. Ақын барлық өлеңдері қамтылған.

#Мұқағали_Мақатаев_шығармалары

17 0 ER 0.2623
Алтын орда. Ілияс Есенберлин 📖

Бұл романда қазақ тарихындағы ХІVғасырдың басынан бастап, XV ғасырдың алғашқы жиырма жылдығы аралығындағы оқиғалар қамтылған.

744 бет.

#Алтын_орда #Ілияс_Есенберлин

16 0 ER 0.2733
Түркі мемлекеттерінің тарихы, Л. Динашева, А. Пала. - Алматы, 2014.

Түркі мемлекеттерінің тарихы бойынша ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі материалдарды қамтиды. Мұнда түркі халықтарының мемлекеттік құрылысы, шаруашылығы, әскери жорықтары, діни наным-сенімдері мен мәдениеті, түркілердің адамзат өркениетіне қосқан үлесі жан-жақты баяндалады.

12 0 ER 0.1778