Бірде кино түсірілімнен кейін жаңбыр қатты жауып кетті. Меруертті шығарып салмақ ниетпен, артынан ере жүрдім. Маған қарайтын түрі жоқ. Ішімнен: ”Құдайым, қазір тайып жығылса екен”-деп, тілеп келемін. Алла тілеуімді берді. Батпаққа тайып, жалп етіп құлады. Жүгіріп барып, сүйеп тұрғыздым. Міне, содан бастап екеуміз жақын сөйлесіп кеттік...
(с) Құман Тастанбеков
Количество постов 34 367
Частота постов 17 часов 1 минута
ER
0.40
70.21%
29.79%
20.00% подписчиков от 30 до 45
88.21%
9.74%
0.51%
0.00%
Нет на рекламных биржах
Графики роста подписчиков
Лучшие посты
Мені сүйме, сыйлай білші оданда,
Сүю көп те, сыйлау аз ғой қоғамда.
Сүйіп тұрып сырқыратсаң сүйекті,
Біреу сүйген сыйсыз адам болам да!
Мені сүйме, сыйла, жаным, дұрысы,
Сыйластықта сезімдердің ұлысы.
Сүю деген тым ыстық қой күйдірер,
Ал сыйластық жанға жағар жылысы.
Мені сүймей, сыйлай білсең болады,
Сыйластыққа көңілім де толады.
Бұл жүрегім сүйгендерден безсе де,
Сыйласқанды ұнатады ол әлі.
Сондықтан да сый күтемін сенен мен,
Сый арқылы, нәр алайық тереңнен.
Сүю деген нәзік сезім, білемін,
Сыйластығым одан артық дегенмен.
Мені сүйме, сыйлай білші оданда,
Қиын емес, үйренесің оған да.
Махаббатта сүю керек, түсінем,
Сыйлай жүріп, сүйсең қарсы болам ба?
Сүю көп те, сыйлау аз ғой қоғамда.
Сүйіп тұрып сырқыратсаң сүйекті,
Біреу сүйген сыйсыз адам болам да!
Мені сүйме, сыйла, жаным, дұрысы,
Сыйластықта сезімдердің ұлысы.
Сүю деген тым ыстық қой күйдірер,
Ал сыйластық жанға жағар жылысы.
Мені сүймей, сыйлай білсең болады,
Сыйластыққа көңілім де толады.
Бұл жүрегім сүйгендерден безсе де,
Сыйласқанды ұнатады ол әлі.
Сондықтан да сый күтемін сенен мен,
Сый арқылы, нәр алайық тереңнен.
Сүю деген нәзік сезім, білемін,
Сыйластығым одан артық дегенмен.
Мені сүйме, сыйлай білші оданда,
Қиын емес, үйренесің оған да.
Махаббатта сүю керек, түсінем,
Сыйлай жүріп, сүйсең қарсы болам ба?
Иманды жарға ғашық ет, Күнәлі істен қашық ет.
Қолынан ұстап Жәннәтқа Кіруді бірге нәсіп ет!

Бір жігіт өзінің үйінде достарымен туған күнін тойлап жатты.
Жұмыстан кеш оралған әкесі баласына:
- Үйге асығып келе жатып, жолда бір кісіні қағып кеттім. Ол кісі оқиға орнында қөз жұмды. Бірақ оны ешкім көрген жоқ. Мен қорыққанымнан ол өлікті жүк салғышқа салып қойдым. Сен осыны достарыңа түсіндіріп айтып, ол кісінің денесін алыс жерге көміп келіңдерші, - дейді.
Баласы достарына мән жайды түсіндіріп айтады. Көңіл көтеріп жатқан достары бұл жағдайдан соң шаруа шығып қалғанын айтып, бастарын алып қашады. Жігітпен тек өзінің сүйіктісі және бала кезден келе жатқан досы ғана қалады.
Олар қорқынышты сезіммен көліктің жанына келіп жүк салғышты сабырмен ашады.
Ал жүк салғышта ешқандай өлік жоқ, оның орнына үлкен торт, бағалы сыйлықтар және "Нағыз достарың аман болсын" деп жазылған жазуларды көреді...

Алла сенің қиналып жүргеніңді біледі. Ол сені жақсы көреді. Қиындықтарыңның артынан қуаныштар келеді, күт...
Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып,аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.
(с) Фариза Оңғарсынова
Бой алдырып,аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.
(с) Фариза Оңғарсынова
Ер мен Әйел
«Ерді ер ететін де әйел, қара жер ететін де әйел» - дейді. Иә, ер кісінің өсіп өркендеуі, елге сыйлы азамат болуы немесе керісінше, адамдық жолдан таюы да әйелдерге тікелей байланысты.
Бір кісі әйелінің пәктігінен, тазалығынан, күйеуіне деген ерекше ықыласпен көңіл бөлгендігінен күндіз де жұлдыздарды көретін қырағы болып кетіпті. Әйелі күйеуінің киімін әрқашан таза ұстап, тамағын дәмді етіп әзірлеп, жататын орнын уақытында дайындап, жарының қас-қабағына қарап, жағдайын жасайтын болса ер адамның көңілі жайланып, ділі рахаттанып, ақылы зерек болып, көзі қырағы болып өткірленеді екен. Барлық ісінде береке табады. Бір күні күйеуі әйеліне мақтанып:
«Өзгелер түнде әрең көретін жұлдыздарды мен күндіздің өзінде көре беремін. Сен осындай күйеуің барына мақтансаң болады» дейді.
Әйелі:
«Мырзам, бұл менің қызметімнің, сізге деген ықыласты көңілімнің арқасында» десе:
«Жоқ, бұл жерде сенің еш қатысың жоқ. Бұл маған құдайдың берген ерекше қасиеті» деп басынан сөз асырмайды. Әйелі күйеуінің бұл сөздеріне үн қатпастан жүре берді. Алайда бұрынғыдай көңіл бөлуін сиретеді. Тамақ бергенде ыдыстардың тазалығына аса көңіл бөлмейді, киімдері аптасына бір рет ауыстырылатын болды, жатын жері де жайсыз тартты. Әлгі кісі күндіздің өзінде аяқ астындағыны көрмей, сүрініп-шалынып, бүгін естіген әңгімесін ертең ұмытып қалатын болды.
Сосын әйеліне:
«Қымбаттым, алдыңғы ықыласты көңіліңді, алдыңғы құрметіңді жасай бер, мендегі қасиет, берекет, зейін өткірлік, ақыл зеректік сенің себепкерлігіңмен екен. Менің қателігімді кешір!» - дейді.
Әйелі:
«Алла барлығымыздың қателіктерімізді кешірсін. Қатесіз адам болмайды. Менің сізге жасап жатқан қызметімді Алла білсе, Алла разы болса және сіз разы болсаңыз мен жәннаттық болармын», - деп жауап береді.

Εpкeк кeшіpмeйді, oл ұмытaды, aл әйeл - oл бәpін кeшіpeді, біpaқ eшқaшaн ұмытпaйды..