Статистика ВК сообщества "Newqazaq.kz"

0+
Кірдіңіз бе? Тіркеліңіз!!! 2022 Жыл

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

2021 жылы Қазақстан Республикасындағы мереке және демалыс күндері!

5 1 ER 0.1036
Админ осы парақшаны дамытам деген өзім жеке кәсібімді ашам деген адам ға табыстауға дайын бағәсы келсім бойынша. Жеқе хат ашық [id565266973|Облыс]
Админ басқа еңбек жолын таңдады!

1 0 ER 0.0239
Пайғамбарымыз былай деген:

“Иман екі бөліктен тұрады. Жартысы — сабыр, екінші жартысы — шүкіршілік”.

0 0 ER 0.0080
Адам өмірінде 3 кезең бар:

1. Жасөспірімдік кезеңі - сенде уақыт та, қайрат та бар, бірақ қаражат жоқ.
2. Ересектік кезеңі - сенде қайрат та, қаражат та бар, бірақ уақыт жоқ.
3. Қарттық кезеңі - сенде уақыт та, қаражат та бар, бірақ қайрат жоқ.
Өмір деген осы!!! Бір нәрсе берсе, бір нәрсе алады.

0 0 ER 0.0080
СТУДЕНТ – ӨЗ ҚАЛАҢДЫ БІЛЕСІҢ БЕ?
«Туған жер» деген cөздің киелі қасиетін сезініп көрдіңіз бе? Естіген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі әр адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббаттың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы орындалуға міндетті бағыттардың бірі болды. Бағдарламаның мәні неде? Бағдарламада оның үш ерекшелігі анық көрсетілген.
«Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді».
«Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек».
«Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс». «Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек».
«Туған жер» бағдарламасының жаппай халық арасында үлкен күшке ие болуы, жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялату үлкен міндет. Берілген тапсырманың үдесінен шығу ғана емес, оны бүгінгі күнмен өлшемей, ертеңгі ұрпаққа жету үшін еңбек ету – басты парыз.
«Туған жерге туыңды тік!» - деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез-келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлау білуі керек.
Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал. Сондықтан, білім беру саласында өлкентану жұмыстарын жүргізіп, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру қажет. «Туған жер» бағдарламасының мәні – осында.
Яғни, әрбір адам өз тарихын терең біліп қана қоймай, заман талабына сай қасиеттерге де ие болуы керек. Сондықтан, қазір «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламаларын жүзеге асыру маңызды.
Қазақ елінің бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамуға ұмтылуы заңдылық. Дегенмен, ең бастысы жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық ерекшелігімізді, құндылығымызды сақтай білуіміз керек. ХХІ ғасырдағы рухани жаңғырудың мәні осыда болмақ.
Рухани жаңғыру ол – өткенді қайта жаңғырту, оның тарихын ұрпаққа түсіндіру. Осы тұрғыда жастардың туған жеріне деген білімі мен патриоттық сезімдерін білу мақсатында тест сұрақтары дайындалып, «Өз қалаңды білесің бе?» атты тақырыппен студенттерге ватсап желісі арқылы таратылды. Тест сұрақтары – қаланың тарихы, мәдениеті, өнері мен білім саласы бойынша жинақталды.
Өкінішке орай, студенттеріміздің жауаптарынан олардың әлі де болса Шымкент қаласының жай-жапсарынан алшақ екенін түсіндік. Шымкенттің тарихын білмеу, үлкендерімізге сын. Сондықтан да отбасында болсын, мектепте, балабақшада болсын қаламыздың тарихы, мәдениеті мен білімі жөнінде жақсы әңгімелер айта берсек, жастардың құлағында қалатынына сенімдімін.
Ал, тест сұрақтарына дұрыс жауап беріп, өз білімдерін ортаға салған студенттерімізге айтар алғысым мол.
Жүргізіген сауалнама бойынша ОҚПУ-дің РКШ С 1705-80Ж тобының студенті Эльмира Мейірманова 1 орынды жеңіп алды. 2 орынды М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ФИ 19-2Р3 тобының студенті Оимхан Ибрагимова иеленсе, 3 орынға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ИП 21-5К2 тобының студенті Асемай Сапарбай шықты. Білімдері мен ізденімпаздықтарымен алға озған студенттерге алғысым шексіз.
Туған жерге тағзым мұнымен шектелмейді. Бұл біздің азғантай болса да студенттердің туған жерге деген патриоттық сезімін оятып, қаламыздың тарихын білсем деген ынтасына қосқан азғантай үлесіміз ғана. Осындай ісшаралардың арқасында жастардың Отанға, туған жеріне деген отансүйгіштік сезімдері қалыптасады деп ойлаймын.
Кезінде мектепте өткен осындай игі шаралар, отбасында ата-аналарымыздың Отанымыз туралы айтқан тәлімді әңгімелері осы күнге дейін санамызда сайрап тұр. Біле білсек, мұның бәрі Отанға, туған өлкемізге деген құрмет пен патриоттық сезімді оятады. Азамат бойындағы дарын, қабілет, тектілік сынды абзал қасиеттер ана сүті, әке қаны, туған жердің топырағынан дариды.
Гүлжан Құлжабайқызы АЛТЫНБЕКОВА,
Оңтүстік Қазақстан университеті
Техникалық мамандықтар үшін практикалық орыс тілі кафедрасының меңгерушісі,
филология ғылымының кандидаты.

0 0 ER 0.0080
Тағы сене бастаймын,
Күнде алдағыш қуларға.
Есім шығып қашпаймын,
Мен ішпеген у бар ма?!

© Абай

0 0 ER 0.0080
Туркестан
Сантехник септік стяжки емулсия сварки тб кафел жұмыстарын жасаймыз 87716839191
87078159191

1 0 ER 0.0159
Қазіргі қыздар қаталы жігітке қарайма? Әлде жүрегінде иманы бар шын махаббат сыйлай алатын жігітке қарайма?

0 0 ER 0.0080
Бекзат мөлтек ауданында толық бітпеген жаңа үй сатылады.Су,свет,газ көше бойында орналасқан.Ішіне толық тас төселген.(сары құмырсқа жоқ)гарантия.Бағасы келісімді.
87789637815 байланыс нөмірі

0 0 ER 0.0000
ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНЕ КУӘЛІК ПЕН ТӨСБЕЛГІЛЕРІ САЛТАНАТТЫ ЖАҒДАЙДА ТАБЫС ЕТІЛДІ
Бүгін жаңадан жасақталған Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Онда кеңес мүшелеріне төсбелгі мен куәліктері салтанатты түрде табыс етілді.
Қоғамдық кеңестің отырысына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысып, жаңа құрамның жұмысына сәттілік тіледі.
—Сіздер қаладағы азаматтық қоғамның белсенді өкілісіздер. Сол себепті Қоғамдық кеңесті қаладағы қоғамдық пікір мен тұрғындардың көңіл-күйінің барометрі деп білеміз. Алдағы уақытта Сіздермен тығыз байланыста жұмыс істеп, Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатындарыңызға сенеміз, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Айта кетейік, ендігі жерде Қоғамдық кеңестің төрағасы әр тоқсан сайын ротация тәртібімен ауысып отырады. Алғашқы тоқсандағы төраға болып мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов сайланған.
«Шымкент келбеті» — Айдар ҚҰЛЖАНОВ,
Фото: Серік ҚОСАЕВ.

0 0 ER 0.0000