Статистика ВК сообщества "Работа в Рязани"

0+
Размещение ваших постов через сообщения сообщества 📝Опубликованные посты - автоматически бесплатно попадают в истории группы 🔥🚀

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

НАМАЗДА ОҚЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР

Субханәкә

سُبْحَانَكَاللَّهُمَّوَبِحَمْدِكَوَتَبَارَكَاسْمُكَوَتَعَالَىجَدُّكَوَلاَاِلاَهَغَيْرُكَ

«Субханәкә Аллаһумма уа бихамдика уә тәбәрәкә-смука уә тә'ала жәддукә уә лә иләһә ғайрук»

Мағынасы: Уа, Аллаһым! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак. Және де сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.

Әт-тахият

اَلتَّحِيَّاتُلِلَّهِوَالصَّلَوَاتُوَالطَّيِّبَاتُ* اَلسّلاَمُعَلَيْكَاَيُّهَاالنَّبِىُّوَرَحْمَةُاللَّهِوَبَرَكَاتُهُ* اَلسَّلاَمُعَلَيْنَاوَعَلىٰعِبَادِاللَّهِالصَّالِحِينَ* اَشْهَدُاَنْلاَاِلاَهَاِلاَّاللَّّهُوَاَشْهَدُاَنَّمُحَمَّدًاعَبْدُهُوَرَسُولُهُ

«Әт-тахияту лилләһи уас-салауаату уа-таййбәәт, әс-сәләәму ’аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллааһи уә бәракәтуһ, әс-сәләму ’аләйнә уа ’алә ’ибәдилләһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән ’абдуһу уә расуулуһ».

Мағынасы: Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дүниелік ғибадаттар Аллаһқа лайық. Уа, Пайғамбар! Саған сәлем. Әрі саған Аллаһтың рақымы мен берекеті жаусын! (Уа, Раббымыз!) Сәлем бізге және Аллаһтың салиқалы құлдарына болсын. Мен Аллаһтан өзге ешқандай құдай жоқ екеніне, хазіреті Мұхаммед Аллаһтың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.

Аллаһумма салли

اَللَّهُمَّصَلِّعَلىٰمُحَمَّدٍوَعَلىٰاٰلِمُحَمَّدٍكَمَاصَلَّيْتَعَلىٰاِبْرَاهَيمَوَعَلىٰاٰلِاِبْرَاهِيمَاِنَّكَحَمِيدٌمَجِيدٌ

«Аллаһумма салли ‘алә Мухаммәдин уа ‘алә әәли Мухаммәд, кәмәә саллайтә ‘алә Ибраһимә уа ‘алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид»

Мағынасы: Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына салауат еткенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына салауат ет. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы.

Аллаһумма бәрик

اَللَّهُمَّبَارِكْعَلىٰمُحَمَّدٍوَعَلىٰاٰلِمُحَمَّدٍكَمَابَارَكْتَعَلىٰاِبْرَاهَيمَوَعَلىٰاٰلِاِبْرَاهِيمَاِنَّكَحَمِيدٌمَجِيدٌ

«Аллаһума бәрик ‘алә Мухаммадин уа ‘алә әәли Мухаммад, кәмә бәәрактә ‘алә Ибраһима уа ‘алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжид»

Мағынасы: Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына берекет бергенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына да берекет бер. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы. Хазіреті Мұхаммедтің Аллаһтың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.

Раббәнә әтинә

رَبَّنَااٰتِنَافِىالدُّنْيَاحَسَنَةًوَفِىاْلاٰخِرَةِحَسَنَةًوَقِنَاعَذَابَالنَّار

«Раббәнәә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә ‘азәбән-нәр»

Мағынасы: Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта!

Құныт дұғасы

أللهُمَّاِنَّانَسْتَعِينُكَوَنَسْتَغْفِرُكَوَنَسْتَهْديكَوَنُؤْمِنُبِكَوَنَتُوبُاِلَيْكَوَنَتَوَكَّلُعَلَيْكَوَنُثْنِىعَلَيْكَالْخَيْرَكُلَّهُنَشْكُرُكَوَلاَنَكْفُرُكَوَنَخْلَعُوَنَتْرُكُمَنْيَفْجُرُكَ. أللهُمَّإيَّاكَنَعْبُدُوَلَكَنُصَلِّىوَنَسْجُدُوَإليْكَنَسْعَىوَنَحْفِدُنَرْجُورَحْمَتِكَوَنَخْشَىعَذَابَكَاِنَّعَذَابَكَبِالْكُفَّارِمُلْحِقٌ

«Аллаһумма инәә нәстә’иинукә уә нәстағфирукә уә нәстәһдик, уә ну’мину бикә уә нәтуубу иләйкә уә нәтәуәккәлу ’аләйкә уә нусни ’аләйкәл-хайрә күлләһу нәшкурукә уә ләә нәкфурук, уә нахла’у уә нәтруку мән иәфжурук. Аллаһумма иййәәкә нә’буду уә ләкә нусалли уә нәсжуду уә иләйкә нәс’а уа нахфид, наржу рахмәтәкә уа нахшә ’азаабәкә иннә ’азаабәкә бил куффари мулхиқ».

Мағынасы: Аллаһым, біз күмәнсіз Сенен жәрдем және кешірім тілеп, тура жол, һидаят сұраймыз. Саған иман етіп, күнәларымыз үшін тәубе етіп, Өзіңе арқа сүйейміз. Сені барлық жақсылықтармен мадақтап, зікір етеміз. Бізге берген ырыс-берекеңе шүкір етеміз. Сені теріске шығармаймыз. Саған қарсы келгендерді теріске шығарып, олармен мүлдем байланысымызды үземіз.

Аллаһым! Біз тек Саған ғана құлшылық етіп, сен үшін намаз оқып, саған сәжде етеміз. Саған лайық құл болып, сенің разылығыңды алу үшін жігерленіп, қайраттанып алға ұмтыламыз. Рақымдылығыңнан үміттеніп, азабыңнан қорқамыз. Күмәнсіз, азабың кәпірлерді қамтиды.

Намаздан кейінгі дұғалар Парыз намазы оқылғаннан кейін:

{أللهُمَّاَنْتَالسَّلامُوَمِنْكَالسَّلامُتَبارَكْتَياذَالْجَلالِوَالاكْرَامِ}

«Аллаһумма әнтәс-сәләәму уә минкәс-сәләәм, тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икраам»

Мағынасы: Аллаһым! Сен сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті – Сенсің. Уа, құдірет пен жомарт иесі Раббым.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) Муазға әр намаздың соңында оқы деп өсиет еткен дұғасы:

أللهُمَّأعِنِّىعَلَىذِكْرِكَوَشُكْرِكَوَحُسْنِ عِبَادَتِكَ

«Аллаһумма, а’инни ‘алә зикрикә уә шукрика уә хусни ‘ибәдатик»

Мағынасы: Уа, Аллаһ тағала! Сені әрдайым еске алуымды, Саған шүкіршілік етіп, Өзіңнің талабыңа сай құлшылық етуімді нәсіп ете гөр!

رَبَّنَا اغْفِرْلِىوَلِوَالِدَىَّوَلِلْمومِنِيْنَيَوْمَيَقُوْمُألْحِسَاب

«Раббанәғфирли уәлиуәлидәййә уә лилмуминиинә иаума иақумул-хисәәб»

Мағынасы: Уа, Аллаһым! мені, әке-шешемді және мұсылмандарды қиямет күні кешіріміңе бөлей гөр!

أللهُمَّوَفِّقْنَاإلَىمَاتُحِبُّوَتَرْضَى «Аллаһумма уаффиқнә ила мә тухиббу уа тәрда»

Мағынасы: Уа, Аллаһым! Бізге өзің жақсы көретін және разы болатын істерді нәсіп ете гөр! Тазалыққа қатысты дұғалар

Дәретханаға кірерде оқылатын дұға:

{ألَّلهُمَّإنِّيأعُوذُبِكَمِنَالْخُبْثِوَالْخَبَائِثِ}

«Аллаһумма инни ә’узу бика минәл-хубси уәл-хабааис».

Мағынасы: Аллаһым, ластықтан және лас нәрселерден саған сиынамын (сақтай гөр).

Дәретханадан шыққанда:

ألْحَمْدُلِلَّهِالَّذِيأذْهَبَعَنِّيالاَذَيوَعَافَاني

«Әлхамду лилләһил-ләзи әзһәбә ‘аннил-әзә уә ‘аафәни»,

Мағынасы: Қиындықтан арылтып, жеңілдік берген Аллаһқа шүкір. Дәрет дұғасы

بِسْمِالله «Бисмил-ләәһ»

Мағынасы: Аллаһтың есімімен.

Дәрет алып болғаннан кейін оқылатын дұға:

أللهُمَّإجْعَلْنِىمِنَألْتَوَّابيْنَوَإجْعَلْنِىمِنْألْمُتَطَهِّرْيْن

«Аллаһумма иж’ални минәт-тәууәбинә уәж’ални минәл мутатаһһириин»

Мағынасы: Уа, Аллаһ тағала! Мені тәубеге келушілер мен күнәдан пәк жандардың санатына қоса гөр!

54 2 ER 0.4320
🕌 Алладан тілеген барша дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

🤲 Әмин

4 14 ER 0.3012
ЖАЙНАМАЗ АШЫҚ ҚАЛСА НЕ БОЛАДЫ?

Жайнамаздың бетін ашық тастауға болмамйды, шайтан намаз оқып кетеді,- деп бір шетін қайырып қойғандарын бірнеше рет көргенмін. Қарап тұрсаң, мүлдем ақылға қонымсыз түсінік емес пе?

Біріншіден, Алланың қарғысына ұшыраған ібілістің намаз оқуы мүмкін бе?

Екіншіден, мешіттерде жердегі төсеніштер жайнамаз түрінде жасалады. Оларды жинап яки әрқайсысының шетін қайырып жүргендерді көрмеппін.

Шариғатымызда жайнамаз ашық не жабық тұрсын деп арнайы бекітілген үкім жоқ. Демек, бұл адамдардың ойдан шығарған негізсіз пікірі. Егер жайнамаз жұқа болса жинап қояды, ал қалың болса төселіп тұра береді. Бір бұрышын қайырып қоюдың еш қажеті жоқ.

22 8 ER 0.2999
Алла Елшісіне (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат жолдайықшы 👇

8 11 ER 0.2328
Барша әлемдегі қысым көріп жатқан мұсылмандарға дұға етіп қойыңыздар

0 9 ER 0.2282
Өлгеннен 30 минуттан кейін денеде рефлекс деген ештеңе қалмайды.

Сүйектер босаңсығаннан кейін ауыз бен көз шарасы ашылып қалады. Босалту жүйесі де толығымен босаңсып, жеңіл дәрет ағып кетеді.

Өлімнен 24 сағат өткеннен кейін дене шіри бастайды. Бактериялар өз жұмысына кірісе бастайды.

Бірінші болып шіритін ағзалар көз, ми және ішек-қарындар.

Мәйіт семіз болса тез шіриді, тұзды суда буылып өлгендердің шіруі бәсең болады.

Соңында шіритін мүшелер жүрек, қуық, бүйрек.

Алғаш шірігені үшін азқазан мен ішектерде бактериялар көбейе бастайды, соның салдарынан қарынға жел толады.

Бұл жел қарынның ісуіне себеп болады. Терінің жоғары жағына су жинала бастайды, денеде біріккен күкірт қышқылынан дененің түсі қарая бастайды.
Күн сайын ісе бастаған қарын жарылады және кеуде төмендейді. Бұл жағдайда қабірдің үстінен естілетіндей қатты дыбыс шығады.

Шамамен 4 жылдан кейін адам толығымен сүйек болып қалады.

Әдемілігің, сұлулығың, байлығың, тәкәппарлығың, атақ-даңқың қайда қалды? Жер бетінде тәкәппар, кішкентай тауларды мен жараттым экосындағылар, өзінің кішкентай миымен басқа адамдарды төмен санайтындар, өмірді кішкентай сәттіліктер мен өткінші жеңістерімен мақтанып жүретіндердің соңы осы.

Ақшаның сатып алған адамдардың соңы осы. Атақ-даңқ үшін өзін сатқандар, достарын сатқандар, қиындыққа ұшыраған адамдардың үстінен езіп қорлайтындардың соңы осы.

Сұлулығымен, өмірі бойынша жүзін әрлеумен, денесі құрғамасын деп әр күні қымбат кремдер жағып жұмсатылған дененің соңы осы.

Өмірін фитнестерде айнаның алдында өткізіп, мақсаты денесін әдемілеп сомен инстаграмға сурет қоятын кісілердің соңы да осы.

Оқыңыз, білім алыңыз, жұмыс істеңіз, жеңістеріңіз көп болсын, адамдарға пайдаңыз тисін бірақ өмірді үлкейтпеңіз. Өзіңізді үлкейтпеңіз. Тәкәппар болмаңыз. Қолымызда тек қана жасаған жақсылықтарымыз бен жасаған жақсы амалдарымыздан басқа ештеңе қалмайды.

31 8 ER 0.2627
Сұрақ: Ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын қазақша айтуға бола ма?

Жауап: Ұлы жаратушы барлық ұлттардың тілімен қоса іштегі айтылмаған тілектерін де біледі. Сондықтан ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын арабша айту шарт емес, әр ұлт өз тілінде айтса да болады.

27 4 ER 0.2209
ҚАСИЕТТІ АЙЛАРДА МЫНАЛАРДЫ ЕСТЕ ТҰТАЙЫҚ!

Ережеп айының басы 3.02.2022 ж.

Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде: - «Ережеп – Алла Тағаланың айы, Шағбан – Менің айым, Рамазан – Үмметімнің айы.

Ережеп айының басқа айлардан артықшылығы, Құранның адам сөзінен артықшылығындай. Шағбан айының артықшылығы, Менің басқа пайғамбарлардан артықшылығымдай. Рамазан айының басқа айлардан артықшылығы, Алла Тағаланың, Өзі, істеген істерінен артықшылығындай».

Хадисте айтылған: «Ережеп айында бір күн ауыз бекіткен кісі Фирдаус жұмаққа кіреді» - деген.

Хадисте: «Ережеп айында, бірінші күні, 15-ші күні және ақырғы күні ауыз бекітсең, бір ай ораза ұстағанға тең»- деген. «Егер 8 күн ауыз бекітсең, Алла Тағала Жұмақ есігін саған ашады»- деген.

Рағайыб түні – Раджаб айындағы, қасиетті түн. Айдың бірінші бейсенбісінен, жұмаға ауған түн - (Ләилә түн- Рағаиб)- (Кешірім үміт -түні), (Ғибадат түні), (Алла Тағалаға жалбарынатын түн).

Шағбан айы – (Жақсылық жайылуы!) Шағбан айының басы 04. 03. 2022 ж.

Бір ғұлама айтқан: «Ережеп айы - дене тазартады, Шағбан айы –жүректі тазартады, Рамазан айы – жаныңды тазартады» - деген.

Хадисте: «Сауап істерің Шағбан айында 700 ретке көбейеді». Ауыз бекітуге өте бағалы, айдың ақырғы дүйсенбісі, мен 15-ші күні... Бұл айда барлық игілікті істер Раббымызға көтеріледі»-деген. Шама келгенше бұл айда ауыз бекітіп, Ғибадат қылу, Сауап жию керек.

Шағбан айының қасиетті түні, Бараат түні (Лайләтүл – Бараат)-«Тазалану»-мағынасында. Барағат түні, Шағбан айының 14-нен 15-не қараған түні. Бұл түнде Алла Тағалаға жалбарынып, жақсы тілек тілеу керек.

Рамазан айы

Бұл айда Құран түсе бастаған. Алла Тағала бізге, мұсылмандарға, ауыз бекітіп, ораза ұстауды парыз етілген ай.

Хадисте: «Ақыр заманда, Алла Тағаланың сұрағында, таразыда, күнә жағы басып бара жатса Құран, Намаз, Ораза ара түсіп «бұл Мұсылманды жұмаққа жолда»- деп жалынады. Мұхаммед (с.ғ.с.) «Үмметіме жеңілдік бер»-деп ара түседі! Қайтқан сәби баласы, – Алла Тағаланың еркесі, олар да ата, анасына жеңілдік сұрап шырылдайды екен. Алла Тағаланың сүйікті Алим, діни оқуымен дамыған балалары да, Алла Тағаладан ата- анасына жеңілдік тілейді».

Алла Тағала бұлардың тілектерін құр қалдырмайды!

Рамазан, Ораза айы, (2022 жылғы, 3 сәуір –2 мамырға дейін). Мұсылмандарға 30 күн ораза ұстау парыз. Ораза мұсылманға сынақ. Алла Тағалаға шын сенген кісі сәресіден ауызашарға дейін нәр татпайды.

Ораза тәрбиесі: - Мұсылмандар тіліне ие, өсек, жаман істі – көру, есту, айту күнә деп біледі.

Оразаның емдігі: Пайғамбарымыз(с.ғ.с) айтқан «Сендер, емделу үшін ауыз бекітіңдер»-деп

Рамазан айының қасиетті түні: Ләйләтүл – Қадыр – (Құдыреті күшті түн) «Қадыр түні рамазан айының 27 түніне қарағанда болады» - деген, болжам бар.

Сәресі дұғасы: - «Ниет еттім Алла Тағала ризалығы үшін таңнан кешке дейін Рамазан айының оразасын ұстамаққа».

Тілек тілеп, болған соң -«Тілектерімді қабыл қыла гөр»-дейді.

Ауызашар дұғасы:- «Ей, Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін Ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім. Өзің берген несібеңмен аузымды аштым. Ертеңгі күннің оразасына ниет еттім, менің өткен және келер күнәларымды кешіре гөр»- деп бата тілейді.

Шәуаал айы (2022 ж. 2 –31 мамыр.)

Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде: «Кім де кім, Рамазан айында оразаны толық ұстаса, Шәуаал айында 6-күн ауыз бекітсе, ол өмір бақи ораза ұстағанға тең»- деген.

ҚҰЛАҚ САЛ АҒАЙЫН!

Алланың Әмірін Жәбрейіл пайғамбарға жеткізіп тұрды.
Бұл Әмірді Расул елге жайды, Кұран жерге түсті.
Біз мұсылмандар жазмышқа сенейік.
Гүлдендірсін табиғатты періште Микәйіл
Бұл өмір де қызық қой, жанымызды алуға асықпасын Әзірейіл.

Иә, Аллам қабірде қинаттырма Мүңкір мен Нәкірге.
Қарамин жазған сауабым, Қатибиндікінен асып тұрсын.
Зұқайыл апарған таразға, жақсылығым басып тұрсын.
Жылы жүзбен қарсы алып, Ридуан Жұмақ есігін ашып тұрсын.

Білім алдым Сурушке сүйеніп, ізденіп бұл жалғанда
Тамашаладым Дардайыл ай, күн, жұлдыздарды құлпыртқанына,
Киелілер періштесі Ысмайыл әменде болғандай қасымда.
Ібліске көнбедім, Мәлік кірді түсіме, тозақтан құтқарғаны ма?

Ағайын, бұл өмірде жақсылық - сауап көбірек жасайық,
Ол дүниеде, жаман істер үшін, тамұқ отында жанбайық,
Жоғарғыда аталған Періштелер, аяушылықпен қолдасын.
Алла - құлым, Мұхаммед - үмметім деп, Иман болсын жолдасың!

ЖАНАБАЕВ Мухамедқалым Исағулұлы

42 1 ER 0.2328
АЛЛАДАН «АФИЯТ» СҰРАУ

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Сендерден кімде-кім өзі, бала-шағасы, мал-мүлкі үшін уайымсыз, денесі қиындық пен дерттен аман, қасында (халал) күндік жейтін азығы болған күйде күні бастау алса, құтты дүние (нығметтері) өзіне берілгендей болады».

«Афият»: сөздікте амандық, саулық, саламат деген мағынада.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Алла Тағаладан кешірім мен «афият» сұраңдар. Өйткені, ешкімге яқиннан (нағыз иманнан) кейін «афияттан» артық нәрсе берілмеген» - деген.

Имам Шибли (рах.): «Афият - діннің бидғаттан, амалдың апаттан, нәпсінің шәһуәттан, жүректің пайдасыз қиялдардан аман болуы, құтылуы» - дейді.

Хатам Асамнан (қ.с.): «Өзің үшін нені қалайсың» - деп сұрады. Ол: «Таңнан кешке дейін афият қалаймын» - дейді. «Сен күні бойы афиятта емессің бе?» - дегендерінде: «Менің афиятта болған күнім Алла Тағалаға еш күнә жасамаған күнім» - деген екен.

Бір хикаяда жүк тасушы Омар атты бір кісі үнемі: «Аллам! Сенен афият сұраймын" деп дұға жасайды екен. Одан: «Бұл дұғаңның хикметі не?» - деп сұрағандарға былай жауап беріпті:

«Ең алғаш жасаған жұмысым жүк тасушылық. Бір күні ауыр ұн тасып жатыр едім. Сәл демалып алайын деп оны жерге қойып (өз-өзіме): «Уа, Раббым! Әр күн маған шаршатпай екі тілім нан бер, соны қанағат қылайын» - дедім. Сол кезде айналама қарасам екі адам төбелесіп жатыр екен. Татуластырайын деп қастарына барып едім, біреуі қолындағы затпен басыма бір қойып қалды. Басым қанай бастады. Сол кезде сұлтанның әскерлері келіп, оларды тұтқындады. Менің басым жарылғанын көріп, төбелеске қатысты деп ойлап мені де түрмеге жауып тастады.

Біраз күн қамауда болдым. Күнде екі тілім нан беретін еді. Бір күні түсімде мынадай дауыс естідім: «Сен қиналмай екі тілім нанның болғанын сұрап, афият сұрамадың. Сондықтан саған тек сұрағаның берілді».

Оянып кеттім. Сосын афият тілей бастадым. Күндердің бірінде зындан есіктерін ашқандарын көрдім. Күзетшілердің бірі: «жүк тасушы Омар қайда?» - деп сұрады. Сосын мені тұтқыннан босатты. Сол күннен бері тек афият тілеп келемін».

32 2 ER 0.2225
БАЮ ҮШІН ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА

Сақтап алыңыз да, дұға жасап, амал етіп бай болыңыз!

Ибн Масғұд (оған Алла разы болсын ) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жиі айтатынын естіген:

«Я, Алла, расында, мен Сенен Сенің басшылығыңды, тақуалықты, (күнәдан жаман қылықтардан) пәктікті және байлықты сұраймын». (Муслим)

Оқылуы:

Аллаһумма, инни асәалюкаль-Һуда, уа туқа, уаль-ъафафа уальғина.

36 3 ER 0.2342