Статистика ВК сообщества "ISLAMSTAN 🔸"

0+
Əбу Ханифа мəзхабы Матуриди Ақидасы
Количество постов 4 597
Частота постов 64 часа 13 минут
ER 20.26
Нет на рекламных биржах

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

✅Есіме осыдан бірнеше жыл бұрынғы бір оқиға оралды.

Көкшетаудағы Науан хазірет мешітіне бас имам болып сайланған Қанат Қыдырминге (фотодағы жігіт) сол жолы да жаяу жүрмесін деп астына шетелдің көлігін мінгізген еді. Бірақ Қанат бауырымыз ол көлікті басқаға сыйлап, бір ғасырлық тарихы бар жүдеу тартқан мешіттің жайын көріп, шетел көлігімен көсіліп жүруді өзіне ар санады.

Бұл оқиғамен оның жанында жүрген бір топ адам ғана хабардар болғанын біраз уақыт өткесін айтып отырмын. Ал бүгінгі қызмет ауысар сәтте елордаға жаяу кетпесін, сол жолы мінбеген көліктің енді реті келіп тұр деп тілеулес болған жандардың (осы жолы сыйлаған басқа бір) көлігін де жаңа мешіт ашылғалы бері дәретханасын тазалап, тазалығына үлес қосып жүрген қарапайым жесір анаға сыйлап, тағы да дархандық танытты.

Ол «Мен осындай барлық балалары тақуа, өзі де намаз оқитын ана үйсіз-күйсіз жүргенде қалай бұл көлікті мініп жүре аламын. Елден елордаға кетіп барамын. Ал жаңағы анаға ұдайы қолымнан келген қамқорлығымды жасаушы едім. Енді оған кім қарасады» деді.

Бұл әсерлі сәттің куәсі болған мешіт толы адам жанарларына жас алды. Пайғамбар өнегесін ұлықтап, бұл дүниеге де қызықпай, бар жан-тәнімен Алласын ойлаған Қанат бауырымыздың жүрегі езілген шынайы қадамы осылай адамдарға терең ой салды.

Қанаттай тақуалар арамызда шынымен көп болса ғой, шіркін!

Жазба иесі БАҚЫТ СМАҒҰЛ
2017 жылдың көктемі.

6 2 ER 0.4351
✅Əкем айтады:
Ілгеріде бір батыр айқастарға сауыт кимей шығады екен. Сауыт кимесе де, небір алапат майданнан аман шыққан батыр, кезекті соғыстың біріне сауыт киіп шығыпты. Батырдың бұнысына түсінбеген қаруластары:"Батыр, талай жан алысып, жан беріскен майдандарға сауыт кимей араласушы ең. Бұл жолы неге киіп шықтың?"депті. Сонда батыр:"Е, бұрын анам бар еді. Анам үйде отырып, тілеуімді тілеп, дұға жасап отыратын еді. Менің сауытым - сол дұға еді. Енді анам жоқ. Өмірден өтті. Анамнан, анамның дұғасынан айрылдым. Сауыт киіп шыққанымның мəнісі сол" деген екен.

(c) Абай Қалшабек

#сауыт#сайман#анамныңдұғасы

8 0 ER 0.3553
✅Көреміз, тыңдаймыз, таратамыз

🔊 ұстаз Ерлан Ақатаев

15 0 ER 0.3848
✅Бір кісі сапарға шығып бара жатып әйеліне жоғарғы қабаттан төменге түспеуін тапсырады. Әйелдің төменгі қабаттағы әкесі науқастанып қалады. Әйел Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кісі жіберіп, жағдайға байланысты төменге түсуге рұқсат сұрайды. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Күйеуіңе бағын» деп хабар жібереді. Әкесі қайтыс болады. Тағы рұқсат сұратып жібереді. Пайғамбарымыз тағы да: «Күйеуіңе бағын » деп жауап жібереді. Әкесі жерленгеннен кейін Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Ол әйелдің күйеуіне бағынғандығы үшін Алла Тағала әкесінің күнәларын кешті» деп хабар жібереді».

📗 Табарани, (Әусатта Әнәстан (р.а.) риуаят еткен. Хадис "Ихия-У Улумиддин" кітабындағы "Әйелдің ері алдындағы міндеттері" бөлімінен алынды.

#әйелдіңміндеті#еріалдындағыәйелміндеті#разықылу [club108415487|#islamstan]

6 2 ER 0.2376
✅️Бірінші сынып оқушыларынан: «Үлкейгенде кім боласыңдар?», – деп сұрайды. Біреуі ұшқыш, дәрігер және басқалары басқарушы деген сияқты жауап беріп жатыр. Тек қана бір оқушының жауабы өзгеше еді. Оны естіген оқушылардың барлығы күліп жіберді. Не деп жауап бергенін білесіз бе?!

Ол: «Сахаба болғым келетін еді», – деді. Мұғалім оқушының жауабына таң қалып,
– Не үшін «сахаба»? – деп сұрады:
— Анашым маған әр күні ұйықтардан бұрын сахабалардың өмірбаянын айтып береді. Сахабалар Алланы шынайы жақсы көреді. Мен де оларға ұқсағым келеді. Мұғалім мұндай жауаптан соң үн-түнсіз қалып, көзіндегі жасты жасыруға тырысты. Бұл баланың артында үлкен ана тұрғанына таң қалды, себебі оның мақсаты да биік еді.

Бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөліңіз. Әсіресе кішкентай кезінде айтылған насихаттар оның мінез-құлқына өте көп әсер етеді.

📚"Әйел және Ілім" @gulama.analar

#сахабаболғымкеледі #әйелданалығы

4 0 ER 0.1798
..✅Бір орыс журналисі маған: «Сіз ұлтшыл екенсіз. Біз де сізге ғашықпыз. Бірақ сіз тек қазақ халқының мұңын айта бересіз», - дейді. Дұрыс байқаған екен сабазың. Ұлтын сүймеген ұлдың тірісінен өлісі артық. Жасыратын не бар, бүгінгідей халқымның кенжелеп тұрған заманында қарлығаш болып, қанатыммен су сепкім келеді. Құрығанда өзім жете меңгерген көне корейдің таэквондо өнері арқылы...

Бірақ дәл осы келісіммен, мақсатыммен, ниетіммен өзге ешбір халықты тұқыртып, қорлап жатпағаным өзіме аян. Арманым - өнер деп сусап отырған еліме су тамызғандай болсам, өзіммен бірге ерте келген 12 спортшы санаулы күн болса да, сол көңіліне кірбің кірген халқыма қызық-тамаша көрсетіп, еңсесін көтертсін, батыстың екі бірдей еркін журналисі елімдегі өзгерісті кемшілік пен жетістікті өз көзімен көріп, әлемге айғақтасын дедім. Сырттағы Отандастар, табысымызды естіп қуансын, тұралаған жеріміз болса, оны да біліп, қол ұшын берсін деген адал ниет
қана. Бар шындықты қапқа салып ұстағаннан ұшпаққа шықсаңыздар, Құдайға шүкір, қыруар жылдар өтті ғой, өлі-тіріден хабарсыз... Мұстафа мұнда неге келді» дегендерге қысқаша жауабым осы менің...

📗Несіп Жүнісбаев "Мұстафа Өзтүрік"

#мұстафаөзтүрік#несіпжүнісбаев#таэквондо#журналис#қарлығаш#ұлтшыл

5 1 ER 0.1969
..✅Білім алып жүрген кезімде көптеген тәлімгерлер секілді менде кедей болдым. Азғантай нәпақамнан жырып, қолма-қол ақшасын беріп, немесе біраз уақытқа қарызға кітап сатып алатынмын.

💡Бiр күнi ойымда жүрген әрі сирек кездесетін құнды кітаптардың сатылып тұрғанын көрдім. Алайда ол кезде қаражаттан қысылып, қиналып жүрген кезім еді. Сондықтан әлгі кітаптарды сатып ала алмадым. Десек те әлгi кiтаптар еске түскен сайын мазам қашып, жүрегім жай таппады. Тауекел деп, кезiнде әкемнен хараж базарында мұра етiп алған шәлiмдi саудалап, әлгі армандаған кiтаптарды сатып алдым. Осылайша жүрегім жайланып, ойым орнықты әрі оларға қол жеткізгенiме шексiз қуандым. Сол қуаныштан шәліден айырылғанымды да ұмытып кеттім.

💡Кейбiр сәттерде егер пәлен деген кітапқа қол жеткізсем, пәлен рәкағат намаз оқимын деп Аллаға нәзiр атайтынмын.

(с) Абдулфаттах Әбу Ғудда "Ғұламалардың сабыры" атты кітабынан қысқартылып алынды.

#кітап#құндыкітап#абдулфаттахабуғудда#ғұламалардыңсабыры#тәуекел #islamstan

1 0 ER 0.1533
✅Ең тар қапас - құмарлықтың қапасы,
Қиын матас құмарлықтың матасы.
Бір Алладан өзге күшке сыйыну -
Зұлымдықтың атасы.

Иман - нұрлы жүректегі жарығың.
Ұлы бақыт - жаратқанды тануың.
Ібілістің дұшпандығын түсініп,
Бір Алланың разылығын алуың.

Адамдықтың айтайын ба биігін?!
Ол - Алланың сүйгендерін сүюің.
Жаратқанның жек көргенін жек көріп,
Құмарыңа құл болуды тыюың.

Жаратқанға сенсең ғана тірісің,
Құмарлықты жеңсең ғана ірісің.
Ақиқатқа ерсең ғана ұлысың.

📚 Абай Қалшабек "Томаға тұйықпын"

#тірі#құмарлық#ақиқат#адамдық#қапас#абайқалшабек#томағатұйықпын

0 0 ER 0.1270
✅Лев Толстойдың 7 жасар Захар Шевцевке жазған хаты:

✍ «Сүйкімді балақай, саған бүгіннен бастап өміріңнің соңына дейін барлық адамдарға : әкеңе, анаңа, бауырларыңа, аула сыпырушыға, өмір жолыңда кезіккен барлық адамдарға бар ынта-ықыласыңмен мейірімді болуға кеңес беремін. Бұл оңай емес. Бұған жазуға, оқуға, скрипкада, фортепьянода ойнауға үйренгенің сияқты үйренуің керек. Бірақ бұл ғылымдарды үйренесің, сонымен оларды үйрену аяқталады, ол мейірімділікті үйренудің соңы жоқ. Әрі ешқандай ғылымнан қайырымды болудан алған ләззатты ала алмайсың. Сен мейірімді болған сайын, жаның да жадырай түседі, айналаңдағы адамдар да сені тереңірек сүйетін болады. Өтінем, осылай жаса. Әр минутта мейірімді болу керектігіңді есіңнен шығарма».

📗 Аударған: Абай Қалшабек @kalshabekabai

4 2 ER 0.1755
✅Тәжен Нұрмұхамедқызы Сарқұлова:
— Мен Нұрмұхамедтің екінші әйелінен туған екі қыздың бірімін, 1945 жылы тудым. (яғни Әлиямен әкесі бір, аналары бөлек).

Нұрмұхамед пен Маржанның Ылиядан кейін Бағдат есімді ер баласы болды. Маржан анамыз қайтыс болғаннан кейін әкем Әбубәкірге «Оқыған, көзің ашық адамсың. Ылияны саған тапсырдым, өзіңнің фамилияңа жаз», — дейді. Себебі, әкем «молда» деп көп қудаланып жүрген. 5 жастағы Бағдатты әкемнің қарындасы алғанымен, ол барған бойы ауырып, қайтыс болды. Әкем «Ылия 1924 жылы туды, Бұлақта үйіміздің қасында Әнуар, Елеусін деген інілерім тұрды» дейтін. Әкем қайтқанда 7 жастамын, бәрі есімде.

Өзімнің шешемнің айтқаны: 1944 жылдың орта тұсы. Бір күні далаға шықсам, шалым құлап жатыр. Жанында бейтаныс кісі тұр. Ол сіз ұстай тұрыңыз, мен адамдарды шақырайын деп жүгіріп кетті. Қарасам, жерде газет жатыр. Шалымды сүйемелдеп үйге кіргізген соң ана кісі: «Қызыңыз ерлікпен қайтыс болды. Соны естіртуге келдік» деп, Әлияға Кеңес Одағының Батыры атағы берілгені туралы жарлық шыққан газетті көрсетті. Сол құлағаннан тұрмай, әкем 1952 жылы қайтыс болды. Үйде Әлия апамның ордені, батыр атағы берілген қызыл кітапшасы әкемнің сөмкесінде болатын. Соны алып, жылап отыратыны көз алдымда. «Қара қағазды» зейнетақы тағайындаймыз деп бір адамдар алып кетті.

📝Мәліметтер aqtobegazeti.kz сайтынан алынды. Баян СӘРСЕМБИНА.

#әлиямолдағұлова#тәженнұрмұхаммедқызысарқұлова#ылия#маржан#әбубәкір#баянсәрсембина#ақтөбегазеті#кеңесодағыныңбатыры [id216578727|@berdiyaruly]

0 0 ER 0.1208