Статистика ВК сообщества "Қызықты Деректер | KD"

0+

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Белгісіз біреулер Ташкенттегі қайырымдылық қорабына 50 мың доллар салып кеткен. Бұл ақша ауыр науқас балаларды емдеуге жұмсалады.

Жәшік Korzinka супермаркеттер желісінің бірінде болған деп хабарланған. Белгісіз адамдар оған 50 мың доллар қалдырып кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желілерде дүкен жетекшісі Зафар Хошимов хабарлады.

"Бүгін біз тағы бір қайырымдылық қорабын ашып, ақшаны санап жатқанда қораптан оннан астам ақ конверт шықты. Біз оларды ашқан кезде конверттерде 50 000 доллар барын анықтадық. Қасиетті Рамазан айында ауыр науқас балаларға осындай керемет сыйлық жасаған біздің белгісіз отандасымыздың осындай шынайы әрекеті осы оқиғаның куәгері болған осы қасиетті айдың кереметіне деген сенімімізді нығайтты", - делінген хабарламада.

Кәсіпкердің айтуынша, барлық қаражат "Эзгу амал" қайырымдылық қорының шотына аударылады. Бұл қор онкологиялық аурулары бар балаларға көмек көрсетуге маманданған.

1 17 ER 0.1076
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматыдағы мешіттердің аулаларында жұма намазына қойылатын талаптарды жариялады. 23 сәуірдегі қаулысында Бекшин ашық аспан астында жамағатпен құлшылық етуге рұқсат берді.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің 23 сәуірдегі қаулысында діни объектілердің аумағында (ашық аспан астында) 50% -дан аспайтын жеке және жамағатпен құлшылық етуге рұқсат етілгендігі көрсетілген. Ұзақтығы 60 минуттан аспау керек. 1,5 метр аралықта әлеуметтік арақашықтық сақталып, маска режимі қатаң сақталады.

Осыған байланысты ҚМДБ мешіт аулаларында жұма намазына қойылатын талаптарды жариялады:

Жұма намазын мешіттердің ауласында (ашық аспан астында) оқу;

Мешіттердің аулаларында намаз оқуға жағдай жасау, антисептиктер орнату, маска беру;

Мешіттерге міндетті түрде маска кию;

Мүмкін болса, үйде дәрет алыңыз;

Өзіңмен бірге жайнамаздар алып келіңіз;

Мешіт аумағында арақашықтықты сақтаңыз, қол алыспаңыз;

Намаз оқыған кезде арақашықтық 1,5 метрден кем болмауы керек, арнайы белгіленген жерде намаз оқылу керек;

Мешітте ұзақ уақыт болмаңыз;

37 ° -тан жоғары температурада, сондай-ақ тұмау және басқа белгілермен мешітке бармаңыз;

65 жастан асқан қарт адамдар, балалар мен әйелдер мешіттерге барудан бас тартуы керек;

Күнделікті мешіт пен оның ауласына дезинфекция жүргізу керек.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қасиетті Рамазан айында жамағатпен намаз оқуға тыйым салынды. Барлығы онлайн режимінде жүргізілді.

1 6 ER 0.0654
Жахан Отарғалиев желі арқылы табыс тауып отырғанын айтты. Актер желідегі оқырмандарын үлкен еңбекпен жинаған. Желіден тапқан табысқа үй салып, көлігін жаңартқан.

"Мен дәл қазір желі арқылы табыс тауып отырмын. Желідегі 2 миллионнан астам оқырманды өз еңбегіммен жинадым. Оның өзі үлкен еңбек. Күн сайын вайн ойлап табу, оны түсіру, оқырманды күлдірту оңай емес.

Мен желіден нан тауып отырмын. Құрылыс компанияларын жарнамалап үйге қажетті заттарды тегін алдым. Үйімді салдым. Көлігімді жаңарттым. Бұрын тойдан табыс табатынмын. Қазір табыс көзім - Instagram. Бір жарнамам 1 миллион теңге. Бір Stories 200 мың", - деді актер.

Жахан Отарғалиевтің оқырманы Жаханның өмірімен жақын таныс. Ол күнделікті тіршілігін, үйін, отбасын видео арқылы жаиялап отырады. Тіпті үйінің құрылысы басталғаннан аяқталғанға дейін оқырманының көз алдында өтті.

2 12 ER 0.0486
Қарағанды облысындағы жеті айдан бері жақындары мәйітін іздеген келіншектің туыстары қыздарының денесін тапты. «Күйеу баламыз өлтірді» деп жүргендердің күдігі күшейді. Олар енді қызымызды бір емес, бірнеше адам өлтірді және тірідей көмген деп күмәнданып отыр.

Бұқар жырау ауданына қарасты Тоғызқұдық ауылының тұрғындары полиция қызымызды өлтірдім деп мойындап келген күйеу баламызды босатып жіберді деп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Сөздің шыны керек" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жақында ғана 4 баланың анасының мәйіті табылды. Мәйітті іздеуге полицейлермен бірге марқұмның жақындары да шыққан. Мәйітті төртке бүктеп, жарылған басын қапқа орап, денесін орап көмгенде шетіндегі байлаған жіп сыртқа шығып қалып, сол арқылы тауыпты.

Төрт баланың анасы Октябрь Балбидің туыстары былтыр көктемде оның күйеуімен араздасып, Теміртаудағы әпкесінің үйіне балаларын ертіп кетіп қалады. Бірақ 22 қыркүйек күні енесіне хабарласып, жағдай сұрасқаннан кейін үйіне қайтуды ұйғарған. Алайда күйеуіне қайтып оралған келіншекті одан кейін ешкім көрмепті. Тек іздеу жарияланғаннан соң, күйеуі "әйелімді өзім өлтірдім" деп полицияға барса, құқық қорғау қызметкерлері жауап та алмай, қамауға да алмай үйіне қайтарған. Алайда ол азамат үйіне келіп өзіне қол жұмсапты.

Марқұм Октябрь Балбидің жақындары әйелді тірідей көмген және қылмысқа жалғыз адам емес деп күмәнданды.

"Күйеу бала оны жалғыз өлтірген жоқ. Басқа адамдар болған. Оның қолынан келмейді. Мәйітті екі адам әрең көтеріп көлікке салды. Сонда оны бір адам қалай өлтірген?", - деді марқұмның әкесі Балби Кәкейұлы.

Қара жамылған отбасы марқұмның басын балтамен 8 жерден ұрғанын айтады. Әйелді жаны шығар шықпастан тірідей көмген болуы мүмкін дейді олар. Артында қалған балаларын енді кім бағады деп налыды.

1 17 ER 0.0399
Айнагүл Оразбекова 16 наурызда №2 қалалық көпбейінді аурухананың реанимация бөліміне өте ауыр жағдайда екі жақты вирустық пневмониямен және өкпенің 100% зақымдануымен шұғыл түрде түсті.

Дәрігерлердің айтуынша медицина қызметкерлері екі ай бойы реанимация бөлімінде науқастың өмірі үшін күрескен.

Босану кезінде де әйел өте ауыр халде болған. Оған коронавирус және ауыр дәрежелі екі жақты вирустық пневмония диагнозы қойылды.

Ауыр жағдайына қарамастан науқас салмағы 4000 г болатын сау қыз баланы дүниеге әкелді.

"Босанғаннан кейін науқастың жағдайы нашарлап кетті: сатурациясы төмен, температурасы жоғары, өздігінен дем ала алмады, интоксикация синдромы өзгеріссіз қалды. Консилиумдар бірнеше рет жүргізілді, нәтижесінде пациент ЭКМО-ға қосылды (экстракорпоралды мембраналық оксигенация). 20 күн бойы оксигенация және гемодиафильтрация жүргізілді", - деді шұғыл Кардиология және кардиохирургия орталығының басшысы Сейіл Мұхаметқалиев.

Науқас оттегі терапиясына қосылғанына қарамастан десатурациясы өзгермеген. Консилиумның шешімімен ӨЖЖ аппаратына ауыстырылды.

"Дәрігерлер мен медбикелер екі ай бойы науқасты емдеп, бақылап, күтім жасады. Көп ұзамай тоқтаусыз жұмыс нәтижесін бере бастады. 50 тәуліктен кейін пациент реанимациядан бейінді бөлімшеге ауыстырылды. Аурухана мамандарының топтасып жұмыс істеуінің арқасында науқастың жағдайы жақсарды, гемодинамикасы тұрақтанды. Ең бастысы өз бетінше тыныс ала алатын күйге жетті", — деп атап өтті инфекциялық блоктың меңгерушісі Гүлнұр Әшірбекова.

"Біз Айнагүлге туған жақынымыздай алаңдадық. Ол кісінің күйеуінің бізге толық сенім артып, жақсылықтан үміттенгені бізге қосымша күш берді", — дейді емдеуші дәрігер, пульмонолог Гүлжан Байырбекова.

Төтенше режимде жұмыс істеуге дағдыланған аурухананың жоғары білікті мамандары бірден екі адамның өмірін, яғни науқас пен жаңа туған нәрестені аман алып қалды.

"Дәрігерлерге, медбикелерге, санитарларға, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің, инфекциялық блоктың барлық қызметкеріне алғысымды білдіремін. Алдарыңызда басымды иемін. Көрсетілген көмектеріңіз бен кәсібиліктеріңіз үшін көп рахмет. Алғыс айтқаннан басқа ешнәрсе айта алмаймын, тек ризашылығымды білдіремін. Сәбиімді тезірек қолыма алғым келіп отыр", - деді Айнагүл Оразбекова.

0 4 ER 0.0279
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында орналасқан Хорасан ата кесенесіне жұртшылық көптеп барады. Қасиетті орынның аурасы ерекше, адамның бойына белгісіз сезімді ұялатады. Ең бастысы мұнда Меккедегі Қағбаның көшірмесі бар. Осында ағылған көпшілік бабаның әриуағына сиынып, дұға-тілектерін айтады.

Хорасан ата кесенесі Жаңақорған ауданы орталығынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Соған қарамастан қасиетті мекенді тамашалап, ғибадат етуге баратындардың саны көбеймесе, азаяр емес. Оның үстіне бабаның ұрпақтары барар бағытқа тақтайдай тегіс асфальт төсеп, қажетті белгілерді орнатып қойған. Яғни алыстан ат терлетіп келген жандар жол азабына қалып шаршамайды.

Тарихтан білетініміздей, Хорасан атаның шын есімі - Әбдіжалил Баб. Шамамен ҮІІІ ғасырда өмір сүрген данышпан тұлға. Қазақ жерінде ислам діні мен мәдениетінің таралуына атсалысқан ойшыл. Ежелде өзінің әділеттілігімен, шешенділігімен дараланған патша болған.

Рамазан айы басталғалы қасиетті кесенеге зиярат етушілер қатары артқан. Біреуі бабадан тілек тілей келсе, енді бірі Хорасан атның әруағына сиынуға ат басын бұрады. Биліктегілер бұл нысан ішкі туризмді дамытуға септігін тигізіп отырғанын айтады. Қонақтар өзге облыстармен қатар, шетелден де ағылып жатыр.

Ақтөбе облысының тұрғыны Жанар Шырдаулетова жыл сайын отбасымен осында зиярат етуге келетінін айтады. ІІ топ мүгедегі бабадан деніне саулық тілеп, жақындарының амандығы үшін мінәжат етеді, Садақасын беріп, әруақтардың рухына Құран бағыштайды.

"Хорасан ата кесенесіне жыл сайын келуге тырысамыз. Бұл жақтың ауасы өзгеше. Бұрынғы өткен дәуірмен қайтадан қауышқандай боласың. Біздің ата-бабамыз ежелден қасиетті кісілердің әруағынан көмек сұраған. Қанша уақыт өтсе де бұл наным - сенім жоғалған жоқ. Қолымыздан келгенше қасиетті жерлерді аралауға шығамыз", - дейді мүмкіндігі шектеулі жан.

Хорасан ата кесенесіне келген кісілер бірнеше талаптарға сай болуы керек. Мұсылмандық парызға сай ғұсыл дәретіні бар азаматтардың келгені дұрыс. Әйел адамдардың басында орамалы, денесі толықтай жабық болуы шарт. Бұл ережелердің сақталуын қадағалайтын кесене шырақшылары да бар.

Зиярат етушілер алдымен Хорасан атаның бейітіне барып, Құран бағыштайды. Мұнан соң бабадан тараған ұрпақтарының бейітіне барып мінәжат етеді. Мұнда қасиетті тұлғаның балалары мен бауырлары жерленген.

Хорасан ата кесенесінің өзге жерлерден ерекшелігі мұнда Меккедегі қасиетті "Қағбаның" көшірмесі бар. Бұл нысанның бұл жақта пайда болуына қатысты ауыз-ауыздан айтылып жүрген аңыз да қиял-ғажайыпқа толы.

«Ертеде Хорасан атаның баласы Хусаин өте ақылды әрі тапқыр азамат болған екен. Әкесі Хорасан ата әр аптаның қасиетті жұмасында «Тотықұс» аралынан Ақмаямен желдей ұшып, Меккеге барып Бамдат намазын өтеп қайтады екен. Осыны байқаған Хусаин әкесіне: «Сіз қаласаңыз, Меккедегі Кагбаны осында көшіріп әкелейін. Сол кезде жұма сайын әуре болып жүрмейсіз» -деген екен. Сонда Әбдіжәлел баб баласын сынау үшін келісімін беріпті. Бір күні таңертең баласы үйге кіріп: «Әке, Кагбатны әкелдім, қай жерге түсіргенім дұрыс» - деп сұрайды. Баб сыртқа шықса, үй бойындай биікте кілем үстінде Кагба тұр екен. Сонда Хорасан ата: -Балам сені сынайын деп едім, құдіретіңе сендім. Жерге түсірме Қағбаның көлеңкесін сызып алайын, өзін қайта орнына апарып қой. Бұл жерде аяқ асты болады ғой. Өз орнында тұрғаны дұрыс", - дейді. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Кагба сол сызып алынған көлеңкенің орнында пайда болады.

"Бұл аңызды әр адам әртүрлі айтады. Дегенмен бұл ежелден келген әңгіме. Меккеге бара алмаған адам осы "Қағбаны" 7 рет айналса "кіш Қажы" атанады дегенге сенетіндер де бар. Кейбір кезде осындай әрекетті жасап жатқандарды көрсек, дереу тыйым саламыз. "Қағба" біреу ғана, ол Меккеде. Бұл аңыз аясында салынған нысан. Дегенмен, бұл жердің де қасиетін жоққа шығаруға болмайды", - дейді шырақшы Мұрат Жанәлі.

Хорасан ата кесенесінде де суы шипалы құдық бар. Жаздың аптаған ыстығында шөлді қандыруға болады. Сондай -ақ, бұл су көптеген тері ауруларына ем болады деген сенім бар. Арнайы жуынатын орын да қарастырылған. Суды алып кетемін деушілерге ешқандай шектеу жоқ. Арнайы намазхана мен қонақ үйде қарастырылған.

"Қағба" көшірмесінің ішіне кірсеңіз, ежелден келе жатқан тастарды көруге болады. Қанша уақыт өтсе де сыны кетпеген. Сенім бойынша, тасты ұстап, іштей айтылған тілек міндетті түрде орындалады екен.

Қазір кесенеге атбасын бұратындар көбейген. Рамазан айында зиярат етіп, садақа берушілердің артатын мезгілі дейді шырақшылар. Коронавирус індетіне байланысты барлық санитарлық талаптар қатаң сақталып отыр. Сол себепті бір мезетте топырлаған адамды ішке кіргізуге рұқсат жоқ.

6 15 ER 0.0415
Алматы облысында осыдан төрт ай бұрын, бір топ бала жабылып ұрып, жер жастандырған ұлының мәйітін үш айдан соң, полиция қайта қазғанына қарсылық білдірген ана көмек сұрайды.

Шолпан Абдрахаеваның сөзінше ұлын өліміне себепкерлер әлі бостандықта жүр. Ал полиция күдіктіні қамауға алу үшін дәлел жеткіліксіз депті. Енді тергеушілер тағы да сараптама жасату үшін марқұмды қабірден қазып алмақшы. Бірақ, қаза болған жігіттің жақындары екі сараптама өткізсе де қылмысты аша алмаған Ұзынағаш полициясына сенбейміз деп мәйтті қазып алуға рұқсат бермей отыр.

Қасиетті айда қабыр қаздырмаймын деген ана, қаңтарда қыршын кеткен ұлының қабырын құшақтап жылай берді. Қолғанатым болған жаста, ұлым кісі қолынан қаза тауып, тауым шағылды дейді.

Марқұмның денесін қайта қазып тексеруге бермейміз деген туыстары, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының құзырлы органдарына сенбейміз деп отыр. Өйткені бұған дейін де тергеушілер істі бұрмалап, қажетті дәлелдер жинай алмағандықтан күдікті әлі бостандықта жүр деп ашулы.

"Кіші ұлым екі мың үшінші жылғы. Мына балалар бес бала алдап шақырған. Біреуі шынтақпен ұрып, іш-құрылысының бәріне зақым келген. Анау Нұрғиса деген бала басынан теуіпті, үш бала куігер", - дейді марқұм баланың анасы Шолпан Абдрахаева.

Куәгерлер болса да, күдіктіні қамауға алмаған жергілікті полиция мәйітті қазып алса да, әділ шешім шығармайды деп қынжылған шешесі. Олар осы іске қатысты барлық қызметкерлерді қайта тексеру керек деп талап қойып отыр. Өйткені үй қамақта жүруі тиіс болған, күдікті Нұрғиса есімді азамат қазір тапанша ұстап, тайраңдап, бостандықта сауық құрып жүр дейді.

"Прокоротура сұрап жатыр экспертизаны. Нұрғисаның адвокаты Роза Ғазизовна, бұрын прокоротруда істеген, қазір пенсияға шыққан. Сол прокурор екеуі ауыз жаласып отыр", - дейді марқұм баланың әпкесі Жазира Абдрахаева.

Марқұмның туыстары бұл іске дәлел жетпейді дегенге сенбейді. Өйткені мәйітханадағы анықтамада, соққыдан көз жұмғанын растайтыны жазылғанын айтады.

"Сараптамадан өткіздім. Жабық бас ми жарақаты. Миына қан кетті деп диагноз қойғанбыз. Тергеуші осындай ауру тарихындағы дәрігерлердің түсініктерін, қосымша құжаттарын әкелмеуіне байланысты, сот комиссиялық сараптама дайындау керек деп шешім шығарып жазып бергенмін өз қолыммен", - дейді Жамбыл аудандық сараптама бөлімінің меңгерушісі Базарбай Бәкірұлы.

Ал тиісті құжаттарды толық жинақтамады деген тергеуші Азамат Нұрсұлтан қазір бұл істен шеттеліпті. Оның үстіне Азамат осы кісі өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген Жасұлан есімді күдіктінің туысы болуы мүмкін деген болжам бар екен. Енді Жамбыл ауданы Полиция басқрамасы бұл істі қайта қарап, дәлелдерді жинақтау керек дейді.

"Жаңағы сараптама қосымша керек дегеннен кейін біз осы экгсумацияға санкция алдық. Енді толыққанды бізде дәлеліміз жоқ, оны қамауға алатын", - дейді Жамбыл ауданы ішкі істер бөлімінің аға анықтаушысы Асхат Жанбосынов.

Жамбыл аудандық полиция басқармасымен қазір кінәлілілер анықталыпты. Алайда сотқа дейінге жасалған медициналық сараптаманың екеуінде де марқұмның қайтыс болған нақты себебін көрсетпепті. Енді туыстарының өтініші қайта қаралып, іс ары қарай тергелетін болды.

1 10 ER 0.0303
Бүркіт пен Айша екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған бақытты отбасы. Жұлдызды жұп отбасы құрған шағынан бастап, бала тәрбиесі мен өмірде бастан өткен оқиғаларынан аз-кем айтып берді. Отбасылық ұстаным, әке тәрбиесі мен тіл мәселесін де талқылап өтті.

Бүркіт лақап атымен танылған Айбек Жанссейітов сахналық атты продюсерімен бірге ойлап тапқанын айтады. Ал бір кездері орысша әндер айтып танылған әнші бүгінде тек қазақ әндерін шырқап жүр.

"Мен бірінші продюсерім екеуміз сахналық ат іздеп, екеуміз ойластырып Бүркіт деп таңдаған едік. Содан бастап Бүркіт атанып кеттім. Ол кезде орысша әндерді шырқап жүрдік. Кейін Түркияға бардым. Онда түрік әндері хит олып жатты. Біздің елде де хит болып тұрды. Мен сонда неге қазақ әндерін хит етпеске деп ойланатынмын. Кейіннен Айшамен танысып, отбасын құрған шақтан бастап біржола қазақ әндеріне көштім. Отбасында балаларым орысша сөйлейді, себебі анасы орысша сөйлейді. Мен қазақша сөйлеуге тырысамын. Айша қазақша түсінеді, бірақ сөйлей алмайды. Алдағы уақытта үйренеді", - деді Бүркіт.

Айтуынша, баланың орыс тілін де, қазақ тілін де, ағылшын тілін де меңгеріп өскені жөн. Ол баланың болашағы үшін керек.

"Мен 6-сынып оқығанға дейін орысша білген жоқпын. Орысша түсінбейтінмін. Бірде әкем екеуміз дәрігерге бардық. Дәрігер маған "аузыңды аш" деді. Сонда мен сальто айналып бердім. Өйткені не айтқанын түсінбегенмін. Балаларым солай болмаса деймін. Орыс тілін де білгені жақсы, қазақ тілін де білгені жақсы. Менің ағылшын тілім де нашар. Мектепте жақсы оқымағанмын. Сондықтан бабалардың тіл білгені жақсы деп ойлаймын. Айша жақсы сөйлейді. Шетелде ағылшындармен ағылшынша сөйлеп отырғанда таңғалғанмын" - деді әнші.

3 10 ER 0.0311
Жапонияда көңілдестеріне қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды.

39 жастағы Такаси Миягава құрбандарымен жуанатын бөлмеге арналған тауарды сатып жүрген кезде танысқан. Ер адам әйелдерді үйлену ниеті барына сендірген. Содан кейін туған күніне сыйлықтар сұраған, олардың әрқайсысына әртүрлі күндерді атаған.

Алданған 35 әйел бірігіп, ақпан айында Миягаваның үстінен полицияға арызданған.

Олар ер адамға арналған сыйлықтар мен киімге кем дегенде 100 мың иен (шамамен 400 мың теңге) жұмсаған.

Күдіктінің құрбандарының саны одан да көп болуы мүмкін.

4 12 ER 0.0311
Малидің 25 жастағы тұрғыны бір уақытта тоғыз баланы өмірке әкелді. Әйел 5 қыз бен 4 ұл бала босанды.

Республиканың денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы.

Жас ананың жүктілігін бақылаған Мали мамандары Мароккодағы әріптестерінен көмек сұраған.

"Әйел Африка континентінің солтүстік-батысындағы ауруханалар біріне жеткізілді, онда дәрігерлер ультрадыбыстық зерттеулерге сүйене отырып, әйелдің құрсағында жеті нәресте бар екенін растады", - делінген хабарламада.

Оған кесарь тілігі отасын жасаған дәрігерлер әйелдің бірден 9 нәрестені көтеріп жүргеніне таң қалды.

2 2 ER 0.0191