Статистика ВК сообщества "РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖЕТІСУ"

0+
🇰🇿🇰🇿🇰🇿

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

🌟 Барша қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

✨Ардагерлерімізге, тыл еңбеккерлеріне және бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқан барша замандастарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тілейміз!
_____________________________________________

⭐ Поздравляем всех казахстанцев с Днем великой Победы!

✨В этот особый день желаем ветеранам, труженикам тыла и всем, кто живет под мирным небом крепкого здоровья, долголетия и благополучия!

0 0 ER 0.0155
Құрметті мұсылман бауырлар мен отандастар!

Ұлық мереке құтты болсын! Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла тағала қабыл етсін. Әрбір отбасына бақыт, береке қонғай! Көп ұлт пен ұлысты Отанымызға бірлік пен ынтымақ бергей!

Құрметпен “Алматы облысы бойынша “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесі” ЖШС
#руханижетісу #руханижаңғыру #құрбанайт

0 0 ER 0.0156
2021 жылғы 15 сәуір күні Алматы облысының әкімдігінің қолдауымен Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі және «Жетісу» телеканалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру аясында білім беделін арттыру, оқушылардың жеке тұлға ретінде зияткерлік дамуына ықпал ету және интеллектуалды дарынды оқушыларды анықтау мақсатында өткізілген «Зерде» зияткерлік ток-шоуының кезекті маусымы мәресіне жетті.
Бағдарламаға Алматы облысы бойынша мектептерінен 11 сынып оқушылары арасында мықтылары іріктеліп, барлығы 45 бала қатысты және 5 оқушы жүлдегер атанды. Жобаның жүлде қоры – 3,5 млн.теңге.

0 0 ER 0.0155
✅ Бидің барлық түріне қатысы бар халықаралық би күні жыл сайын 29 сәуірде тойланады.
❗Бұл атаулы күнді 1982 жылы ЮНЕСКО бекітті. 29 сәуірде француздық балетмейстер, би өнерінің реформаторы әрі теоретигі Жан Жорж Новер (1727-1810) өмірге келген. Жан Жорж Новердың тарихта «Бүгінгі балет өнерінің атасы» ретінде қалған.
❗Халықаралық би күні – «барлық биді» біріктіруге қызмет етіп келе жатқан атаулы күн. Бұл өнер түрі әр түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, ынтымақтастық пен бейбітшілікке баулып, этникалық қарым-қатынасты одан әрі нығайта түседі.
💫 Би өнеріне қатысы бар барша мамандар мен қазақ бишілерін бүгінгі халықаралық би күнімен құттықтаймыз!

0 0 ER 0.0000
✅ Рузанов Сергей Викторович – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы ұйымдастырылған «Жомарт жүрек» сыйлығының «Ерен еріктілік» номинациясының жеңімпазы. Жауапкершілігімен және ұйымдастырушылық қабілеттілігімен «Риск» Құтқару жасағы» ҚБ құрды. Құтқару жасағының негізгі міндеті туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға көмек көрсету шаралары. 30-дан астам құтқарушыларды даярлады. 1999 ж. және 2012 ж. жыл сайын «ҚАЗСПАС» Құтқару қызметінің семинар-жиындарына қатысып, Қазақстан Республикасының «Құтқарушы» мәртебесін иеленген. «Қазақстанның Туристік одағы» ҚБ-ті құрудың бастаушысы болды. Алматы облысы әкімдігімен бірлесіп, туризм нұсқаушыларын даярлау бойынша бірнеше рет семинарлар жүргізді. Құтқару жұмыстарына волонтерлік қызметтерге белсенді қатысады.

0 0 ER 0.0000
✅ Молдақасымов Азамат Балтағұлұлы – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы ұйымдастырылған «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жыл тұлғасы» номинациясының жеңімпазы. «ABM Group» компаниясының негізін қалаушы. Балқаш ауданында қайырымдылық мақсатында жыл сайын айтарлықтай қаражат бөледі:
❗«ҚМДБ» республикалық ислам діни бірлестігінің филиалы – «Молдақасым» мешітін салды;
❗ Балқаш ауданы Бояулы ауылында жеке қайырымдылық мекемесін (медресені) салды;
❗ Балқаш ауданы Бояулы ауылында ұзындығы 350 м, қуатты жарықтандыру желісі және ұзындығы 300 м, қуаты 10 кВ электрберілістің жоғары вольтті желісін салды;
❗ Балқаш ауданы Бояулы ауылында ауданы 4.750 ш/м. ауыл арасы жолын және ауданы 380 ш/м балаларға арналған ойын алаңын салды;
❗ Балқаш ауданы, Бояулы ауылында 30 үйге су қыздыру бойлерін орнату және су құбырын салу, тұрғындардың су құбырын желіге қосу бойынша көмек көрсетті;
❗ Балқаш ауданы Бояулы ауылында тереңдігі 80 м су беру үшін ұңғыманы бұрғылау жұмыстарын жүргізді;
❗ Өз қаражаты есебінен Балқаш ауданы Бояулы ауылының орта мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізді.

0 0 ER 0.0000
✅15 мамыр-Халықаралық Отбасы күні.
Отбасы моральдың, махаббат пен жылулықтың қайнар көзі, сондықтан бұл институтты сақтау қоғам алдындағы басты міндет болып табылады.

✨Бұл күні әрбір қазақстандыққа мықты отбасылық бақыт пен амандық тілейміз.

0 0 ER 0.0000
Достар, «Рухани жаңғыру» казақстандық қоғамдық даму институты» отбасы мерекесі қарсаңында әлеуметтік желіде фотобайқау жариялайды. Отбасы құндылықтарын насихаттайтын фотобайқауда бақ сынап, бағалы сыйлық ұтып алыңыз.

Байқауға қатысу шарттары:

🔹фотобайқауға 14-45 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алады;
🔹әлеуметтік желіде 20 тамызға дейін #меніңотбасым, #әкемменбірге, #меніңанам тақырыптары бойынша кемінде 3 немесе одан да көп отбасылық, сапасы жақсы фото жүктеп, отбасыңыз жайлы мағыналы, көпшілікке ой саларлық, ең қызықты, жүрекжарды оқиғаңызбен бөлісіп, ата-анаңызға, балаңызға шынайы сезіміңізді білдіру керек;
🔹постта әкенің рөлі, ананың мейірімін насихаттап, отбасымен бірге уақыт өткізіп, жанұяның берекесін, бақытын көрсету маңызды;
🔹фотолар арнайы байқау үшін түсірілуі керек☝
🔹әр қатысушы отбасылық фото мен қызықты оқиға баяндалған 3 пост жариялауы керек.
🔹міндетті түрде #меніңотбасым, #әкемменбірге, #меніңанам, #руханижаңғыру, #ұлттықтәрбие хэштегтерін белгілеңіз.

🗓30-шы тамызға дейін арнайы комиссия жеңімпаздарды іріктеп, жарияланған посттарды бағалайды.

Арнайы байқау комиссиясы жоғарыдағы 5 хэштег арқылы байқау жеңімпаздарын анықтайды.

🎁Үздік фото мен үздік отбасылық оқиғаны жариялаған 3 жеңімпазға бағалы сыйлық (ноутбук) табысталады.

Дәл қазір, комментке + белгісін қойып, байқауға қатысыңыз☝🏻

Отбасылық фотобайқауға қатысып, жаңа оқу жылына жаңа ноутбук ұтып алыңыз!💻

0 0 ER 0.0000
«Менің атам – Қаһарман» челленджі

Ешқашан ұмытылмайтын ерлік туралы және ата-бабамыздың советтік Қазақстан жылдары Ұлы Отан үшін деп екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқаны ұрпақтарының мақтанышы. Осы шара аясында әркім өзінің ардагер аталарының майдандағы суретін, қаһармандық ерлігін #меніңатамқаһарман хэштегі арқылы әлеуметтік желілерге жүктейді. Ұйымдастырушы тарап ең қызықты тарихы бар оқиға мен жүрек елжіретер сурет жариялаған желі қолданушысын бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

0 0 ER 0.0000
Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!
Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халықтар бірлігі күніне орай «Қазақстан ортақ үйіміз?» атты өзге этнос өкілдерімен онлайн сұхбат өткізіледі.
Уақыты : 2020 жылғы 30 сәуір. Сағат 11.00 де басталады.

0 0 ER 0.0000