Статистика ВК сообщества "ҚОҢЫРАТ"

0+
Төрт құбыламызды түгелдейік. Ата шежіремізді білейік.

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

ҰЛДАН ЖӘНЕ ҚЫЗДАН ӨРБІГЕН
ҰРПАҚ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?
(Ең толық нұсқа)

Өзінен өрбіген шежіре жалғастыратын
ұрпақты Қазақ - "Ұл" деген.
Ұлдан туған бала - Немере.
Немеренің ұрқы - Шөбере (Немелтай).
Шөберенің ұрқы - Шөпшек.
Шөпшектің ұрқы - Немене.
Немененің ұрқы – Жүрежат (кейде некеге рұқсат берген).
Жүрежаттың ұрқы – Туажат (некеге рұқсат).
Туажаттың ұрқы - Жекжат.
Жекжаттың ұрқы – Жамағайын (ұрқыға айналады).
Жамағайынның ұрқы – Жұрағат (руға айналады).
Қазақтарда өзара – туажаттан басталады.
Шежірелерімізді біле жүрейік!

***
Қыздан туған баланы Қазақ - "Жиен" деген.
Жиеннің баласы - Жиеншар.
Жиеншардың баласы – Дегеншар.
Дегеншардың баласы – Көгеншар.
Көгеншардың баласы - Көбеңшар.
Көбеңшардың баласы - Тебеншар.
Тебеншардың баласы - Өлеңшар.
Халқымыз жиенді осылай жеті атаға дейін таратқан.
Ал, сегізінші ұрпағын - "Қаймана"деген.

***
ЖЕТІ АТА ТАНЫМЫ:

Бірінші атаңыз - Әкеңіз.
Екінші ата - Ата.
Үшінші ата - Арғы ата.
Төртінші ата - Ұлы ата.
Бесінші ата - Тек ата.
Алтыншы ата - Түп ата.
Жетінші ата - Баба.
Сегізінші ата - Ұрқы.
Тоғызыншы ата - Ру
(тоғыз байдалы ту көтеріп ру болған)

***

АДАМНЫҢ ЖАСЫНА
БАЙЛАНЫСТЫ АТАУЛАР

Әр халық адамның жасына байланысты атаулар берген.
Қазақ халқы да мынадай атауларды қолданған:

1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте.
1 жастан 10 жасқа дейін – сәби, жас бала.
1-2 жаста ұл бала – бөбек, қыз бала – бөпе.
2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін, бөбек.
3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса.
6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай.
8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек.
13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім.
16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен.
20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз.
30 мен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек;
қыз бала болса - кәрі қыз, келіншек.
40 бен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы,
әке, көке, әйел, ана, апа, әпке, тәте.
50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел.
60 пен 70 жас аралығы – қарасақал, ата, қара кемпір, әже.
70 пен 80 жас аралығы – ақсақал, ақбұрым.
80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, қария.
ақ үрпек ана, ұлғайған қарт, қария.
90 мен 100 жас аралығы – селкілдек шал-кемпір.
100 жастан жоғарыдағылар – кейуана, баба.

***
ЕР АДАМНЫҢ
ӨЗ ЖҰРТЫНЫҢ АТАУЛАРЫ

Ата – әкенің әкесі, бергі ата
Арғы ата – атаның әкесі
Баба – түпкі ата, үлкен ата
Әже – әкенің шешесі, анасы
Әке, көке – өзінің туған әкесі
Ана, апа – өзінің туған шешесі
Тәте, әпке – өзінен жасы үлкен апасы
Қарындас – өзінен жасы кіші қыз бала
Аға, көке – өзінен жасы үлкен ұл бала
Іні – өзінен жасы кіші ұл бала
Ағайын – бауырлас, аталас адамдар

Жеңге – ағасының зайыбы, әйелі
Келін – інісінің, не ұлының зайыбы
Жиен – күйеуге шыққан апасынан,
не қарындасынан туған бала
Жиеншар – жиеннен туған бала
Жезде – апасының жұбайы, күйеуі
Күйеу бала – қарындасының,
немесе қызының жұбайы, күйеуі

***
НАҒАШЫ ЖҰРТТЫҢ АТАУЛАРЫ

Нағашы ата – шешесінің әкесі
Нағашы әже – шешенің шешесі
Нағашы аға – шешенің аға-інілері
Нағашы апа – шешенің апа-сіңлілері
Нағашы іні – шешенің бауырларынан
туған жасы кіші ер балалар
Нағашы қарындас – шешенің бауырларынан
туған, өзінен жасы кіші қыз балалар
Нағашы жезде – шешенің
апа-сіңлілерінің жұбайы, күйеуі
Нағашы жеңге – шешенің аға-інілерінің,
немесе бауырларының зайыбы, әйелі
Бөле – шешенің апасы, не сіңлісінің ұл-қыздары

***
ҚАЙЫН ЖҰРТТЫҢ АТАУЛАРЫ

Қайын ата – күйеуінің, әйелінің әкесі
Қайын ене – күйеуінің, әйелінің анасы
Қайнаға – күйеуінің, әйелінің ағалары
Қайын бике – күйеуінің, әйелінің апасы
Бажа – әйелінің апа-сіңлісінің күйеуі
Қайын іні – күйеуінің, әйелінің інісі
Балдыз – әйелінің сіңлісі немесе інісі
Қайын сіңлі – күйеуінің қарындасы
Абысын – қайын ағаларының әйелі
Ажын – қайын інілерінің әйелдері
Жезде – күйеуінің апасының жұбайы
Күйеу – күйеуінің қарындасының жұбайы

***
МҮШЕЛ ЖАС

1 мүшел – 13 жас (ер жете бастау)
2 мүшел – 25 жас (жігіттік жаста)
3 мүшел – 37 жас (ақыл тоқтатуы)
4 мүшел – 49 жас (орта жастағы)
5 мүшел – 61 жас (ортадан жоғары)
6 мүшел – 73 жас (қарттық бастау)
7 мүшел – 85 жас (кәріліктің кіруі)
8 мүшел – 97 жас (қалжырау кезі)
9 мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)
10 мүшел – 121 жас (немене сүю)

***
Ханның бағы таярда,
Қараша жұртпен қас болар.
Байдан бақыт таярда,
Дәулетіне мас болар.
Кәріден абырой таярда,
Аңдығаны ас болар.
Жетесіз туған жігіттер,
Жиырма бесте жас болар.

***
Екі қатын алғанның дауы үйінде,
Жаман қатын алғанның жауы үйінде.
Жақсы қатын алғанның тойы үйінде,
Жаман қатын алғанның соры үйінде.

***
Үйде бір күн ұрыс болса,
Қырық күн ырыс кетеді.

***
Қатын алсаң, таспа белді торыны ал,
Не болмаса, аққұбаның зорын ал.
Олар болмаса, қажымайтын қараны ал,
Бұл үшеуі болмаса, жүзі сары, көзі көк,
Былшылдаған сөзі көп, соған жолығарсың!

***
«Ұрымын» дегенше, «құрыдым» де!

***

24 1 ER 0.4847
Бул Керемет магыналы ангиме
ӨЛІ РАЗЫ БОЛМАЙ...

Жүрек көзі ашылған бір әулие жапан түзде келе жатып, түнде жалғыз қалады. «Жалғыз қалсаң, зиратқа түне» деген сөз есіне түсіп, қорымға барып қоныпты. Түннің бір уағы болғанда ол қабір әлемінде еріндері кезеріп, беттері жарылып, шұбырып кетіп бара жатқан тобырды көреді. Бұл олардың көшбасшысымен тілдесіп:
- Кімсіңдер? Бұл не тобыр? Жаяулап-жалпылдап қайда бара жатырсыңдар? - деп сұрайды. Аруақ:
- Біз - осы қорымдағы аруақтармыз. Ұлық Алла бізге мейірім-шапағат етіп, әр сәрсенбі кешке қарай Құранның сауабын алу үшін үйімізге қайтарады. Егер ұрпақтарымызда Құран оқытатын жер болса, сол жерден нұр алып, қуат алып, жұма күні түстен кейін қайтамыз, - дейді де жүріп кетеді.
Әулие кісі оқиғаның нәтижесін көру үшін жұма күні қорымға тағы да түнепті. Бұл жолы көштің алдында желмая мінген бақытты кісілер келе жатыр екен. Оларға сәйгүлік мінген қуанышты жандар ілесіпті. Осылайша көш сән-салтанатымен жалғасып кете беріпті. Көштің соңғы жағында тай мінген, тайқар мінген пақырлар келе жатыр. Ең соңында бір кемпір мен шал арып-ашып, көшке зора ілесіп келеді. Әулие кісі осы екі бейбақпен тілдесіп:
- Сендер неге жаяу келе жатырсыңдар? Сендерге не себепті көлік нәсіп болмады? - деп сұрайды. Олар:
- Біз екі күн құран дәметіп, бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады. Ешбір үйде бізге арнайы Құран оқылмады. Ал мына сән-салтанаты асып, көліктің жақсысын мінгендер - Құранға қарық болғандар. Түйе мінген, ат мінген бақытты жандардың бала-шағасы арнайы ас беріп, көрші-қолаңдарын жинап, марқұм бауырларына Құран оқытты. Ал біздің артымызда жалғыз ұл қалып еді. Одан хабар жоқ. Өлі болса, қасымызда жүрер еді. Соған қарағанда ол тірі. Бірақ бізге арнап құран бағыштаған емес. Соның себебінен біз осындай пұшайман халге түстік. Қабірстанда Құраннан басқа зат бізге азық болып жарытпайды екен, - деп мұңын шағыпты.
Ертесіне әулие кісі қос бейбақтың жалғыз ұлын бір байдың қойын бағып жүрген жерінен тауып алып:
- Әй, балам! Мына баққан малыңа бай не ақы төлейді? - деп сұрайды.
- Жылына он саулық, - дейді қойшы.
- Тілімді алсаң, бір саулықты сойып, әке-шешеңе құран бағышта. Олар Құранға мұқтаж, - дейді.
- Мен өзім жарлы жетіммін. Тапқан малым қара басыма зорға жетеді. Жасым келсе де, әлі қатын ала алмадым. Құран оқытуға шамам жоқ, - дейді ол. Әулие кісі:
- "Өлі риза болмай, тірі байымайды" деген. Ата-анаңның аруағын риза етсең, тұрмыс-тіршілігіңді Тәңір өзі түзейді. "Тірі дүниеге тоймайды, өлі Құранға тоймайды" деген. Бірінші солардың мұқтаждығын өте, - дейді. Жетім бала әулиенің тілін алып, бір саулығын сойып, бейсенбіде көрші-қолаңды жинап, Құранды оқытады. Әулие жұма күні қорымға тағы түнейді. Баланың ата-анасы қос-қос тұлпар мініп, көштің алдында мейманасы тасып, шат-шадыман халде келе жатыр екен. Көп ұзамай, жетім баланың мал-басы көбейіп, жақсы жерден қалыңдық айттырып, ешкімге күні түспейтін бақытты ғұмыр кешипти.

Қабырда қойылатын сұрақтар: 1)Сенi кiм жаратты? (Аллаh), 2)дінiң не? (ислам), 3)кiтабың не? (құран карим), 4)кiмнің үмметiсiң? (Мұxаммед мұстафа саллаллаxу алейxи уасалламнiң), 5)құбылаң кайда? (қағба-и муаззамада), 6)кiмнiң ұрпағысың? (адам алейxиссаламның), 7)кiмнiң милетiнненсiң? (Ибраxим алейxиссаламның). Сендердiң бiлулерiң парыз болған нәрсе! АЛЛАХ разылығы үшiн таратыңызшы, өзгелер де бiлсiн. 16-ақ адамға тарат,ертең жақсылық болады деген өзiң бiлiп, бiлмегенге бiлдiрсең сауап...

0 0 ER 0.0585
Мына қызықты караңыз.
Ғалымдардын айтуынша,казіргі уақыттың тез өтуіне байланысты зерттеу жумыстарын жүргізген.
Әр ғасырда кун 360 кунге қысқарады екен,
Сонда есептеп караныз,бул деген куніне 24 сагат деп есептеп жургеніміз ,17 -сагат екен.
Сондыктан кун тез өтіп жатыр ,
Бугін жума болып жатса ,козді ашып жумғанша келесі жума келіп калганын байкамаймыз.
Казіргі адамдардың өз жасына лайык емес,жас көрінетіндігі де,сондыктан екен.
Осыдан 100 жыл бурынғы адаммен казіргі адамды салыстырып карап зерттегенде акылы есі мен,ойлау қабілеті жер мен көктей.
Мысалы: казіргі 10 жасар бала бурынгы жаспен есептегенде 6 жас 4 ай екен..
Мысалы 60 тагы адамды алайық.
Олар бурынгымен салыстырганда 39 жастагы адам екен.
Сондыктан адамнын жасы жылдан жылга кыскарып,акыр заманга әкеле жатыр деген сөз.
Негізі адамдардың пиғылы азайган сайын ,заман да сол адам ниетіне карай тарылып жатыр деген болжам бар.
Адамдар соңғы замандарда айуан сиякты болып кеткен.
Бір біріне,мейрім жоғалады .
АЛЛА ның кудіретін ғалымдар да мойындап отыр.
Айуандардын жасы ен коп жасаган кәрісі 20 жас екен.
Сол айуанга берген жасын, адамдарга әкеле жатырганын,тусінейік,
Ей адамзат, неге *АЛЛАНЫҢ* бізге берген сыйын кадірлемейміз.
Әлі де,Алла кешірімді ,оз озіміздің кадірімізді жоғалтпайық,ниетімізді дурыс жолга жумсайык.
Мейірімді болайық,
Жоққа көмек,барға салауат жасайық....
(Автор ......)

1 0 ER 0.0500
*"Уақыт"* дейтін тұлпар бар,
Тоқтамастан шабатын.
*"Арман"* деген сұңқар бар,
Кеңге жайған қанатын.
*"Бақ"* деген бір жұлдыз бар,
Кез келгенге қонбайтын.
*"Байлық"* деген бір мұз бар,
Қолыңда мәңгі болмайтын.
*"Мансап"* деген төбе бар,
Екінің бірі шықпайтын.
*"Сабырлық"* деген кеме бар,
Ағынмен бірге ықпайтын.
*"Пейіл"* деген алаң бар,
Тарылып кейде қалатын.
*"Сезім"* деген алау бар,
Жүректе ғана жанатын.
*"Азғындық"* дейтін қауым бар,
Шайтанның сөзін ұғатын.
*"Имандық"* дейтін ауыл бар,
Жұмаққа жақын тұратын.
*"Ашу"* деген дұшпан бар,
Өкінішке бастайтын.
*"Күншілдік"* деген мыстан бар,
Айналаны ластайтын.
*"Үміт"* деген жалын бар,
Өшірмесең өшпейтін.
*"Қиял"* деген сағым бар,
Қапелімде көшпейтін.
*"Мінез"* деген қалып бар,
Өзгертуге келмейтін.
*"Ақыл"* деген алып бар,
Жауға сені бермейтін.
*"Тәкаппарлық"* тағы бар,
Айналаны көрмейтін.
Бұл Өмірде бәрі бар,
Дегеніңе көнбейтін.
Бәрін айт та,
бірін айт,
Құдіретті АЛЛА бар.
Көрініп көзге келмейтін,
Қиямет күні болғанда,
Осының бәрін тергейтін.
Жаратқан мына жалғанды,
Сөзінің жоқ жалғаны.
*"Өмір"* деген сынақта,
Ұмытпайық *АЛЛАНЫ.*

0 0 ER 0.0416