НАМАЗДЫ БҰЗАТЫН ОН АМАЛДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?
1️⃣Тәләффуз (дыбыс шығару) – әдейі жөтелу, дыбыс шығарып күрсіну.
2️⃣ Тәкәллум (сөйлеу, айту) – намазда сөйлеу немесе бірнәрсені айту.
Муғауия ибн Хакәм (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (ол кісіне Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізеді: «Намаз адамдардың сөйлеуі үшін арналмаған, ол тек тәсбих, тәкбир және Құран оқудан тұрады». (Муслим)
3️⃣ Тәслим (сәлемдесу) – намаз уақытында біреуге сәлем беру немесе әлдекімнің сәлеміне жауап қайтару.
4️⃣ Дүниелік дұға – намаз уақытында қандай да бір дүние істері туралы дұға ету.
5️⃣ Докх– намазда дауыстап, қатты күлу.
6️⃣ Букәә – намазда жылау (егер тәубе етіп немесе тақуалықтан көңілі босап жыласа, онда намазды бұзбайды).
7️⃣ Әкл - намаз уақытында тамақ жеу (яғни, көлемі бұршақ тәріздес қандай да бір қоректі жұту).
8️⃣ Шурб – намаз оқу уақытында ішу (яғни, қандай да бір сусында немесе сұйық с затты ішу).
9️⃣ Ғамал кәсир – намаз оқып жатқандағы артық қимыл-қозғалыс. Яғни, сырттай қараған адам намаз оқып жатқан кісіні намазда емес деп ойлайтындай қимыл-қозғалыс жасау. Адамның күнделікті өмірде жасайтын қимыл-қозғалыстары (киіну, жүру, қарау т.б). Сондай-ақ, бұған әрбір тәкбірде, рукуғ алдында және одан кейін, сәжде алдында және рәкағаттар басында (қиямда) қолды көтеру жатады.
Тәкрар әл-фиғл – қандай да бір әрекетті намаз уақытында үш рет қайталау (мысалы, бетін үш рет сипау, денені үш рет қасу, киімдегі түймені таққанда немесе ағытқан кезде үш реттік қозғалыс, бір уақытта үш қадам жасау (қажеттілік жағдайында, алдыңғы қатарда орын болса алға жылжуға болады) т.б .
🩸 Жазба ұнаса лүпіл басып, бөлісуді ұмытпаймыз!
[club198166409|Mihrab.kz]
Статистика ВК сообщества "Любимый полуостров"
По вопросам рекламы, обращайтесь к админам в разделе КОНТАКТЫ
Количество постов 149
Частота постов 18 часов 31 минута
ER
1.21
Нет на рекламных биржах
Графики роста подписчиков
Лучшие посты
ДӘРЕТПЕН ҰЙЫҚТАУДЫҢ 6 ПАЙДАСЫ
1️⃣ Дәретпен жатқан кісіге періштелер дұға етеді.
Ибн Омар (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді:
«Кімде кім таза халінде (дәретті) ұйықтаса, ол үшін бір періште «Уа, Алла! Бұл пендеңді мағфирет ет! Өйткені, ол пәк (таза) халінде ұйықтады» дейді»
️ Сахих Ибн Хиббан
⠀
2️⃣ Дәретпен жатқан кісінің дұғасы қабыл болады.
Муғаз ибн Жәбәл (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді:
«Қайсыбір момын пенде Алланы зікір етіп, пәк халінде ұйықтаса, түнде тұрып Алладан дүние-ақырет жақсылықтарын сұраса, Алла оған сұраған нәрсесін міндетті түрде береді»
️ Сунан Әбу Дәуд
⠀
3️⃣ Қиямет күнінде де дәретті (таза) боп тіріледі.
Ғұламалар пікірінше «ұйқыға жатар алдында дәрет алу» өлімге даярлықтың алғашқы қадамы боп саналады. Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) былай дейді:
«Дәрет алып жатып ұйықтап, сол күйі жан тапсырған кісінің рухы дәретті боп (қайта) тіріледі»
️ Фатх әл-Бәрии, Ғумдат әл-Қори
⠀
4️⃣ Дәретпен ұйықтау жаман, жағымсыз түстер көруден сақтайды.
Ибн Хажар әл-Асқалани (Алла оны рахмет етсін) былай дейді:
«Кімде кім дәрет алып ұйқыға жатса жақсы түс көреді»
️ Фатх әл-Бәри
Мұхаммед Зәкәрия әл-Ханафи (Алла оны рахмет етсін):
«Дәретпен ұйқыға жату жаман түстерді көруден сақтайды», - дейді.
️ Тақрир әл-Бұхари
⠀
5️⃣ Дәретпен ұйқыға жату түнді құлшылықпен өткізгендей сауапқа жеткізеді.
Әл-Ижлии (Алла оны рахмет етсін) былай дейді:
«Кімде кім дәретпен, Алланы зікір етіп ұйықтаса, оянғанға дейін түні бойы ғибадат еткендей сауапқа қол жеткізеді»
️ Фатх әл-Бәри
⠀
6️⃣ Дәретпен жатқан кісінің рухы Аршының алдында сәжде етеді.
Әбу Дарда (Алла оған разы болсын) былай дейді:
«Момын пенде ұйықтағанда оның рухы Аршыға көтеріледі. Егер, пенде дәретпен жатқан болса, оның рухына Аршта Алла Тағалаға сәжде етуге мүмкіндік беріледі (яғни, оның рухы жоғары дәрежелерге көтеріледі)»
️ Ибн Мүбарак, Китаб әз-Зуһд; Фатх әл-Бәри
Пайғамбарымыз ﷺ айтады:
«Кімде кім дәретті бола тұра дәрет алса, Алла оған он (сауап) жақсылық жазады»
️ Сунан Әбу Дәуд
Хазреті Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді:
«Сіздердің біреуіңіз дәретті кемел, толық түрде алып, сосын *«Әшһәду әл-лә иләһә иллә Аллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә Расулуһу» *деп айтса, Жаннаттың сегіз есігі оған міндетті түрде ашылады, ол (кісі) оның қалағанынан кіреді»
️ Сахих Муслим
⠀
️ Әзірлеген [club198166409|Mihrab.kz]

Бір күні Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітке сахабаларымен келген кезінде намаздағы соңғы отырысында былай деп дұға етіп отырған кісіні көреді. Ол өзінің дұғасында:
اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ يَا اللَّهُ الأَحَدُ الصَّمَدُ الَّذِي لَمْ يَلِدْ وَلَمْ يُولَدْ وَلَمْ يَكُنْ لَهُ كُفُوًا أَحَدٌ أَنْ تَغْفِرَ لِي ذُنُوبِي إِنَّكَ أَنْتَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ
«Иә, Аллаһым! Сенен жалбарына сұраймын! Сен Жалғыз әрі Мұқтажсызсың! Тумаған әрі Туылмаған. Сондай-ақ, Өзіне ешкім тең болмаған. Менің күнәларымды кешіре гөрші. Расында Сен Өте кешірімді, Өте мейірімдісің», – дейді.
Сонда Алла расулы (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кешіріліп қойды бұл адам. Кешіріліп қойды», – деп үш мәрте айтады.
️ Сунан Нәсәи, 3101; Сунан әби Дәуд, 907
Әзірлеген: [club198166409|Mihrab.kz]

Біле жүріңіз...
Алла Елшісі (салла аллаһу ғалайһи уә сәлләм) ғұмырында тоғыз Рамазан оразасын тұтқан. Имам ән-Науаи айтады:
""Алла елшісі (салла аллаһу ғалайһи уә сәлләм) тоғыз жыл рамазан оразасын тұтқан. Себебі, ораза һижраның екінші жылы шағбан айында парыз болған еді. Ал, пайғамбарымыз (салла аллаһу ғалайһи уә сәлләм)һижраның он бірінші жылы рабиул әууал айында дүние салды".
️ "әл-Мажмуғ, 6/205

Бүгін соңғы тарауих оқылды...
Алла біледі келесі Рамазанға жетеміз бе, жетпейміз бе...
Алла қабыл етсін оразаларымызды, осы Рамазанда жасаған барлық амалдарымызды, әәмиин.

АЙТ КҮНІ МЫНА СҮННЕТТЕРГЕ МӘН БЕРІҢІЗ
1️⃣ Айтқа қараған түні нәпіл намаз оқу.
“Сауабын Алладан үміт ете отырып, айттың түндерін құлшылықпен өткізген жанның жүрегі барлық жүректер өлетін күні өлмейді (Ибн Мәжә, 1782)
2️⃣ Құрбан айт күні үйден ауыз ашпай шығу.
«Пайғамбар ораза айтында үйден дәм ауыз тимей шықпайтын. Ал құрбан айтында намаз оқымайынша тамақтанбайтын» («Сунан ат-Тирмизи»: 2/426)
3️⃣ Өзара құттықтау сөздерін айту
«Сахабалары айт күні кездескенде бір-бірлеріне: «Алла бізден де сенен де қабыл етсін!», – деп айтатын» (Фатхул-Бәәри, 2/446)
4️⃣ Намазға ертерек және жаяу барып, жаяу қайту.
«Алла елшісі айтқа жаяу барып, жаяу қайтатын» (Ибн Мәжә, 1/411)
5️⃣ Үйге басқа жолмен оралу
«Пайғамбар айт күні барған жолынан басқа жолмен оралатын» (Бухари, 2/23)
6️⃣ Үйге барғасын екі рәкәт нәпіл оқу
«Алла елшісі айт намазының алдында ешқандай намаз оқымаушы еді. Ал үйіне оралғанда екі рәкағат намаз оқитын» («Сунан Ибн Мажа»: 1/410)
7️⃣ Киімдердің ең жақсы әрі тазасын кию
«Алла елшісі айт күні қызыл шапанын киіп шығатын» (Табарани, 7/316)
8️⃣ Ғұсыл алу, хош иіс себіну
«Алла Елшісі айттың алдында (түнде) айт намазына бармас бұрын ғұсыл-дәрет алатын және жанұясына да ғұсыл-дәрет алуларын талап ететін.» (Муатта,Муснад Ахмад 4/79, Ибн Мәжә 169)
️ ЕСКЕРТУ
Айт намазының қазасы оқылмайды. Оның орнына төрт рәкәт нәпіл намаз оқу ұнамды саналады.
«Кім айт намазын өткізіп алса, төрт рәкағат оқысын» (әл-Һайсәми. «Мажмағаз- Зауааид»: 2/442)
Егер айт намазында дәрет бұзылса және дәрет алып келгенге дейін намаз аяқталып қою қаупі болса, таяммум алып жалғастыруға болады.
«Жаназа намазын өткізіп алудан қорықсаң және дәретсіз болсаң, таяммум алып оқы» («Нусб ар-Рооя ли Әхаадиис әл-Һидая»: 1/158.)
️ Жаназа және айт намаздары үкім жағынан бір-бірімен ұқсас. Бұл намаздардың қазасы өтелмейді.
️ Әзірлеген [club198166409|@mihrab_kz]
Жазба ұнаса лүпіл басып, бөлісеміз!!!
АЙТ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

Әл-Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешіті – сөзсіз әлемдегі ең «таласымды» мекен болып табылады. Мыңдаған жылдар бойы оған үстемдік ету үшін адамдар жандарын пида етті десек, асыра сілтеусіз айтқан болармыз.
⠀
Әл-Ақса мұсылмандардың жүрегінде ерекше орынға ие – ол Исламның үшінші қасиетті мекені. Осы жерге Алла елшісі ﷺ Исра мен Миғраж сапарында апарылған болатын. Бұл мешіт ең ғажайып басқосудың куәгері болды – барлық Пайғамбарлар (әлейһим сәләм) Алла елшісіне ﷺ ұйып намаз оқыды. Осы орайда, әл-Ақса мешіті жайлы маңызды БЕС ДЕРЕКТІ ұсынамыз:
⠀
1) Біз «әл-Ақса» деп атап үйренген аумақта, шын мәнінде, бірнеше мешіт бар. «Мәсжид әл-Ақса» деген кезде, біз кешеннің оңтүстік бұрышы деп түсінеміз. Расында бұл «Қыбыла мешіті», ол қыбылаға жақын болғандықтан солай аталып кеткен. Төбенің барлық бөлігі «Мәсжид әл-Ақса» болса, кейде шатаспас үшін «Харам әл-Шариф» деп те аталады. Бұл аумақта тарихи оқиғалармен байланысты басқа да мешіттер бар: Пырақ Мешіті, Маруәни Мешіті және басқалары.
⠀
2) Жартас Күмбезі – Исламда алғаш салынған күмбез десек қателеспейміз. Ол омейяд Халифы Әбдуль Мәлік ибн Мәруәнның басшылығымен салынған еді. Дерек көздеріне сүйенсек, алғашқы кезде ағаштан жасалған күмбез жезбен, қорғасынмен және күйіктас қабаттарымен қапталған болатын. Мың жыл өткеннен кейін, османдықтардың үстемдігі кезінде Халиф Сүлеймен сұлтан уақытында, күмбез алтын қабатпен қапталды. Сонымен қатар, ғимараттың қасбетінде османдық тақталар орнатылды.
⠀
3) Исламның ұлы батырларының бірі Нуруддин Зәнки әл-Ақса мешітіне арналған арнайы мінбер сақтаған болатын. Ол мінбердің мешіт кресшілерден азат болған кезде (сенімінің беріктігіне таңқалуға болады) қойылатынына сенген. Бұл мінбер әдемі болумен қатар, бірде-бір шегесіз және желімсіз жасалған еді. Өкінішке орай, Нуруддин Зәнкидің өзі жеңісті көрмей өмірден өтіп кетеді. Алайда, оның ізбасары Салахаддин ұстазының қалауын іске асырады. Иерусалимның тарихта екінші рет азат болуынан кейін, мінбер мешітке орнатылады. Қолөнершілер мен ұсталар арасында бұл мінбер әлі күнге дейін беделін жоғалтқан жоқ. Өкінішке орай, бірінші бағамда көрсетілген оқиғалар себебінен мінбер сақталмай қалады.
⠀
4) 1969 жылы австралиялық сионисттер Нурудинның мінберін өртеп, Қыбыла мешіті толықтай өртке оранады. Мұсылман әлемі ауыркезеңдерді бастан кешеді. Палестиналықтар бар қолда барымен өртті өшіруге тырысады. Бүкіл үммет ұяттан басын жерге қаратады. Содан бері, мешіт қалпына келтірілсе де, Исламның үшінші қасиетті мекеніне шабуылдар әлі күнге дейін жалғасуда. Мешіттің іргетасын бұзу мақсатында жүргізілетін қазба жұмыстары, рұқсат етілмеген басып кірулер, ескі ғибадатхананы қайта салу жөніндегі қорқытулар күнделікті орын алып келеді. Мәсжид әл-Ақса әлі күтуде.
⠀
5) Алғашқы кресшілер Иерусалимды жаулап алған кезде, әл-Ақса мешітіне жасырынған 70 000 мұсылманды өлтіреді. Қыбыла мешітін сарайға айналдырып, Жартас Күмбезінен (Қуббат ас-Сақра) кішкентай шіркеу жасап, жер асты бөлмелерін атқора қылады. Алғашқы қырқысқа түскен мұсылмандарды мешіт орталығынан алыс емес жерде, үлкен шармыққа керіп тастайды. Бұл шармық кейін Салахаддин жойған жалғыз шармық еді. Әлі күнге дейін сол жерде оның іргетасын көруге болады.
️ [club198166409|Mihrab.kz]

بسم الله الرحمن الرحيم
السلام عليكم ورحمة الله وبركاته
Мұсылман бауырлар, бәріміз білеміз Палестинадағы бауырларымыз қалай қиналып жатқандығын. Мұсылмандар қорғау парыз кифая жерді қорғап, парызды бізден түсіріп отырған бауырларымызды залым яхудилер зарар беріп жатыр. Біздің ол мықты бауырларымызға қастарында болып көмек бере алмайтынымыз қандай өкінішті. Бірақ Раббымыздан шынайы сұрап, дұға етіп көмектесе алатынымыз - ХАҚ. Сол үшін бүгін түнде ТӘХАДЖУД намазын оқып, намаздан кейін Әл Ақса мешіті үшін, сол мешітті қорғап жатқан батыр мұсылман бауырларымыз үшін ДҰҒА жасайық!
Алла Тағала барша қиналып жатқан мұсылмандарға жеңілдік берсін, әәмиин.

Керчь, Героевское, сдаётся жильё с удобствами, трёх местные номера на втором этаже. 200 метров прекрасный песчаный пляж, рядом раскопки древнего города нимфей, 6 век до нашей эры. Опукский заповедник с розовым озером 20 км. 89787165364 ватсап вайбер