Статистика ВК сообщества "🌟ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ/ПСИХОЛОГИЯ 🌟"

0+
қызықты жұлдызнама

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

📌 Есте сақтайтын 30 қағида 📌

1. Өзіңді қуантатын ұсақ-түйектен ақша аяма.
2. Біреу ұнаса – жасырмай өзіне айт.
3. Дәл бүгін лайықты өмір сүр, өйткені өткенің оралмайды, ал ертеңге жете алмай қалуың мүмкін.
4. Түсініксіз болса – сұра.
5. Кездескің келсе – шақыр.
6. Бірдеме қажет болса – өтін.
7. Ешқашан дауласпа.
8. Жұрт сені түсінсің десең – түсіндір.
9. Егер кінәлі болсаң –дереу кешірім сұра, ақталудың жолын іздеме.
10. Әрдайым есіңде тұт, әркімнің өз шындығы бар, олардың шындығы сенікімен үйлесе бермейді.
11. Ақымақтармен араласпа.
12. Өмірдегі ең бастысы – махаббат, қалғаны – қу тіршілік. Отбасыңмен тату бол.
13. Адамның проблемасы тек оның басының ішінде.
14. Қоршаған ортада жауыздық та, ізгілік те жоқ, ол үшін сен өмірде барсың ба, жоқсың ба бәрібір.
15. Әр оқиғадан өзіңе ләззат таба біл.
16. Әрқашан есіңде болсын, енді сенің басқа өмірің болмайды.
17. Үнемі қамығып, мұңая берме.
18. Теледидарды көп қарама, өмірге теледидар кейіпкерлерінің көзімен қарап кетесің.
19. Мүмкіндігінше ешкімнен қарыз алма, қарыз алсаң – дереу қай­тар.
20. Есіңде болсын, ешкім саған қарыз емес.
21. Саясатпен айналыспа, саясат адамдарды ашындырады.
22. Өмірде Абай айтқандай тек өзіңе ғана сен.
23. Біреулердің уәдесіне сенбе, өзіңнің ішкі көңіл көзіңе сен.
24. Әйелдерге балаларға қарағандай, төзіммен әрі жеңілдікпен қа­ра.
25. Әйелдерді құрметте әрі ая, өйткені олардың өмірі тым күрделі.
26. Егер көңіл күйің пәс болса, өлген кезіңде ол да болмайтынын ой­лан.
27. Дәл бүгінгі күнді өміріңдегі ең тамаша күн сана.
28. Есіңде болсын, әділдікке ұмтылғаннан гөрі ізгілікке ұмтылған жақсы.
29. Қандай күйде болса да ата-анаңды ұмытпа. Жақсы сөйле. Оларға қызмет ет.
30. Алладан басқа мәңгілік досың жоқ екендігін есіңде ұста!

12 0 ER 0.0715
Үтіктен қалған дақты кетіру

Киіміңізді үтікке күйдіріп алсаңыз, оны лақтырудың қажеті жоқ. Киімдегі үтіктен қалған дақты кетіру үшін төменде көрсетілген кеңестерді орындасаңыз болғаны.

1. Киіміңізді үтікке күйдіріп алған жағдайда, киімдегі дақ терең болмаса, арасына уақыт салмай кір сабынмен жуыңыз.

2. Киімдегі үтіктен қалған дақты сумен сулап, үстіне ас содасын себіп қойыңыз. Сода сіңген соң дақты шетінен ортасына қарай ысқышпен абайлап тазартыңыз. Егер дақ толықтай кетпесе, әдісті қайтадан қайталаңыз.

3. Жоғарыдағы әдістер көмектеспесе, дақты жылы сумен сулап, үстіне тұз себіңіз. Мата кепкен соң, матаны тұздан щеткамен тазартыңыз.

4. Үтіктен қалған дақты кетірудің тағы бір жолы − даққа лимон шырынын құйып, үстіне қант ұнтағын себу. Қоспа кепкен соң, оны жылы суға жууыңыз керек.

5. 2:1 қатынаста сірке суын және қарапайым суды араластырып, қоспаға киімді салып қоямыз. Біраз уақыттан соң жуып аламыз.

6. Үтіктен қалған дақты кетіруге сутегі тотығы да көмектеседі. Ол үшін даққа сутегі тотығын құйып, кептіресіз. Содан соң киімді қарапайым жолмен жуып алу қажет.

Кейбір жағдайларда жоғарғы әдістердің көмегімен де кетпейтін дақтар болады. Ондай жағдайда киіміңізді химиялық тазартуға беріңіз. Бір ескерте кететін жайт, қабылдаушыға дақты кетіру үшін қандай заттарды қолданғаныңызды айтуды ұмытпаңыз

11 0 ER 0.0418
Ең нәтижелі 10 іс-қимыл

Жаңадан танысқан адаммен сөйлесу барысында оның сіз туралы ойын алғашқы 4 минутта-ақ қалыптасады. Әрі сіз туралы әсері сөзіңізден гөрі вербалды емес, яғни сіздің іс-қимылыңыз арқылы қалмақ.

1. Алақаныңызды бүкпей отырыңыз

Сіздің қолыңыз әңгіме үстінде әңгімелесуші адамға көрініп отыруы тиіс. Мұндай белгіге қарсы алдыңызға кісінің миы бірден назар аударады. Әңгімелесушіңіз сіздің сөздеріңізге оң көзқараспен қарап, кездесуіңіз жақсы өтпек.

2. Саусақтарыңызды әрлі-бері жая бермеңіз

Жұрт алдында сөз сөйлегенде саусақтарын біріктіріп, қолын иегінен төмен ұстайтындар сенуге тұрарлық адамдар екенін естен шығармаңыз. Сондықтан, саусақтарыңызды, қолыңызды иегіңізден жоғары көтеріп, соза бермеңіз. Бұл сіздің абыройыңыз бен басқа адамдардың сізге деген көңілін түсіреді.

3. Шынтағыңызды сүйенішке қойыңыз

Егер адам шынтағын орындықтың сүйенішіне тіреп отырса, беделі жоғары, ерік-күші мықты тұлға болып көрінеді. Әлбетте, сіз де осылай отырсаңыз, әңгімелесушіге оң әсер қалдырасыз. Ұялшақ, әлсіз адамдар орындыққа жабысып отыруды жөн көреді. Бұлай отырудан қашық болыңыз.

4. Өз кеңістігіңізді сақтаңыз

Жақсы танымайтын адамның жеке кеңістігі бар екенін ойыңызда сақтаңыз. Алғашқы кездесуде бұл өте маңызды. Егер әңгімелесушіге тым жақындап кетсеңіз, ол өзін ыңғайсыз сезініп, кері шегінуі мүмкін. Жасы өзіңізбен қатарлас адаммен жақын тұруға болады, ал үлкен мен жас арасындағы кеңістік үлкен болғаны абзал.

5. Қарсы жақтың қимылын айна-қатесіз қайталаңыз

Әңгімелесуші адамның сөйлеу мәнерін, қимыл-қозғалысын, өзін қалай ұстайтынын дәлме-дәл қайталап отырыңыз. Сіздің оған деген қызығушылығыңыз артқанын байқап, соңында сізбен араласу өте оңай екендігін айтатын болады.

6. Оның сөйлеу шапшаңдығын көшіріп алыңыз

Әркімнің сөйлеу шапшаңдығы ойлауының жылдамдығымен байланысты. Әңгімелесушіңіздің жылдамдығымен бірдей немесе одан сәл жайырақ сөйлеңіз, оның интонациясын, екпінін қайталаңыз. Айналасындағылардан тез сөйлейтін адамды көбіне күйгелек, маңайындағыларға қысым көрсететін адам ретінде қабылдайтынын зерттеулерден аңғаруға болады.

7. Қолыңызды қусырмаңыз

Екі қолын кеудесіне қусырып ұстаған адам жанындағылардан бөлектенгісі келіп, ұнатпағанын білдіреді. Жеке кездесулерде қолыңызды қусырмаңыз, егер жаныңыздағы адам солай жасаса, бұл кейпін өзгертуін сұраңыз.

8. Әңгімелесушіңіздің шынтағынан сүйеп ұстаңыз

Егер ол бірінші болып істемесе, сіздің де жасамағаныңыз дұрыс. Бірақ 3 секундтай әңгімелесушіңіздің шынтағына жай тиіп кетсеңіз, оның сізбен біріге іс бастауға дайындығы 68%-ға дейін көтеріледі.

9. Есімін қайталаңыз

Біреумен жаңадан танысқан кезде қол алысуларыңыз керек. Ққол алысып жатқанда сол қолыңызбен оның шынтағынан немесе білегінен жай ғана ұстап, есімін қайталаңыз. Бұл оның есімін дұрыс естігеніңізді білдіреді. Мұндай әдіс оған жақсы әсер беріп қана қоймай, сіздің болашақта осы есімді ұмытпауыңызға да көмегін тигізеді.

10. Сөйлеп жатқанда бетіңізді ұстамаңыз

Зерттеулерге сүйенсек, өтірік айтып тұрған немесе шындықты жасырып тұрған адамдар мұрны мен бетін көп ұстайды. Бұл адам өтірік айтып тұрғанда оның қан қысымының көтерілуімен түсіндіріледі. Тіпті, мұрныңыз кенеттен қышыса да, жаныңыздағы адамдар өтірік айтып тұр деп қабылдауы мүмкін. Сөйлеп тұрғанда қолыңызды бетіңізден аулақ ұстаңыз.

Жұмыс бабымен келіссөздерге, маңызды кездесулерге барар алдында жақсылап дайындық жүргізіңіз. Бәрін мінсіз орындап жатқаныңызды елестетіңіз. Бәрін алдын ала ойластырып алсаңыз, кездесу сіздің пайдаңызға шешілетініне сеніңіз.

3 0 ER 0.0192
👌 АНАРДЫҢ 9 ПАЙДАСЫ 👌

✅ 1. Халық медицинасы анардың жемісі ғана емес, жапырағын, қабығын, тамырын да емге қолданады. Мәселен, бала емізіп жүрген ананың омырауы жарылып, тілінетін болса, анар жемісінің қабығын ұнтақтап, жарыққа себеді.

Жасушаларды біріктіруші дәрі ретінде анар гүлінің бір шай қасығын 150 г қайнап тұрған суға салып, бір сағат бұқтырады. Осыдан әр жолы 50-60 грамды астан 40 минут бұрын күніне екі рет қабылдайды.

✅ 2. Дизентерияға, жұтқыншақ тамақ ауруына 5 г жеміс қабығын ұнтақтап, 100 г суға 10 минут ақырын қайнатып, ауызды шайқайды. Ішеді.

✅ 3. Асқазан ауырғанда анардың шырынымен тоқтатуға болады. Ол үшін жарты стақан ішсеңіз, бірер сағаттан соң басыла бастайды.

✅ 4. Өтте, оның жолдарында құм тас пайда болса, бүйрек пен қуықта байланған тастарға да анар шырыны әсер етіп, қуып шығуға көмектеседі. Ол үшін 2 ас қасықты астан 20 минут бұрын, күніне 5-6 рет ішіп, екі аптаға созады. Арада бір апта өткізіп, емді қайта жалғастыруға болады.

✅ 5. Күйікке 1:10 мөлшеріндегі анар шырынын жағып, үстіне қабық ұнтағын себеді. Осыдан жұқа қабат пайда бо­лады. Сол қабат асты жылдам жазыла бастайды.

✅ 6. Ішектердің қабынуынан іш сұйылып өткен кезде анар тұқымын қуырып, ұнтақтап, мактің тұқымымен қосып, қайнап тұрған сумен ішетін болса тоқтатады. Тіс ауырып тұрған кезде анар тұқымын балмен қосып шайнап жесе ауырғаны тоқтайды.

✅ 7. Қуырылған тұқымды ұнтаққа айналдырып, күніне үш рет пышақтың ұшымен астан бұрын алып жейтін болса, кеуденің ауырғанын, жүрек қағысын қалыпқа келтіруге, сары аурудың алдын алып, асқа тәбет ашуға көмектеседі.

✅ 8. Тіс түбінің қанауына анар қабығының ұнтағына тең мөлшерде қыша шөбінен, қырмызы гүлден қосып қайнатып, ауызды шайқайды. Бір емделу барысы 10 күн.

✅ 9. Созылмалы тұмауға бір ас қасық ұнтақталған анар қабығына 1,5 ас қасық тал қабығы, 1 ас қасық емен қабығынан 300 г қайнап тұрған суға салып, 15 минут су моншасында ұстайды. Осыны бұқтырып, төртке бөліп ас алдында ішеді.

2 0 ER 0.0157
📌 Ошаған майының пайдасы

Бүгінде көп қыздың әңгімесі әсіресе шаш күтіміне келгенде, ошаған майымен (репейное масло) тығыз байланысты болып кеткені жасырын емес. Қыздардың біразы шаштарын ошаған майымен жуып, қорытындысын мақтанышпен айтып жүр. Неге десеңіз, ошаған майы:

✅ Шаштың түсуін тоқтатады;
✅ Шашты өсіреді;
✅ Шашқа рең беріп, нәрлендіреді.
Дегенмен ошаған майын қалай қолдану керектігін білмей жататынымыз бар. Ошаған майын аларын алып алып, шашқа қалай жағу керектігін білмегендіктен, жақсы нәтижеге жете алмауымыз мүмкін.

Сондықтан біз сізге мына кеңестерді ұсынамыз:

👉 Шашыңызды жылы сумен жуыңыз.
👉 Шашты сығып, шаштың түбінен бастап, ұшына дейін массаж жасағандай етіп, ошаған майын жағыңыз.
👉 Полиэтилен пакетін киіп, басыңызды орамалмен орап қойыңыз.
👉 Компресті 1-3 сағатқа қалдырыңыз. Негізінде түнде ұйықтар алдында жағып, таңертеңге дейін қалдырған дұрыс.
👉 Шашыңызды шампуньмен жуыңыз. Кем дегенде екі рет жуып, сумен шайып тастаңыз.
👉 Шашты табиғи жолмен кептіріңіз.
👉 Процедураны аптасына 1-2 рет істеп тұрыңыз. Кем дегенде 10-12 рет жасаңыз.

Ошаған майы сондай-ақ тырнаққа, теріге, кірпікке пайдалы.

Тырнақтың сынуы мен сау болып өсуі үшін оған ошаған майының бірнеше тамшысын тамызыңыз.
Кірпікті өсірем десеңіз, күніне бір рет кірпікті ошаған майымен сүртіңіз. Қорытындысы бір-екі аптада белгілі болуы керек.
Ванна қабылдағанда, суға ошаған майының бірнеше тамшысын тамызсаңыз, теріңізге пайдасы орасан болмақ.
Ошаған майын дәріханадан алған дұрыс. Бағасы 500-600 теңге тұрады.

Ошаған майын қолданып көрген болсаңыз, кеңес қосып, пікір білдіре отырыңыз.

3 0 ER 0.0122
Құлақ ауруына құлықсыз қарамаңыз......

Құлақ ауруына суық сеп болатындықтан, ол күз-қыс айларында асқынады. Құлақ миға жақын орналасқан, сондықтан ауруға немқұрайлы қарауға болмайды. Сол себепті аурудың алғашқы белгілері пайда болған бойда және есту нашарлай бастаса міндетті түрда дәрігерге тексерілген дұрыс.

Құлақ не үшін ауырады деген сауал бәрімізді мазалайды. Оның ауыру себебі әртүрлі. Алайда тұмау болған жағдайда толық емделіп, айыққан жөн. Себебі тұмау кезінде мұрын бітеліп, су ағып, дене қызуы көтеріледі де есту қабілеті нашарлайды. Ал бұл құлақ ауруы қабынуының белгісі.

Құлақ үш бөліктен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ. Ортаңғы құлақты мұрын-жұтқыншақтың артқы бөлігімен байланыстырып тұратын евстахиев түтігі болады, яғни мұрын мен құлақтың арасын байланыстырып тұратын тесік. Адамға суық тигенде, тұмауратқанда, тамағы ауырғанда не аллергиясы ұстағанда, евстахиев түтігі бітеліп қалуы мүмкін. Осының салдарынан ортаңғы құлақта сұйықтық жиналуы ықтимал. Құлақтың бұлай қабынуын отит құлақ ауруы дейді. Бұл ең жиі кездесетін ауру түрі. Ол көбіне жіті сырқаттардың (жіті респираторлық сырқат, гайморит, баспа) асқынуында пайда болады.

Құлақ ауруы мына себептерден де асқынады:

− мұрын мен мұрын-жұтқыншақ аурулары (аденоидтар, мұрын қалқасының қисаюы, тұмау, мұрынның бітелуімен жүретін аллергиялар). Мұрынмен тыныс алу қиындағанда ортаңғы құлақтан бөлінділер қалыпты түрде шықпайды, соның салдарынан инфекциялық қабыну жағдай туындайды;

− тоңазу;

− тұрмыстық химиялық заттар арқылы дабыл жарғағын зақымдамау және инфекция енгізіп алмау үшін құлақты абайлап тазалау керек.

Отит ауруының негізгі белгілері:

1. Есту қабілеті төмендейді. Бұл дабыл жарғағы артындағы сұйықтықтың дыбыстың таралуына кедергі келтіруінен болады.

2. Жатқан кезде құлақтың ауырсынуы күшейеді. Бұл дабыл жарғағының қабынуы, суық тию не аллергия, тамақ ауруы, балаларда тістің шығуы салдарынан евстахиев түтігі бітеледі. Сонымен қатар бір мезгілде әлсіздік, тәбеттің төмендеуі және дене қызуы жоғарылауы мүмкін.

3. Есту жолынан шырыш, ірің, қанды ірің немесе осының бәрі бірдей бөлінуі мүмкін.

Құлақ ауру түрінің ауырсыну әкелмейтін түрлері де бар. Алайда ауырсыну болмағынымен, ол қабынады. Мұндай отит асқынып кетеді. Себебі көпшілік оны байқамай қалады. Яғни құлағым 1-2 күн ауырып, жазылып кетсе ештеңе етпейді деп ойлайды. Ал қалыптасу кезеңі 30 күнге созылады.

Отит құлақ ауруының емдік жолдары:

1. Аурудың бастапқы кезеңінде, яғни құлақтан ірің аққанға дейін қыздыру, құрғақ жылу спиртті тамшылар, компрес әдістері қолданылады. Алайда оларды абайлап қолдану керек. Ескертетін бір жайт, ірің аққан жағдайда спиртті тамшыларды құлаққа тамызуға және жылы басуға болмайды.

2. Есту жолынан ірің ағып, тазартылған соң емдік тамшылар (спирттік емес) қолданылады. Ең бірінші мұрынға тамыр тарылтатын тамшылар тамызылады. Содан кейін науқас кісіні ауырған құлаққа қарама-қарсы бүйірге жатқызады да құлаққа дәрілік ерітіндінің бірнеше тамшысын тамызады. Содан соң сұйықтықтың тамаққа жеткенін сезгенше саусақпен құлақ төмпешігін бірнеше рет басады. Алайда дәрігер тағайындамаған суық тиюге қарсы немесе антигистаминдік дәрілерді қолданбаңыз. Ол ауруға көмектеспейді.

2 0 ER 0.0087
Тері күтіміндегі қателіктер

Ұйықтар алдында жасайтын күтім таңертеңгі келбетімізге тікелей әсер етеді. Кейде өзіміз байқамай қалатын қателіктер тізімін ұсынамыз.

Бояуды сүртпеу. Ұйықтап жатқанда бояу біз қалағандай жұмыс істемейді. Егер ұйықтар алдында бетіңіздегі бояуды сүртпесеңіз, ол терідегі ұсақ тесіктерді бітеп, қабынуға итермелейді және терінің қартаюын тездетеді.

Күндізгі крем қолдану. Күндізгі кремдер (көпшілігі) құрамында күннен қорғайтын фактор болады. Сол үшін түнгі кремдерге қарағанда бағасы сәл қымбаттау. Ал ондай күннен қорғайтын фактор бізге түнде қажет емес. Арнайы түнгі кремдер қанық әрі тез сіңгіш болады. Соның себебінен түнгі уақытта жасушалар табиғи жолмен қалпына келуіне көмектеседі.

Шашты жіберу. Шашты жинап ұйықтау шарты барлық адамға арналмаған. Тек бет терісі безеу шығуға бейім адамдарға қойылатын шарт. Бізге "майлы тері" сөз тіркесі таныс, сонымен қатар шашта да май болатынын ұмытпауымыз керек. Егер шашыңызды жіберіп ұйықтасаңыз, шаш бетке тиеді. Содан соң шаштағы майлар бет терісінің жасушаларын бітейді. Сондықтан ұйықтар алдында шашыңызды жұмсақ резеңкемен жинап жатқаныңыз жөн.

Массаж жасауды ұмыту. Бетіңізге массаж жасау үш-ақ минут уақыт жеткілікті. Егер үйреншікті ісіңізге айналдырсаңыз, әжімдерден және тері созылуынан қорықпасаңыз болады. Бет терісіндегі ең нәзік және күйзеліс жиналатын көздің айналасына аса мән беру қажет. Бет терісіне массаж жасаудың әдісін алдыңғы материалда айтып кеткен болатынбыз.

Скрабты шектен тыс қолдану. Әрине, тері жасушаларының қабыршақтануынан құтылу дұрыс әрі жағымды. Бірақ скрабты аптасына екі реттен артық қолданбаған жөн. Скрабты көп қолданғаныңыздың зияны 20 жасыңызда білінбейді. Ал 30 жасқа толғанда теріңіз сезімтал бола бастап, қылтамырлардың жарылуына әкеледі. Соның салдарынан теріңіз ауырғыш және сырт көзге шаршаңқы көрінетін болады.

0 0 ER 0.0052
Жоғары қан қысымынан арылудың жолдары

Жоғары қан қысымын болдырмаудың жолдарын қарастырайық...

✅ Асқабақ және лимон.
2 лимон, 1 кг асқабақ, 1 кг қант. Асқабақтың етін (мякоть) және лимонды қабығымен еттартқыштан өткізіп, қант қосып араластырамыз. Тамақтанудан алдын 1 ас қасық қабылдау қажет. Тоңазытқышта сақтаңыз. Қанттың орнына балды қолдансаңыз тіпті жақсы.

✅ Сарымсақ және алма сірке суы.
1 түйір (зубчик) сарымсақ, 1 шай қасық алма сірке суы, 200 мл су. Әр күні таңертең майдаланған сарымсақты аш қарынға жеу қажет, артынша ауызды алма сірке суы қосылған сумен шаю керек.

✅ Қызылша – бал қоспасы
200 г бал, 300 мл қызылша шырыны. Қызылша шырынын сұйық балға құйып, жақсылап араластырыңыз. Тамақтанардан алдын, күніне 3-4 рет, 1 ас қасықтан қабылдаңыз.

✅ Қызылшадан квас
1 кг қызылша, 2-3 л су, 3 ас қасық алма сірке суы, дәміне қарай лимон немесе бал. Қызылшаны үккіштен өткізіп, 3 литрлік шыны банкге салып, үстіне қайнаған су құйып, алма сірке суын қосыңыз, бетін дәкемен жауып, 2-3 күн тұруы тиіс. Тамақтанардан алдын күніне 3 рет, 100 мл қабылдау қажет. Дәміне қарай 1 шай қасық лимон немесе бал қосыңыз. Емдеу курсы – 2 ай.

0 0 ER 0.0000
Айранның пайдасы мол

✅ Анағында айранның нағыз төркіні – қазақ елі. Айранның құрамы сүтке ұқсағанымен, ұйытылған соң пайдалы дәрумендерінің саны ағағұрлым арта түседі. Сондықтан болса ерек, шөлімізді қандырады әрі тойымды тамақ. Қазақтың ең танымал ұлттық тағамдарының бірі – айран қасиетін барша қазақ біледі. Кешкі астан соң, міндетті түрде 1 кесе айранды тұтынған. Бұл асты қорытуға көмегін тигізеді екен. Кішкентай нәрестелерге де айран берген, ауру-сырқаудан сақ болсын деп. Жүкті әйелге де осы тағамды тұтынуға кеңес берген. Кез келген тағаммен бірге қонақ алдына да ағарған айранын ұсынған. Бұл қонақжайлылықтың белгісі. Осылайша қазақтың дастарханыннан айран үзілмей келеді. Ұзақ жолға шығар кезде де айранның рөлі ерекше болған. Тіпті үйге жылан кіргенде де басына ақ құйып шығарып салған.

✅ Ғалымдар аты суық ауруларды да осы айранымыз емдегенін айтады. Емдік қасиеті мол сусынды жақтырмайтын адам ағзасы жоқ. Бұлай деп отырғанымыз да сол сүтті ұнатпайтын адамдар да кездеседі. Себебі олардың ағзасы сүт құрамында кездесетін лактоза деген элементті көтере алмайды. Салдарынан ішкебу, дискабектриоз сияқты аурулар пайда болады. Ал айранның мұндай реакциясы мүлдем жоқ. Қайта мұны ішкен адам әлденіп, қауқары арта түседі.

✅ Құрамында пайдалы дәрумендермен қатар калий мен кальций бар. Бұлардың қандай рөл атқаратыны да белгілі. Д дәрумені де бар. Сүйектің беріктігін қатайтып, бұлшықеттерді нығайтады. Бұл аз десеңіз, асқазан жолдарын емдеп, ішек ауруларын жазады. Көздің көрі қабілеттілігін арттырады. Ал А дәрумені тері қабатының жұмсақ әрі әдемі болуына жағдай жасайды. Ал фосфор түрлі инфекциялардың алдын алып, жұқпалы дерттерден сақтайды.

✅ Айран – әрдайым диетологтардың кеңес беретін ас мәзірі. Құрамы күрделі болғанымен, соңы семіздікке алып келмейді. Себебі ағзаға түскен айран өзге тамақтарды қорытуға белсенді. Айран ұйқысыздық дертінінң де алдын алады, яғни жүйке жүйесін де емдейді. Тіпті ота жасалған адамға да айранды ішкізу – бұл ағзаның тез жазылуына әкеледі. Ал қыз-келіншектер айрынды косметикалық бағытта да пайдаланады. Бетке жағып, 15 минуттан кейін күн сайын жуып тастау әжім түсуден сақтайды екен. Бетті нәрлендіріп, қалпына келтіреді

0 0 ER 0.0000