Статистика ВК сообщества "Қазақтың Көкпары"

0+
"КӨКБӨРІ" КӨКПАР ОРТАЛЫҒЫ. АТАДАН БАЛАҒА МИРАС БОЛҒАН КӨКПАР ӨНЕРІНІҢ ШЫНАЙЫ ТҮРІН НАСИХАТТАУШЫ ТОП !

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

ҚҰЛЫН БАЙЛАУ

Қазақтар биені сауатын кезде құлынды байлайды. Құлын байлау дегеніміз жаңадан туылған құлынды ноқталау. Яғни құлынның басына ноқта салу. Құлынды туыла салып ноқталау дұрыс емес. Құлын анасының уызын тоя емуі керек. Бие туғасын, егерде ол биенің қоңы жақсы болса, 8-9 күнде биенің күйі келеді. Биеге айғыр қойып болған соң құлынды ноқталаған дұрыс. Құлынды ноқталай сала байласа ол құлын жіпке тартынып құлайды. Жібі ұзын болса аяғына жіп салып құлауы да мүмкін. Сол үшін құлынға ноқтаны салған соң, құлын жібін сүйретіп біраз күн жүргені жақсы. Құлын жібін сүйрете жүріп жіпке үйренеді. Жіпке үйренген құлын тартынбайтын болады, əрі аяғына жіп салмайды, арқанға түспейді. Арқан-жіпке үйренген мал аяғына жіп салып құлаудан аулақ болады. Құлын жібімен жүргенде, оны ұстап, сипалап, қасылай берсе құлын тез жуасиды. Құлын жуасып, жіпке үйренген соң, құлынды арқандап байлап, анасын саууға болады. Биені сауғанда күндіз түні қақтап сауа беруге де болмайды. Құлын азып кетеді. Аракідік құлынын бос жіберіп, анасын емізіп тұрған да жақсы. Биенің сүті сары бал, қымызы дертке шипа. Келесіде қымызды қалай дайындау жөнінде айтамын..
А. ЛАШКЕРҰЛЫ фб..

1 1 ER 0.3609
КӨКПАР ТАҒЫЛЫМЫ

Көкпардың жас ұрпаққа берері көп. Жылдағы дәстүр бойынша, ауылымызда ертеден қалыптасқан тай көкпарымызды бастадық. Тай көкпардың мақсаты: балаларды спортқа баулу, денсаулығын нығайту, атқа отыруды үйрету. Қазақ баласын бірлікке шақыру. Қазақ баласының ұлттық рухын нығайту, ел мен жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Отан қорғауды үйрету. Мұнда балалар көкпар шабудың қыр-сырын үйренумен қатар: намысқа шабуды, жетекке жүрмеуді. Адам болуды. Жемқор болмауды! Кешегі өткен аталарындай адал, турашыл, шыншыл болуды. Шылым, сыра, ішімдіктен аулақ жүруді. Үй жұмысын атқарып, ата-анаға қолғанат болуды. Кешқұрым бей уақытта көше кезіп қыдырмауды, оның орнына кітап оқуды. Телефонда шұқшиып көп отырмауды, оның денсаулыққа зиан екені жөнінде айтылады. Сондай-ақ, көшеде жүру ережесі, әдепті болуды, көп сөйлемеуді, ыржақай болмауды, жігіт адамның мінез-құлқы қандай болуы керектігі жөнінде ақыл кеңес, дәріс оқылады. Сондықтан да мұны "Көкпар тәрбие сабағы" деп айтуға әбден болады. Тәрбие сабағы аптаның жексенбі күні өтеді. Қатысу ақысы тегін. Бір қуанарлығы былтырғыдан қатарымыз көбейген. Былтыр жаяу келіп жүретін балаларға ата-анасы тай алып берген. Балалардың былтырғыдан ақыл-есі кеңейген, бойлары өскен. Құдайдан кейінгі қолдаушы ел! Бұл жігіттерден өскенде жақсы азаматтар шығады деген сенімдемін. Себебі менің көкпар мектебімді елімізден шыққан әйгілі көкпаршылар: әкем Лашкербек пен Сәттархан көкем қалыптастырған. Біздер сол кісілердің тәлімін алып өстік. Ендігі міндетім: сол аталардан алған тағлым-тәрбиені ұрпаққа үйрету. Өз елімнен нағыз азамат жігіттердің өсіп шығуына өз үлесімді қосуды ата-баба алдындағы жігіттік парызым деп білемін!
Әр жігіт өз ауылында жастар тәрбиесін осылай қолға алса - Қазақтың жері сатылмас еді, қызы негрге тимес еді, Қазақтың баласы өзге ұлттың таяғын жемес еді...
А. ЛАШКЕРҰЛЫ фб.

0 1 ER 0.3012
МЕЙМАНДОС ХАЛЫҚ

Әкемнің әкесі Әбдәлі ақсақал 1941-жылы, 45-жасында колхоздың жылқысын бағып жүрген жерінен, отанын қорғау үшін, "Ұлы отан соғысына" өз еркімен аттанады. Соғыста Украина ұлтының жігіттерімен бір взводта майданға түседі. Сонда Украина ұлтының 17-18 жасар жігіттері біздің атамды жасын силап "Отец" деп атап, әке тұтынып, құрмет көрсетіп бірге соғысады. Атам хохол балдарын "Сынок" деп атайды екен. Солай әкелі балалы ер жүрек жауынгерлер неміс фашист басқыншыларымен аянбай шайқасады.. Мен атамның соғыс ерліктері жайлы бүкіл әңгімені әкемнен естіп білгенмін..
.. Онан кейін өз әкем Лашкербек Украина астанасы Киев қаласындағы "Лихачев атындағы машина жасау зауытынан" екі рет ЗИЛ ЦЕМЕНТОВОЗ жүк көлігін жүргізіп келеді. Екі рет барғанында да Украина халқы әкеме сый құрметін көрсетеді. Сол ЗИЛ ЦЕМЕНТОВОЗ жүк көлігін әкем бірнеше жылдар бойы жүргізді...
..Украин халқының және бір жақсылығы 1988-ж. Бүкіл одақтық ат спорты ойындары Украина астанасы Киев қаласында өтеді. Сонда Қазақ елінен барған көкпаршылар бірінші орынды иеленіп чемпион атанады. Қазақтың ат пен жігітіне риза болған Украиндар көкпаршы Сәттархан көкем шапқан Ақжал атқа арнайы тігілген қымбат бағалы жабу жауып жібереді. Украина халқы Қазақ еліне деген сый-құрметін солай көрсетеді. Сол жабуда: РЕКОРДИСТ, ЧЕМПИОН, ХХ-го ВЕКА - деген жазу болатын..
Ата-баба, жылқымызға дейін құрмет көрсеткен, меймандос халық Украиндарға деген құрметімді мен осылай білдіремін және олардың бізге көрсеткен сый құрметін ешқашан да ұмытпаймын. Басына күн туғанда Украина халқын Құдай панасына алсын. Бейбіт заман болсын!
А. ЛАШКЕРҰЛЫ фб.

0 0 ER 0.2644
КӨКПАР ТАРИХЫНДА ӨЗГЕДЕН ҰТЫЛЫП КӨРМЕГЕН ҚАЗАҚ ЕДІК

Көкпардан финалдық ойында қырғыз командасымен кездесуге жүрегі дауаламаған Қазақ командасы өзбектің артына тығылды. Біреудің жетегінде шауып үйренген жетесіздердің жігерсіздігі Қазақты осылай жер қылды. Көкпар тарихында өзгеден ұтылып көрмеген Қазақ едік. Көкпар атын жамылып, мақтанға сөйлейтін қазіргі "теке тасу" басшылары бұл жағдайға қатысты бірін-бірі кінәлай бастағаны дұрыс-ақ. Алайда, атадан балаға мирас болып келген Қазақ көкпар ережесін жолдан тайдырып, төл өнеріміз көкпарды қианатқа қалдырған негізгі кінәлілер бұдан жиырма жыл бұрын күн кешті. Олардың кімдер екені елдің есінде. Қазіргі текені тасып жүрген атақтылар "көкпар ережесін" бұзған қианатшылдар ізбасарлары. Байдың ат шабарына айналған атақтылар өздерін елге "көкпаршы, шабандоз" ретінде көрсету мақсатында, ел аузында жүрген әйгілі көкпаршылардың аты аталып тұруы үшін, нағыз көкпаршы тұқымдарынан бес-алтауын қатарға қосып қойған...
Ақ пен қараны, жақсы мен жаман парқын айырудан қалған қазіргінің жағымпаздары бұл теке тасығыштарды мақтаудан алдына жан салмайды. Кесірінен мына жұрт көкпар дәстүрінен жаңылып қалды. Ең өкінерлігі көкпардың не екенін, көкпаршының кім екенін білмейтін ұрпақ пайда болды.
Көкпар біздің ата дәстүріміз. Көкпардың өзіндік ережесі бар. Оны ата-бабалар қалыптастырған. Көкпардың негізгі ережесі дегеніміз де сол. Ел ішінен құрылған "Әділ көкпар" федерациясы жарғысында бабалар шапқан көкпардың негізгі ережесі көрсетілген. Бабалар шапқан көкпардың негізгі ережесі орнамай Қазақ көкпары еш уақытта да оңалмайды. Мың жерден басшы ауысқанымен, Қазақ көкпар ережесін енгізбейінше біздегі "теке тасу" мафиоздарының дау жанжалы ұлғая береді. Сондай-ақ, жемқорлық жайлаған жерде спорт дамымайды! Көкпаршының тұқымы ретінде, көкпар маманы ретінде, көкпарға қатысты бұл сөздерді айтып жүргеніме бірнеше жылдардың жүзі болды...
Ел ішінде ат көп. Көкпарды тартатын жігіт те көп. Бірақта жетекке үйренген ат пен жігіттің қырғыз-өзбекті ұта алмасы белгілі болды. Бұл тұрғыда жетектеп қосқан тазының түлкі алмасын бабалар біліп айтыпты. Есі дұрыс басшы бабалар сөзін ескеруі тиіс. Онсыз бәрі бекер болмақ!
А. ЛАШКЕРҰЛЫ фб.

0 0 ER 0.2669
ЖЕР ТУРАЛЫ

Осыдан бірнеше жылдар бұрын Шардара мен Жетісайдың арасын Арнасай алқабын өзбектер алғанда, ең соңғы рет Арнасайда өткен Əжібек ақсақалдың ба, бір қажының теке тасуында Алматыдан Амантай қажы келіп аттан салды. Жерді өзбектерге бермейміз! — деп қырдың басынан Қазақтарға ұран тастады. Микрафонды қолға алып, сөз сөйлеген Амантай қажы өз сөзінде сол кездегі парламентте отырған, Мақтарал өңірінен сайланған, халық қалаулысы, депутат Қуаныш Айтақановтың жер үшін дым да істей алмай отырғанын айтты. Амантай қажының сөзін тыңдаған ат үстіндегі теке тасығыштар, разборщиктер, тамаданың мақтап жүрген айтулы байлары, бірі де жер үшін жақ аша алмады. Амантай қажы аса таяғын жоғары көтеріп, аттандап, ата-баба алдындағы парызын өтеді де кетті. Бұрынғы көкпаршыларда жеріне көз алартқан өзге ұлтқа көрсетер сес, сұс, ар-намыс деген болатын. Аттан Амантайдың көкпаршыларды сағалап келгені де осы еді. Бірақта қажы үміті ақталмады. Оның себебі көкпар тт.ға айналғалы жігіттерден сес, сұс, ар-намыс дегендер кеткен. Ат үстіндегі айтулы бай батшасы, теке тасығышы, разборщигі жер үшін мыңқ деп жақ аша алмауының сыры да осында еді. Керісінше бай сымақтар гүмің-гүмің етіп, Амантай қажыны мысқылдап, пыш-пыштап, қатын сықылды сыртынан жамандап тұрды. Жер сөйтіп өзбекстанға өтті. Сол жерлерді қазір өзбек тас қып қоршап бекітіп алған. Қазақтар ата бабасының моласын тастап көшіп шықты. Қазір сол жерден Қазақтың өзін жүргізбек түгіл, құсын да ұшырмайды, атып түсіреді. Міне, сол теке тасудағы көрген білгенім, Амантай қажының аса таяғын аспанға көтеріп, жер үшін айтқан ұран сөздері, түп-түгел көз алдымда. Мұның бәрін де кітапқа шығарамын..
Бұрын тв-дан көріп жүргенім болмаса, Амантай қажыны алғаш рет сонда көрдім. Үстіне ақ шапан киген. Басында түсі ақ Қазақша киіз қалпағы. Қолында аса таяғы. Мұрт сақалды əдемелеп, Қазақшалап қойған, кең иықты, батыр тұлғалы, дəу шал екен...
Міне, енді сол сияқты орыстар Атыраудан шекараны ішке Қазақ жеріне қарай жылжытып жатыр деген хабар кеп жатыр. Бұл жақсы емес. Қазақ ата-бабамыз осынау жерді ұрпағы үшін қорғады, орыс пен өзбек үшін емес. Осыған бас қатырып жүріңдер. Əгəрəки жер үшін соғыс болатын болса қарапайым қаймана Қазақ (кедейлер) атқа қонады. Ал байлар шет елге қашып кетеді, шет елден үй-жайлары дайын. Мұны да біле жүріңдер! Сан ғасырлардан, мыңдаған жылдар бойы, қасық қаны қалғанша елі мен жерін қорғап өткен қайран бабалар. Ел мен жерді сатып отырған осы күнгі опасыздарға бабалар рухы сірә да разы болмас..
А. ЛАШКЕРҰЛЫ фб..

0 1 ER 0.2888
ДІН МЕН ДƏСТҮР

Исламның шариғат заңында əр нəрсені және оның шегін белгілеп көрсетіп қойған. Дінислам кəлима айтқанды мұсылман санаған. Дінислам ораза ұстамай, намаз оқымай жүргенді еш уақытта кəпір деп айтпаған. Дінислам қыр-жой демейді. Дінислам қатын ал да тастап кете бер демейді. Дінисламда ораза намазға əркім өзі жауапты деген. Дінисламда зорлық зомбылық жоқ. Дінислам балаға титтайынан сəждеге жығылып, ораза ұстауды бұйырмайды. Дінислам қызға 9-10 жастан, ұлға 13-14 жастан құран оқып үйренуді ескертеді. Дінислам оқу оқы білім ал, өнер ізден, еліңе пайдалы іспен айналыс дейді. Дінислам ораза намазды, зекет пен қажылық парызын жағдайыңа қарап өтеуді айтады. Дінислам құр босқа шашылмауды, ысырапқа жол бермеуді ескертеді. Дінислам, жағдайың келісіп, асып-тасып бара жатсаң, ел ішіндегі кедей кепшіктерге қарасудың сауабы мол екенін айтады. Дінислам денсаулығы көтермеген адамға ораза ұстауды, намаз оқуды міндеттемеген. Ондай адамға дəрігерге көрінуді кеңес береді. Бақсы, балгер, көріпкел, тəуіпті дінисламда жөн көрмеген.
Дінислам əр адамға:
1. Өз ұлтын сүйуді.
2. Өзге ұлтқа айналмауды.
3. Ел мен жерді, отанды қорғауды,
4. Бауырмал мейірімді болуды.
Адамдарды бай-кедей деп бөлмеуді.
5. Ана тілін ардақтауды.
6. Ата салтын сақтауды.
Оны қастерлеп ұмытпауды және ұрпағына мұра етіп қалдыруды.
7. Ата-ананы силауды және қадірлеуді.
8. Ата-ана разылығын алуды.
9. Бала-шағаңа дұрыс тағлым тəрбие беруді.
10. Əйеліне ерін силап құрмет етуді.
11. Кісі ақысын жемеуді.
12. Кісіге зəбір бермеуді.
13. Өтірік айтпауды.
14. Адал, шыншыл, турашыл болуды.
15. Ішімдіктен аулақ жүруді.
16. Адал ас ішіп, таза тұруды.
17. Нәпсіге ерік бермеуді, көз нәпсісін тыйуды.
18. Ақ пен қара, жақсы мен жаман, обал мен сауап парқын айыра білуді бұйырады.
Ата дəстүріміз де міне осы айтылғандарды меңзейді. Ендеше дін мен дəстүрдің ешқандай да біріне бірі қарама қайшылығы жоқ!
Ислам шарты əйел алудың да өзіндік ережелерін белгілеп көрсетіп қойған. Қысқасы, кешегі өткен аталар сияқты дін мен дəстүрді, Қазақшылық пен мұсылманшылықты қатар алып жүруіміз қажет. Дінисламды "Ата дініміз" деп айтуымыздың негізі себебі де міне осында...
Мына дүниеде мұсылманмын деп кеудесін керіп жүргені жетерлік. Алайда дінисламның дәл осы шарттарын орындай білу, Алланың ақ жолынан адаспау, ол нағыз шынайы, шыншыл, таза мұсылманның ғана қолынан келетін тірлік!
Ал енді, "ораза намаз тоқтықта" деген Қазақ кредитін кредитпен жауып, жұмыс таба алмай, əрең күнелтіп жүргендегі тұтқан оразасы қабыл ма, қабыл емес пе, ол жағы бір Аллаға аян деп білемін..
А. ЛАШКЕРҰЛЫ фб..

3 0 ER 0.3068
ДҮНИЕДЕН ӨТТІ БІР ЖАҚСЫ

2018-жылы үйді үлкейтіп, шатырын ашып жабу жұмыстары жүріп жатты. Ауылды аралап жүрген военныйлар өзбек ұсталарды қудалап, жұмысты жүргізбеді. Ақыр аяғы өзбек ұсталарды ауылға келмейтін етті...
Анамның 70-жасы мен ұл тойды белгілеп қойғанбыз. Тойға дейін үйдің шатырын жауып, ішкі сыртқы ремонтын бітіру қажет. Ұстаның тапшы кезі. Уақыт болса зымырап өтіп барады. Той күні жақын. Енді не істейміз деп жүргенде
ауылдағы Əбжапарұлы Әбдуаш көкеме бардым. Ол кісінің ұсталықтан хабары барын білетінмін. Әбдуаш ағаны елдің бәрі Алеш деп атайтын. Алеш жəкем сөзге келген жоқ, жанына бір көмекші (патсовник) болса шатырды жауып беретінін айтып келісті. Жұмыс ақысын да ынсаппен айтты. Дереу Шарбұлақтағы Гүлдариға əпкемнің үйіндегі Мұса жездемді шақырдым. Жездемді көмекші етіп, қасына қосып бергеніме Алеш жəкем де қуана келісті. Себебі Гүлдариға əпкем Алеш жəкемнің кластас қатар құрбысы болатын. Клас досын тапқандай, жездем мен жəкемнің əзілдері жарасып, екеуі жайнаңдап, жадырап жүріп, көп ұзатпай-ақ үйдің шатырын қаныттай етіп жауып бітірді. Онан соң тандырхана, ошақхана соғып, төбесін жапты.
Алеш жəкем екеуіміздің арамыз бар жоғы екі жас. Солай бола тұра ол кісінің бетіне келіп "сен" деген емеспін. Себебі біздің үйдегі əкеден алған тəрбие үлкенді силау болатын.
Алеш жəкем əкеммен силас болды. Жас аралығы едəуір алшақ болса да əкем екеуі үзеңгілес жолдас болды. Қазығұрттың ар жақ-бер жағындағы талай көкпар тойларда атпен бірге жүрді. Ол кісілер додада нағыз ерлерше, палуандарша өз алдына жеке-дара əрекет қылатын. Бертінде көкпар қианатқа қалып, баба ережесі жолдан тайғанда да Алеш жəкемнің біреудің тізгінін ұстап немесе біреудің жетегінде жүргенін көрген емеспін. Серкені байлап шабу, тартқанды ұру деген Алештің ұғымында болған емес!
Микрафон қолға тиіп, бабалар ережесімен көкпар басқарып тұрғанымда Алеш жəкем көкпар формасын киіп, топқа түсіп, кермеден тартып, бір жасап қалатын. Жəне ата-баба ережесімен өткен көкпарға қолдау білдіретін. Соның үшін де Алеш жəкемді "көкпаршы" ретінде тани білдім. Жəне ол кісіге деген құрметім шексіз болды. Сонымен қатар, Алекең аттың қыр-сырын жетік білді. Атбегілік жəне атпаздық өнері елге мәлім болды. Сондай-ақ, адамгершілік қадір қасиетін сақтай білген жәкем адамның бəрін бірдей көрді. Адамдарды "бай-кедей" деп бөлген емес!
Алдымнан шыға қалса арқырай амандасып, Лашкер көкемнің баласы, "палуан" деп, құшақ жая, жағдай сұрасып, əзіліміз жараса кететін Алеш ағаны көненің көзі, ескінің жұрнағы деп білетінмін. Енді ол кісі де арамызда жоқ. Шілденің шіліңгір ыстығында жақсының бірі Алеш жəкем 49-ға қараған шағында дүниеден өтті. Алланың əміріне амал бар ма. Артында қалған ұрпағы аман болсын! Жəкемнің жатқан жері пейіш, жаны жұмақта болсын! Алла артын қайырлы етсін!
Ағайынға жас та болса, бас болған, қашан көрсең күлімдеп жүретін, жаны жайсаң, ақкөңіл, палуан ағамның жарқын бейнесі көз алдымда мəңгіге сақталады. Адамдар бірін бірінің қадірін көзі тірісінде білсе ғой шіркін...
А. ЛАШКЕРҰЛЫ фб..

0 0 ER 0.2490
ТЕМІР - ТЕМІРГЕ ҒАНА БАҒЫНАДЫ

Кеңестік кезеңде əскери мамандар мықты болды. Қару жарақты қоймаларда сақтап, тырп еткізбей, адам баласына залалын тимейтін етіп, мықтап ұстады. Тəртіп пен жауапкершілік қатаң түрде сақталды. Мына жарылып жатқан қару жарақтар сол кеңестік кезеңнен қалған деп жатыр. Демек, қазіргі əскерилер осал, оқымаған, білімі жоқ, жауапкершіліктің не екенін сезбейді. Демек, қазіргі əскерилер кеңестік кезеңнен қалған оқ-дəрілерді игере алар емес!
Біздер əскерде болғанда өте қатаң тəртіп (дедовшина) болды. Бізден кейін Қазақстанның өз офицерлері командир бола бастады. Олар өздерінше устав (тәртіп) орнатты. Дедовшинаны жойды. Біздер əскерден кеткен соң, əскерге жаңадан келген молодойларды түс кезінде ұйықтатады екен деп есіткенбіз. Сонда, "Е, əскер балабақша болыпты ғой" деп таң қалып күлгенбіз. Біздің кезде түсте ұйықтамақ түгіл түнгі ұйқыда жатқан жеріңнен "тревога" беріп бүткіл ротаны көтеріп алып кететін. Сосын менің бір байқағаным военный офицерлер көбісі арақ құмар. Өзі мас офицер солдаттарды қалай игерсін? Басшы мас болғасын солдаттар да бетімен кетеді. Тəртіпсіздік солай орнайды. Ал қару деген, оқ дəрі деген ол "шойын темірден" жасалады. Темірдей тəртіп қана шойын темірді құрсаулап ұстайды. Елдің амандығы, қауіпсіздігі сонда ғана сақталады!
Мықтыларға ғана бағынатын, кеңестік кезеңнен қалған оқ-дəрілер, біздің əскерилер үшін көтере алмайтын шоқпар болып тұр. Көтере алмайтын шоқпарды беліңе қыстырма деген Қазақ! Шахановша айтқанда біздегі əр саланы (көке-жəке, тамыр-танысына пара беру арқылы келген) білімі жоқ бөдене таланттар, осалдар басқарып отыр. Сол осалдардың орнына нағыз білімділер, Қажымұқан таланттар, мықтылар келмей Қазақ елінің оңалуы қиын..
А. ЛАШКЕРҰЛЫ

0 5 ER 0.3192
ҚАЗАҚ КӨКПАРЫ ЖАНДАНУЫ ҮШІН

Сан ғасырлардан, ықылым замандардан, атадан балаға мұра боп келген "көкпар өнерін" қианатқа қалдырмас үшін, көкпарға тигізген көмегіміз сол болсын көкпарды - "Көкпар" деп, теке тасуды - "Теке тасу" деп елге атап көрсете білуіміз қажет. Елдің санасы сонда оянады. Шын көкпар мен өтірік көкпардың арасын айыра білетін болады. Сосын, кеудесінде духы бар әр жігіт қолдан келгенше ата-баба жолымен, біреудің тізгінін ұстатпай, тартқанға қамшы көтертпей, "əділ көкпар" бере білуіміз қажет. Салымы ірі болуы маңызды емес. Əрі қарай көкпар еңсесін тіктеп алады. Сонда ғана ел ішінен өзге ұлтпен қаймықпай топқа түсетін намысқой ұлдар өсіп шығады. Осы жолда еңбек ете білуіміз қажет.
Мысалға айтар болсам: "Əділ көкпар" федерациясы атынан, былтырдан бастап, жыл сайын əкемнің атында өткізіп тұратын "көкпар турнирін" жолға қойдым. Сол турнирді ел сағына күтетін болады. Себебі сол турнирде "Қазақ көкпар ережесі" бар. Қазақ өзге ұлттың емес, өз жұртының ережесімен өткен ойын тартысын көргісі келеді. Міне, əр жігіттің көкпарға қосар осындай үлесі болуы тиіс. Əке атына турнир бере алмаса кішігірім "бата көкпар" берсін. Соның өзі көкпарға қосқан үлкен үлесі болып саналады. "Көкпар жанашыры" - деп міне осы жолда жүрген жігіттерді айтады. Басқасы бос əңгіме. Құр мақтанға сөйлеуден Қазақ көкпарына келер еш пайда жоқ! Айтып жүргенімізді іспен көрсете білуіміз қажет.
Сосын қазірде көкпардың не екенін білмесе де көкпардан шатып-пұтып сөйлейтіні көбейді. Ондайлардың сөзіне иланудың еш қажеті жоқ! Көкпарды табыс көзі, бизнес деп ұғатын адам ол нағыз ақымақ, надан адам!
А. ЛАШКЕРҰЛЫ фб.

0 0 ER 0.2135
КӨКПАР КҮШТІНІҢ ТІРЛІГІ
Мақтарал жастар көкпары

Көкпарды күштінің тірлігі деген Қазақ. Күшті деп, додаға жеке-дара ат салып, серкемен бірге-бір ойнаған баланы айтқан. Ал анау біреудің жетенінде жүріп, қолындағы серкені біреуге ұстатқан бала күштіге жатпайды. Сондықтан да баланы біреудің жетегінде жүргізбей, өзінше әрекет ететін етіп өсіру қажет. Біреуге арқа сүйеуді білмей өскен бала өмір көшінде өз арбасын өзі сүйреуді үйренеді. Доданың қақ-соғына шыңдалып өскен бала өмір көкпарында да ешкімге дес бермейді. Бала ер жетіп өскенде бойдағы намыс ел мен жерді, отанды қорғайды. Көкпарды шығарудағы ата-бабамыздың басты мақсаты да осы болған !
Мына бейне баянда Мақтаралдағы жас өспірімдер көкпары. Тойбасшы Қошқар, ақалақшы Бәкір ағаларға Алланың нұры жаусын. Бұл кісілерге халық риза. Елдің разы болатын себебі бұ кісілер Қазақ көкпар ережесін жолға қойды. Соны дамытып келеді. Бұ кісілер елге көкпар көрсету арқылы "біреудің тізгінін ұстап жүрмесе құлап қалады" деген талай (көкпар көрмеген) қисық қыңырлардың аузына құм құйды. Мақтарал жас өспірімдер көкпары дамып келеді. Қазақ көкпарын қалыптастыру жолында еңбек етіп жүрген жігіттерге Алла жар болсын! Балдарды табысқа емес, намысқа шабуды үйретейік!
А. ЛАШКЕРҰЛЫ

0 3 ER 0.2493