Статистика ВК сообщества "RUNAWAY | ИНТЕРНЕТ МАГАЗИН | ИНТЕРНЕТ ДҮКЕНІ"

0+
𝒀𝑶𝑼𝑹 𝑺𝑨𝑭𝑬 𝑷𝑳𝑨𝑪𝑬🌎

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

#kpop@southkoreakz

🏟 • Естеріңізде ме? BTS әлемдегі ең үлкен стадиондардың бірі "Уэмбли"де концерт бергелі жатқанда, хейтерлер армилер мен BTS-ті мазақ қылған болатын. Олар бізге: "Күлкімді келтірмеңдерші, Рианна'ның өзі бұл стадионды толтыра алмағанда, сендердің BTS-терің толтыра алады деп ойлайсыңдар ма?" деген сөздер айтқан еді.

• Бұл сөздерге жынданған армилер 1 күннің ішінде бүкіл орынды сатып алған. Ал кейбір бай армилер билеттерді артығымен сатып алып, жағдайы жетпейтін армилерге сыйлық ретінде берген.

• Айта кетсек, Уэмблиді толтырған 14 қана әртіс бар: Майкл Джексон, Мадонна, Спайс герл, Адель, Бейонсе, MUSE, Qasis, Queen, Coldplay, Эд Ширан, 1Direction, Эминем және мегатанымал әртістер. Бірақ бұл әртістер стадионды BTS сияқты 1 күнде толтыра алмаған. Мұндай нәтижеге жеткен тек BTS.

24 32 ER 1.0262
#idol@southkoreakz

🦋 • Осы кішкентай актёрды танисыз ба?

• Қытайдағы бұл актёрды барлығы Чиминге қатты ұқсатады. Тіпті кейбірі оны өткен заманнан келген Чиминнің бала кезі деп те айтады.

• Сіздің ойыңызша қалай? Чиминге ұқсап тұр ма?🤔

16 30 ER 1.0018
#idol@southkoreakz

🌙 • Бір күні Банчан көп тамақ жейтіні үшін қатты ұрыс естіген болатын. Оның үнемі көп тамақ әкетіп бара жатқанын көрген компания қызметкерлері оған қатаң ескерту жасап, ұрысқан.

• Бірақ шын мәнінде ол тығылып, диета ұстап жүрген трейни қыздарға тамақ апарып беретін.

8 14 ER 0.8028
#quotes@southkoreakz

📖 • Винченцо сериалындағы мағынаға толы цитаталар:

• Күнəсіз деп, өмір сүрмейтін адамды айтады.
Винченцо Кассано.

• Сүйгеніңді алып қашу - махаббат емес, бұл қылмыс!
Хон Чхаён.

• Жауларымның ішінде онша қорықпайтыным - саясаткерлер мен шенеуніктер. Олар тек əділеттілік туралы ғана сөз қозғай алады, бірақ бұл əңгімесімен ештеңе бітіре алмайды.

Винченцо Кассано.

• Өмір біздегі бардың ішінде ең құнды нəрсе.
Винченцо Кассано.

• Жеңіліс қорқыныштан бастау алады.

Винченцо Кассано.

• Қазіргі таңда Интернет адамдарды оп-оңай алдай алады. Сондықтан мен Интернеттегі екі-ақ нəрсеге сенемін: уақыт пен ауа-райына.
Нам Чжусон.

• Отты жасырғаныңмен түтінін жасыра алмайсың.
Винченцо Кассано.

45 28 ER 0.8508
#kpop@southkoreakz

🖇 • BLACKPINK мемберлерінің атақты адамдар арасындағы танымалдылығы:

• Джису—атақты актёрлар арасында танымал.

• Дженни—Кореяның беделді, даңқты адамдарының арасында танымал.

• Розэ—айдолдар мен продюсерлер арасында танымал.

• Лиса—шетелдік жұлдыздар арасында танымал.

8 8 ER 0.7042
#kpop@southkoreakz

🧈 • BTS бір клиппен-ақ бірнеше рекордтар орнатып жатыр.

• "Butter" клипінің YouTube-тағы премьерін бір уақытта 4 миллион адам көрсе, клип бір күнде 108,2 миллион қаралым жинаған.

• Spotify-де тректі бір күнде 11 миллион адам тыңдаған және өз плейлистіне қосқан.

• Бұл тарихтағы ең үлкен көрсеткіштер. Осымен кореялық бойз-бенд Гиннес рекордтар кітабына 23 рет енді.

4 10 ER 0.6786
#idol@southkoreakz

🤸 • Бұл - Чимин!

• Ол бір күні пресс'ке арналған жаттығуды душта жасаған. Себебі, егер жаттығуды бөлмесінде жасаса, бәрібір терлеп, душқа түсуші еді.

7 16 ER 0.6887
#kpop@southkoreakz

💜 • HYBE ресми түрде "I purple you" сөзін өздеріне экспорттауға өтінім тастады. Енді бұл сөзді кез-келген адам өз мақсаттарына қолдана алмайды.

• Естеріңізге салсақ, 2015-2016 жылдардағы концерттердің бірінде Тэхён армилерге деген махаббатын жеткізу үшін "I purple you" сөзін ойлап тапқан болатын. Кейіннен бұл сөз танымал бола бастағаннан кейін, басқа фандомдар осы сөзге таласып, ол сөзді өзінің топтары шығарды деп шу шығарған еді.

• Армилер мен басқа фандомдар осы сөз үшін жиі дауласып қалатын. Енді ресми түрде бұл сөзді тек армилер, компания мен олардың әртістері ғана қолдана алады.

15 30 ER 0.7277
#story@southkoreakz

• «Бір күні мен түнде өз кереуетімде жатқанмын. Бірде мұрным аяқ асты қанап кетті. Қатты қанағаны сонша, бетім, киімдерім мен кереуетім де қан болды.

• «Сосын мен Джин-хёнды оятпақ болдым. Оның бөлмесіне келіп, төсегінің үстіне шықтым да, оята бастадым. Ол көзін ашып, үстінде жатқан қан-қан мені көрді. Мен оған сыбырлап: "Өтінем, көмектесші" дедім.

• «Сол күнгі Джин-хённың айқайы әлі құлағымнан кетпейді»

©️Чон Чонгук.

15 14 ER 0.6907
#news@southkoreakz

❄ • Дженни Джису түсетін "Подснежник" дорамасына түсуі мүмкін.

• Дереккөздерге сенсек, Дженни "Подснежник" дорамасында камео-рөл ойнауы мүмкін. Ол танымал адамның немесе өзінің рөлін сомдайды.

8 186 ER 0.9994