Статистика ВК сообщества "ҚҰРДАСТАР"

0+
🍁Ейй сүйкімді жааан тіркеліп кет🍃 😍

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Сүйемін сені, дегенмен.
Арамыз жырақ, не шара?
Қайғырып уайым жегенмен.
Жақындай қоймас екі ара.

Сездірді мұны жанарың.
Сағындың сен де, білемін.
Сағынып аңсап барамын.
Күн-түні ойлап жібегім.

Жақындатуға шалғайды.
Уақыт жатыр бағынбай.
Қуғандай сағым алдайды.
Әзірші жүрші сағынбай.

Сөйлесу олда қуаныш.
Хабарсыз үнсіз қалғаннан.
Жүректе тұрғой сағыныш.
Өзіңді таппай жалғаннан.

2 7 ER 0.1253
Тұрмысқа шығып арадан бір жұма өтер-өтпей, жолдасым қатты ауырып, дене мүшесі қимылдамай жатып қалды. Бәріне сабыр қылып он бес жыл төсекте жатқан жолдасыма құлдай қызмет қылдым. Басымнан не деген сынақ, не деген ауыр күндер өтпеді дейсіз? Қиналып тұрсам да енемнің зар қақсатқан тілі жауырыныма өгіздің терісінен өрілген қамшыдай қайта-қайта тие берді. Бірақ бәріне сабыр қылдым. Сүйген жолдасыма ең мықты жұбай болу үшін бәрін көтердім. Жүрегімнің түбінде "Аллаһ сөзсіз түрде шипа береді, бермей қоймайды, өйткені, мен Аллаһтан сұрап жатырмын бір күні айығып орнынан тұрады" деген сеніммен жүрдім. Ішімнен Аллаһ құдіретті, бір күні біз ойламаған тараптан жолдасыма шипа беріп екі аяғына тұрып, ең мықты күндерді өткіземіз деген үмітпен амал жасай бердім.
Айтпадым ба? Айтпадым ба? Он бес жылдан кейін Аллаһ жолдасыма шипа беріп қолдары, аяқтары қимылдап екі аяғына тұрып жүре бастады. Ата-анасы, туыстары қуанды, бірақ олардың ішінен ең қатты қуанғаны мен болдым. Өзімнің ойымша аурудан айықты, бұйырса бал айымызды бір жерде өткізерміз деген оймен міндет қылмай одан сайын қызметімді қыла бердім, қыла бердім. Осы арада ашығын айтсам, жолдасымның алдында әдемілену дегенді біржола ұмытыппын, тіпті өзімнің денсаулығыма да қарамаппын. Жолдасым аяғына тұрып өзі тамақ жеп, достарымен араласып жүргеніне екі айдай болыпты. Ол мені өзінің қызметкері секілді көріп қалған, себебі шалқасынан жатқан күйінде он бес жыл, мен оның үлкен дәретінде, кіші дәретінде тазалап, тамағын беріп, киімін жуып қызмет ететінмін. Бір рет те енем мен күйеуім менің дем алуыма уақыт бөлген емес еді, бұл шын. Бес уақыт намазда, намазымды бітіріп зікір айтып жатқанымда ұзағырақ айтып, сол жерде Аллаһпен сырласып, жылап алатынмын.
Бір күні жолдасым үйден ертемен шыққан күйі кешкі тамаққа бір келді де, бәріміз дастархан басында отырсақ ата-анасына қарап, "менде бір жаңалық бар, мен үйленемін" деді. "Ал мына келіндеріңіз кемпір сияқты қарайып қалды" деді. Бәрі басын төмен салып үнсіз қалды. Бұл сөз мені екіге бөлгендей қатты тиді. Баяғы он бес жыл ауырып жатқан кездегі қылған қызметімді бір тиынға да бағаламады, осындай жаман сөз айтты. Енді менің орныма өзіңізді қойып көріңізші. Осыншалық қорландым, осынша кемсітілдім. Көзімнен аққан жас саулап, не тұрарымды, не отырарымды білмеймін. Жаным ақырын шығып, өзімді өліп бара жатқандай сезіндім. Бір жұмадай уақыт өткен соң, бәрін тастап бір ғана шарт “талағымды қазір бересің” деп күйеуіме батырып айттым. Киім-кешек, барлық заттарымды етімді жұлып жеген енеме, және қайын сіңілілеріме қалдырып "осылардың барлығы сіздердікі" дедім. Ағама телефон соғып оны шақырдым, ол көлігімен келді. Мен үйден жылап шығып бара жатырғанымда, туыстарым саусағын күйеуіме кезеп “қор боласың Сен, он бес жыл құлдай қызмет еткен келіншегіңнің қадіріне жетпедің! Сен басқаның да қадіріне жетпейсің ақымақ!" деп менің жылағаныма қосылып оларда жылап қалды. Ата-анасы да бастарын төмен салып, меніменен әрең қоштасты. Дүние тар болып кетті, ағамның көлігіне жақындап қалғанымда, көзінен аққан жас сақалынан төмен тамшылап алдымда бір адамның тұрғанын сездім. Ақырын басымды көтеріп қарасам алдымда біз тұрған ауылдың қадірлі имамы тұр екен. Ол "айналайын қызым, сабыр ет, сабыр қыл қызым, Әлемдердің Раббысы болған Алла жөнінде жақсы ойда бол, Алла сені бұдан да мықты, адамдар тамсана қарап тұрған жерге алып барып қояды" деді. Мен жаңадан тірілгендей "тура айтасыз, уақыт өтісімен Алла мені бақытты қылады* дедім да ағамның көлігіне отырып жөнеліп кеттім. Ағамның үйіне келдім, Аллаға шүкір. Бет жүзіме, денсаулығыма уақыт бөліп біраз келбеттеніп, жасарып қалдым. Көп уақыт өтпей ағам маған бір жұмыс тауып берді. Шынымды айтсам көп уақыт өтпей десем, сіздерге бір ай не екі ай уақыт сезіліп жатса керек. Жоқ, екі жыл өтті. Жақсы бір жұмысқа орналастым. Айлық табысы жақсы, таза, хиджабыма, намазыма тыйым салмайтын жұмыста істеп жүрдім. Бір күні жұмыстағы құрбы қызым телефон шалып, "егер мені ақіреттік досым деп санасаң, онда менің айтқанымды жасайсың" деді. "Сөзіңнің басын ашып айтсаңшы". "Жоқ, айтқанымды орындаймын десең ғана айтамын". "Жақсы, келістім" десем, "қазір сенің үйіңе бір жігіт барады, жақсылап ағаң екеуің қарсы алыңдар. Ағаң оны біледі, ағаңның досы, сенің қолыңды сұрауға бара жатыр" деді. Естіген құлағыма сенбедім.
"Енді тұрмысқа шығамын ба мен?" деп ойланып отырсам, есіктің қоңырауы соғылды, ағам есікті ашты. Үйге ұзын бойлы бір жігіт кірді. Танысып оның жасы қырықта екенін білген соң, "не үшін қырыққа дейін үйленбей жүрдіңіз?" деген сұрағыма, басын төмен салған күйі маған қарауға ұялып, көзімен жерге ұзақ қарап отырып қалды. "Көп жерге бардым, көп қыздардың қолын сұрадым, бірақ менің бір ауруымды білгендігі себепті олар маған тұрмысқа шығудан бас тартты". "Қандай ауру" деп сұрасам, ол: "Мен балалы болмаймын" деді... Менде сұраған сұрағым үшін өкініп қалдым да, ағамның жанында үнім шықпай көпке дейін жерге қарап отырдым. Іштей өзіме "бәрібір дүниенің рахаты үйлену екен, үйленейін" деп шештім. "Мейлі, балалы болмасам да, күйеуімді жоғарғы деңгейде құрметтеп" сүйіп өтуге дайынмын" дедім. Ол ақырын ғана дауысымен "егер келіспеймн десең саған өтініш, менің балалы болмайтынымды өзің ғана білші, басқа адамдарға айтпашы, саған өтініш" деді де орнынан тұрып есіктің тұтқасынан ұстап енді ғана үйден шыға бергенде “мен сіздің ұсынысыңызды қабыл алдым” дедім. Осы сөзімді естігенде дереу менің алдыма жүгіріп келіп отыра қалды да, алақанымен бетін жауып жылады. Мен сол жігітің жылағанын, “мен сізге тұрмысқа шығамын” деген сөзге осыншалық бақытты екенін көріп мен де жыладым. Баяғы көрген қорлық сол көз жастарыммен біржола шығып кетті. Егер сіздер де оның көзінен аққан жасты көргенде маған қосылып жылайтын едіңіздер. Арада бір ай өтпей мықты ұстаздар ақыл-кеңестерін айтып некемізді қиып берді. Тойымыз сүннетке лайықты түрде жоғары деңгейде өтті. Тұрмысқа шыққаныма бір ай өтер өтпестен жолдасым жұмыстан қуанышты келді де, мені қатты құшақтап маңдайымнан сүйіп, "қуанышты бір хабарым бар, сүйіншіге не бересің?" деді. "Қалағаныңды беремін" деп көзімді жұмып тұрсам, ақырын қалтасынан бір парақ қағазды алып маған берді. Дәрігерлерден бе? Жақсы хабар ма?"десем "ашып көр" деді.
Ашып көрсем жолдасым екеумізге умра (кіші қажылық) сапарына жолдама алып келіп тұр екен. Қатты қуандым, қуанғаным соншалық тоқтамай жылап, жас балаша күйеуімнің мойынына асылып алып еркеледім.
"Сізден Алла разы болсын" дегеннен басқа ешнәрсе айта алмадым. Осылайша екеуіміз умраға аттанып кеттік. Осындағы рахат, осындағы ғибадат, осындағы сәжде, осындағы көз жас. Тауаф қылып жүргенде қатты жылағаным соншалық, "ең көп жылап жатқан менмін" деп ойладым. Бір күні жолдасыма қарасам, ол да көз жасымен көкірегін сулап қойыпты. "Не үшін жылап жатырсыз!" деп едім, басын төмен салып тұрып қалды. "Не үшін жылап жатырсыз" деп қайта сұрасам, ақырын ғана, әрең дауысы шыға сыбырлап "Саған өтініш, сенің дұғаң маған қарағанда тезірек қабыл болады, осы жерде Алладан перзент сұрамаймыз ба" деп ұялғансып қойды.
Шыдамастан айқайлап жыладым, шындап. Қағбаның есігінің алдына келіп:
"Иа Робби! Сен перзент бересің, ең бақытсыз отбасыдан ең бақытты отбасына қосқаннан кейін перзентті де бересің, Сен берушісің" деп жылай бердім, жылай бердім. Умрамыз бітті, үйге қайттық. Менен бақытты адам жоқ. Жолдасымды жақсы көруім бұрынғыдан басқаша, білмеймін, сіздерге сөзбен жеткізіп бере алмаймын. Өміріміз бұрынғыдан басқаша өтіп жатты.
Алты айдан кейін қатты ауырдым. Күйеуім қорқып дәрігерге алып барды. Жүрегімді тексертті, басымды тексертті. Дәрігерден дәрігерге барып жүрдік, ақыры бір дәрігер бізге қарааап тұрып: "Бастарыңнан көп қиыншылық өтіпті дұрыс па?" деді. Дәрігер қалай біліп қойды деп ішімнен ойладым. Ақырын жолдасымның қолын қысып тұрып: "Келіншегіңнің бойында үш айлық сәби бар құттықтаймын!" деді. Күйеуім қуанғаннан сол жерге құлай кетіп маңдайын сәждеге қойып еңкілдеп жылады, мен де қосыла жыладым. Дәрігерге қарап:
"Бастарыңнан көп қиыншылық өтіпті деп айттыңыз, оны қалай білдіңіз?" десем, дәрігер:
"Өйткені, сені тексергенімізде көрініп тұр, көптен бері балалы бола алмай жүр екенсің" деді. Шығарымызда:
"Аллаға шүкір етіңдер, Алла өмірлеріңе береке берсін, Алла денсаулықтарыңды мықты етсін. Балдарыңа мықты тәрбие беріңдер!" деп бізге тіке қарап жымиып тұрып қалды. Мен де, күйеуім де түсінген жоқпыз. "Балдарыңа" деп қайта қайталады. Дәрігер ақырын келді де, қолын жолдасымның иығына қойып:
"Қазіргі жасаған сәждең Аллаға шүкірлік үшін ғой, дұрыс па?". Күйеуім:
"Ия, ия, Аллаға шүкіршілік! Өйткені менде балалы болуға мүмкіндік жоқ болды,- деді.
Дәрігер: "Егер мен саған бір сөз айтсам, қысқа етіп жасап қойған сәждең үшін Алладан ұяласың" деді. Түсінбей қалдым. Дәрігер бізге жымиып тұрды да күйеуіме қарап:
"Келіншегіңнің ішіндегі бала егіз" деді. Сонда күйеуім қайтадан сәжде қылып, бас көтермей ұзақ уақыт сәждеде жылап жатты. Екеуіміз қуанған күйі үйге қайттық.
Үйге келіп ойланып отырып, бұрынғы жолдасымның үйінен талақ алып шығып келе жатқандағы имамның сөзі есіме түсті. "Қызым, Алла жөнінде қандай ойдасың? ". "Алла сөзсіз маған перзент береді, мені жақсы күйеуге кездестіреді, мені мықты отбасына қосады" деген ойда болсаң, онда сен сөзсіз түрде жеңіске жетесің" дегені осында есіме түсті.
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірден өтерден үш күн бұрын, «Алла туралы жақсы ойламастан араларыңнан ешкім о дүниеге аттанбасын» деген хадисін оқып ұзақ ойландым.

Вацаптан келген мына әңгімені жариялаудағы мақсатым "Сабыр түбі сары алтын" екенін ғана жеткізгім келді. Оқып отырып көзіме еріксіз жас келді. Өмірінің басы көз жаспен басталып қуанышпен өтеліп жатқан осыған ұқсас қаншама тағдырлар да бар. Адамды шыңға адалдық пен адал ниет, сенім ғана шығара алатынын сезінесің.

авторы шығып жатса жаза отырыңыздар .

0 1 ER 0.0642
Өмірден алынған 😥😥😥

Суданның бір өңірінде мұғалима оқушылардың білімге ынтасын ояту үшін сыйақы тағайындайтынын айтады. Кім шығарманы жақсы жазса, соған жаңа аяқкиім сыйлаймын дейді. Балалар мұндайды естіп, қатты қуанады. Сыйлық алу үшін бәрі шығарма жазады. Жарты сағаттан соң жазғандарын өткізе бастайды. Барлық шығарманы оқыған мұғалима, сыйлықты кімге берерін білмей, сасады. Сондықтан жеребе жасайық дейді. Оқушыларына аттарыңды жазып, маған өткізіңдер дейді.
Баланың бәрі атын жазып, қорапқа тастайды. Қағаздарды араластырып, бірін суырып алады, жеңімпаз — Вафаа Әбділкерім!! Балалар Вафааны құттықтайды!!! Бұл қыз өте жақсы оқитын, ол жеңімпаз болуға әбден лайық еді! Вафаа қуанғаннан жылап қалады. Тек аяғындағы ескі бәтіңкесінің тозғаны болмаса... Сонда да ол бәрінен артық оқуға тырысатын. Озат оқушының бірі.
Мұғалима кешке үйіне кеп, болған жағдайды жылап отырып күйеуіне айтып береді. Күйеуі осындай амал тапқан әйеліне разылығын айтады. Әйелінің неге жылағанын түсінбейді. Бұл қыз жақсы оқығанмен, бірақ аяқкиімі жоқ жалғыз оқушы екенін, оның жолы болғаны тамаша емес пе деп сұрайды. Әйелінің жауабы оны одан сайын таң қалдырады.
Мұғалима қораптағы басқа қағаздың бәрін оқып шығады. Сөйтсе оқушылардың бәрі қағазға өз атын емес, Вафаа Әбділкерім деп жазыпты. Балалар өз жолын мұқтаждығы басым Вафааға берген екен.

0 0 ER 0.0481
ЗВОНДА МАҒАН...

Төзімің бойдaн қуылса, звондa маған,
Жaнaрың жаспен жуылса, звонда маған.
Тұңғұйық мұңның ішіне қалдырып сені,
Тағдырың теріс бұрылса, звонда маған.

Сенімің бір күні алдаса, звонда маған.
Сезімің мұңға жалғаса, звонда маған.
Ақтарып салар сырыңды жақын жандардан,
Жаныңда ешкім қалмаса, звонда маған.

Түсінбей жүрсе еш пенде, звонда маған,
Жалғыз қалғанда кештерде, звонда маған.
Ұмытып бәрін бір сәтке жаным - ау менің,
Оралғың келсе өткенге, звонда маған.

Көктемің қыс боп оралса, звонда маған,
Жүректен сезім тоналса, звонда маған.
Үмітпен қарап жүретін ақ армандарың,
Көзіңді алдап жоғалса, звонда маған.

Сындырса тағдыр сағыңды, звонда маған,
Сарғайтса күз кеп бағыңды, звонда маған.
Жаным деп жүрген жақын жан бір күні келіп,
Жылатып кетсе жаныңды, звонда маған.

Бақытың кетсе басыңнан, звонда маған,
Жақының кетсе қасыңнан, звонда маған.
Опасыздықтың байқамай орына құлап,
Көңілің қалса досыңнан, звонда маған.

Ұйқысыз өтсе түндерің, звонда маған,
Күлкісіз өтсе күндерің, звонда маған.
Ішіңе сақтап барлығын, жаныңды қажап,
Үндемей жаным жүрмегін, звонда маған.

Өксітсе егер өмірің, звонда маған,
Болмаса жаным көңілің, звонда маған.
Қиналған кезде қысылмай, телефонды алда,
Өзгерген жоққой нөмерім, звонда маған.

Звонда маған, күндеме, түндеме жаным,
Айтқың келгенде қысылмай бірдеңе жаным.
Сойлеуден қорықсаң, ”жанарым жылайды ма”- деп,
Тұтқаны ұстап тұра бер, үндеме жаным...
* * *
Сен екеніңді сеземін...

ПЕРХАТ ЖҮЗЖАСАР

2 1 ER 0.0723
Медбике қызға
Атыңды қалдырсам ба екен мәңгілік
Ел құлағында тұратындай жаңғырып
Айналдырып ноталарға саз қылып
Қалдырсам ба екен сезімді, ән қылып

********
Құлағыңның құрышын бір қандырып
Атқанша бозғылтанып ақ таң күліп
Бір жыр арнап кетейінші, мен саған!!!!
Өшпейтұғын бір хатымды қалдырып

*******
Ғашықтық, ол мүмкін бір заңдылық
Атыңды қалдырсам ба ән қылып,
Тыңдап бұл жырымды бір оқушы
Айтып жүрер жазған деп бір әңгүдік!!!!! (Жалғасы бар)
Авторы: Алмабекұлы Ерлан

1 2 ER 0.0713
ЧАТ.!!!

Болдық кәзір көбіміз фейк.
Жүрміз бір бір маска киіп.
Бір-бірімізді өтірік сүйіп.
Біреулердің жынына тиіп.
Біреудің көзіне болып күйік.

ҚҰРДАСТАР ҚАЙДАСЫҢДАР ¿¿¿

Пікірге жаза кетіңдер...

1 8 ER 0.1176
Өмірдің басы - бала, ортасы - адам,
Қартайып, шал болған соң кетті шамаң.
Мақтап жүрген өмірің осы болса,
Үш-ақ ауыз өлеңмен болды тəмəм!

© Шəкəрім Құдайбердіұлы

0 1 ER 0.0481
МЕДБИКЕ ҚЫЗҒА (жалғасы және соңы)

Кетейінші бір өлең жазып бүгін
Ойлаумен, өтуде айлы түнім
Білместікпен ғашық болдым өзіңе,
Кешір мені алдыңда айыптымын

Білемін, өлеңіммен жалықтырдым...
Соңғы рет,өзіңе енді жазып тұрмын
Кешірші, ұнатып қалдым мен сені
Ессіз сүйіп, өзіңді сауық құрдым....

Кетейін мен сырымды жайып бүгін.
Айтшы қандай жанға лайықтымын.
Кешір , қалқам шын ғашықпын өзіңе..
Алдыңда, айыптымын айыптымын

Алмабекұлы Ерлан

0 0 ER 0.0395
Бір күні бірнеше жас жігіт жеңіл көлікпен жолға шықпақшы болады.
Сол жердегі жігіттердің бірінің анасы:
"Балаларым,Жаратқан Алла сендермен бірге болсын,жолдарыңды оңғарсын! Әумин!"-деп бата береді.
Масаңдау жігіттің бірі:
-Көлікте Аллаға орын жоқ. Қаласа жүк салғышқа шығып отырсын-дейді.
Солай жолға шығып кетеді. Арада бір
сағаттай уақыт өте олардың апатқа ұшырағаны және еш біреуінің де тірі қалмағаны туралы хабар келеді.
Бір қызығы көліктің жүк салғышына еш зиян келмеген. Одан да таң қалдырғаны жүк салғыштағы қораптағы жұмыртқалардың біреуіне де сызат түспеген.
Күш-қуат жалғыз Раббымызға лайық! Алла бізді тура жолынан адастырмасын! (Қырғызшадан аударылған)

0 0 ER 0.0402
-"Сені уайымдап жыладым, соданба басым ауырып тұр" — деді отадан соң палатаға жеткізілген келіншектің жанына келіп, қолынан ұстаған жігіт...

--"Қойшы, оның не, мен аманмын ғой" — деді келіншектің даусы дірілдей шығып...

--"Иə, Аллаға шүкір сен амансың ғой, бірақ сəбиіміз жоқ енді" — деген ері біраз үндемей отырды да, сөзін жалғастырды;

--"Сені не деп кінəлайын жаным...Əттең.. денсаулығың болмай тұр ғой..Басымыз жас, Алла берерін тауыспасын..Бірақ, саған аборттық ота жасап жатқан кезде, үйде отырсамда жанымды қоярға жер таппадым..Сəбиіміз — менің кішкентай ғана жұрнағым ғой, соны сақтай алмағанымызға қу жүрегім ауырып болмай қойды...Мейлі амалымыз не енді, сен аман болсаң, əлі дертіңнен құлан — таза айығып, маған көп сəбилер туып бересің, жаным" — деді даусы барлыққан күйі тістеніп..

Шамасы, жүрегін жылатқан көз жасын көрсеткісі келмесе керек...

Жігіт палатадан шығып кеткен соң, орнымнан тұрып келіншектің жанына таянып, шəй бердім...
Менің бар əңгімені естіп отырғанымды білетін ол, ақырындап сөзін бастады..

— "Біздің бір баламыз бар..Оның өзін əрең босандым..Өлім аузынан қалдым десемде болады..Көріп тұрсыз ғой, мен туғаннан бері мүгедекпін..Маған бала көтеруге мүлде болмайды деп диагноз қойған дəрігерлер..Мен болсам, өзі зіңгіттей дені — сау еркек болса да, мендей қызды жар етіп алған жарыма ең болмағанда сəби сыйлайын деп сондай ерлікке бардым...
Бірінші сəбиімді босанған соң, өлім аузынан əрең қалғанымды ұмытып, баламызға серік болсын деп мына сəбиді көтеріп едім, оның арты мынандай болды..Менің бала тууым — өз өміріме өте қауіпті екенін дəрігерден естіген күйеуім осында алып келді" — деді күрсініп...

Келіншектің əңгімесін естіген мен, көпке дейін кеудемдегі толқуымды баса алмадым..

Жарымжан адам түгілі, он екі мүшесі түп — түгел, ұл десе ұлын, қыз десе қызын туып беріп отырған сүйген жарына опа көрсетпей,туған баласынан безіп қаншама еркектер жүр бұл өмірде..

Олармен салыстырғанда, мүгедек келіншегін алақанына салып аялап отырған ана жігіт нағыз ер, нағыз батыр емеспе, айтыңыздаршы..?!

Ұлдан Қойшықызы

0 1 ER 0.0481