Статистика ВК сообщества "JUST PASSION"

18+
Жаныңның тыныштығы жоғалмасын.💫

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Жынданып түбі кетпесем еді,
Жылжымай қояр түндерден..!

1 4 ER 0.2615
⠀⠀ #ШАҚТАР

Әр сыныпта бір елеусіздеу балалалар болады ғой. Ол да сондай еді. Бір сыныпта оқысақ та аса диалогқа түспейтінбіз. Бойы ұзын болды. Содан ыңғайсызданатын шығар, сәл еңкіш тартып жүретін. Солай біз шағын ауылдың 8 жылдық мектебін бітіріп кеттік те, кейін мүлдем араласпадық. Сол 8 жылдықты бітірген соң, бәріміз облыс орталығына бардық қой. Ол қазіргі тілмен айтқанда кәсіптік теxникумға кетті деп естідім. Кластастармен араласқым келмеді ме, уақыт солай болды ма көбін ұмытып кеттім. Кейін, Атажұртқа кеттім де, өз өзіммнен әуре болған кезең болды ғой...

Астанада 3-ші курста оқып жүрген жылы біреу звондайды, «кластас...»-деп... Көп ұзамай жолықтық. Қызық қой. Пәтерге іздеп келіпті. Ағаларым бар. Жалпы, елде бір кластасың, оның үстіне ер бала болса үйге іздеп келу деген түсінік онша жоқ қой. Ал бұл жақта байырғы жұрттан келдім дегеннің бәрі бір-біріне бауыр. Жатсынбайсың. Солай жолығып сөйлесіп жүрдік. Ол кезде Кенесары көшесінде тұрамын. Бір ұзын көше ғой. Ұзақ-ұзақ жүріп қайтамыз, әр кеш. Мен студентпін.

...Мектепте көп үндемейтін еді. Уақыт өзгерткен шығар. Бәрібір ортақ әңгімеміз көп болды. Осы жақта өзге де кластастарымыз бар екен. Солармен де жолықсақ деп ұсыныс тастады. Сөйтіп бәріміз жиі болмаса да, әйтеуір көңілді бас қосулар жасап жүрдік... Ол елге жиі баратын. «Кімге сәлем айтайын?»- дейді ғой. «Ата-анама»-деймін. Қызарақтап, ыңғайсыз күйге түскені ұнайтын. Қыз мінезді. Ұяң. Бірақ, үнемі менімен ашық сөйлесуге тырысатын.

Оойй, ол кезде тегін 1000 sms деген болды ғой. Анау біткенше жазысамыз. Телефонымызда қазіргідей емес экраны кіп-кішкентай nokia. Солай 2 жылдай уақыт өтті. Басқа сезім. Басқа уақыт. Басқа түйсік. Бір күні кешке қарай xабарласты. «Ертең елге жол жүремін, саған соғып кетейін деген едім»-деп. Біраз әңгімелестік. Үйленгісі келетінін, Қояндыда үй салып жатқанын айтты... Сосын тағы бір сыныптасымыз xабарласты да, бәріміз жиналып, бас қостық. Б., Н. ,Г., тағы біреулер болды. Жеңіс даңғылы бойындағы бір кафеде ұзақ отырып, кеш қайттық. Суретке түсіп, сол маңайдағы бір жерден суреттеріміздің бәрін шығарып алдық. Одан бері альбомды да ашпаған шығармын... Сөйтіп, қазіргі «Жастар театрының» тұсындағы аялдамалан тарқастық, бәріміз.
Ол ертеңінде елге кетті. Жетісімен sms жолдады. Жалпы, қазір қалай екенін білмеймін, бұрын ол жақтан бері звондау тарифі өте қымбат болды. Сосын, өзім де қарым-қатынас деген дүниеге салғырт қарайтын аламмын ғой. Мән бермей жүре беретінмін. Бір күні менің туған күнім бе, әлде оның... Әйтеуір sms жазған соң мен звондадым. Тұтқаны өзі емес, досы көтерді. Досы екеуіміздің әкеміз бір үйдің баласы :) Тетелеспіз. Бірге оқыдық. (Өздеріңіз түсініп ала беріңіздерші). Ал үшеуіміз кластаспыз. «Сен туысыңа бір звондамап едің, кімді іздейтінің белгілі болды!..»-деп қалжың аралас ренішін де жеткізді. Сосын тұтқаны ол алды да бірден: «Ағаңнан сұрадым, қарындасыңды бер деп, келісті ғой»- деп күлді. Сол ұяң күлкі. Біраз сөйлестік. Елдегі кластастар бас қосып отыр екен, аздап қызу. Дауысының ұяңдығы ұнайтын. Оның: тақпақ жазып жүрсің бе деп сұрайтыны қызық көрінетін.:)

Бәрі оны бұрынғы мектептегі мінезімен қабылдайтын сияқты. Момын, үндемейді деп. Ол шын мәнінде көп өзгерген еді. Кө-ө-п. Оны біраз уақыт араласпай кетіп, сөйлескен мен ғана аңғарған шығармын. Өйткені, оның сезімін де, ойын да маңайындағылар сұраған жоқ,санасқан жоқ. Бәрі әйтеуір қыздармен таныстыруға тырысатын. Сол жолы да солай жасапты. Бір кластас қыз ол әңгімені жеткізді. «Қ..........-ді бір қызбен таныстырдық, ол қыз ұнапты...»-деп. Өзім мектеп бітіргелі 8 жылдай кездеспеген кластастарға бірдеңе айтуға да ыңғайсызданасың. Өйткені, олар Универ бітіріп үлкен өмірге араласып кеткен. 2 жыл «ләйліп» жүрген мен ғана әлі 4 ші курстамын.

Арада бір аптадай уақыт өтіп кетті. Бірде автобуста тұрғанда звондады. Трубканы көтермедім. sms жазды. Кейін жауап жазармын дедім. Дымға пайдасыз көңілімде бір реніш болды. Әлде, қызғаныш па екен... Әйтпесе, қай бір автобустың ішіде телефонмен сөйлеспейтіндей этика сақтап қалды дейсіз.... Оның үстіне аз уақыттан соң келіп те қалар деп ойлағам.

Сонымен, бәрін тіршілік көміп кетті ғой. Оқудың аяқталып жатқан кезі. Ой ойлауға да уақыт таппай, дипломдық жұмыс бар, мемлекеттік емтиxанға дайындық бар, қосымша жұмысым бар, қарбалас кезең болды.

Сондай бір кездерде, түнге қарай үйге келгем. Б. деген сыныптасым xабарласты. Екеуі 8 жыл бір партада отырған еді... Жылап тұр...
Дүние астаң-кетсең болды демеймін.... Өйткені сол кезде ештеңеге сенбедім. Сенгім келмеді емес, сенбедім! Маған Ол sms жазатындай көрінді. Телефонды алдым да оған «Осының бәрі өтірік шығар...» деген мазмұнда xат жазып жібердім:

Сообщение доставлено!...
Таңға дейін күттім...

Таңертең Н. деген кластас қыз xабарласты. Осындағылар жиналып, Қояндыдағы үйіне құран бағыштауға барамыз деді. Бармадым.
Демалыс күндердің бірі болды ғой деймін. Сонда да университет жаққа бардым. Жұмысқа бардым. Бір мағынасыздық. Әйтеуір ештеңе болмағандай жүре бердім...

Ертеңінде телефон номерімді ауыстырдым. Солай жасағым келді...

Сөйтіп бірінші болып кластастарымыздың арасынан ол шын өмірге кетті.

Былтыры байырғы жұртқа бардым ғой. Мен ешкімге бұл жайлы ештеңе айта алмадым. Тіпті әңгіме қылғанның өзіне не айтылуы керек? Білмедім тіпті... Сол сапарда жанымдағы құрбыма тауға шығып әңгімелесіп отырғанда өткен күндер туралы айттым. Жалпы, сол құрбыма көп нәрсе айтамын. Мені қаншалықты түсінетінін...

Со жолы жоғарыдағы тетелес туысқаныма «Басына алып баршы...» деген едім. «Зираты алыс қой»-деді. Өзі ниеттенбеген соң қайтадан апаршы деп сұрамадым. Оның да бір білгені бар шығар, ер бала ғой...

Мен ауылдан кеткен соң араға 10 жылдан астам уақыт салып бардым ғой, елге. Кластастар жиналды. Әрненің басын бір шалды, Оған қатысты.
Жалпы, сол жол апатына өзара бір-бірін кінәлайды екен, ұққаным. Сондықтан ұрыс-керіс болып кетпес үшін ол тақырыптан өздерін алысырақ ұстады, бәрі. Соны байқадым да, мен де ештеңе демедім. Деу де артық болар еді. Бәрінің сөзінен де, көзінен де өкініш көрдім... Сөз бен көздегі өкініш өшер, жүректегі өкініш қой, ең ауыры...

Сол оқиғадан бастап өзімнің өткенімнен өзім қашатын шақтарыммен қайта табыстым... Өткенді есіме алғым келмегені сондай, көп жағдайды қазір есіме түсіре алмаймын. Адам ақ түсті бұрын көре ме, қара түсті ме? Әрине, көзі қалаған түсті. Демек, менің жадымнан өшіп кеткен дүниелердің бәрі есіме алғым келмейтін сәттер болғаны ғой?..

Содан бері осы жақтағы сыныптастар бас қоспадық. Мүмкін, олар жолығып та жүрген шығар. Әйтеуір мен аутсайдермін.

Мен оған арнап өлең де жаза алмадым. Оған мәңгілікке апармайтын жол бар. Бірақ, ол әуенге айналып кетті...
Бірде әнші Динара Сұлтан бір әуен ұсынды, сөзін жазып беруімді сұрап. Жұмысқа барып, интернетті ақтарып отырып, оның інісінің суретін көрдім. Ұқсайды. Бірақ, оны несіне есіме алып отырмын, енді ол оралмайды ғой деп ойладым... Иә, өйткені, «Оралмайды Ол»... Сөйтіп төмендегі ән дүниеге келді...
Былтырғы жылы Нұрмұxаммед Жақып деген әнші баланың папасы xабарласты. "Бір ән бар еді, қарап көрсең, өзіңе ұнаса ғана жаз"-деп... Әнді алдым. Тыңдадым да қойып қойдым. Кешке жақын заттарымды жинап отырып ескі телефонымды тауып алдым. Ішінде sms тер... Тағы да өткенді еске салды... Көктем еді...
Біраздан соң әуенді қайта тыңдадым...
Мені тағы да «Алдай ма, көктем?!..» 10 минутта жазып шықтым...

Сағыныштың не жасқа, не өлеңге айналары белгілі ғой... Ештеңе жаза алмағаныма қарағанда шерге айналып кеткен шығар... Мүмкін, сен өлең емес өмір едің...

Одан бері де 7 жыл өте шықты. Уақыт ұмыттырып бара жатса Алла кейде түсіңе енгізіп, кейде әңгімелесіп ұзақ жүретін сол көшемен бетпе-бет келтіріп есіңе салып тұрады...

Адамның өмірінде қаншалықты сынақ көп болса, сенің дәтіңді соншалықты берік қылып қоятын сияқты. Менің сол қылығым үшін осындағы ортақ досымыз әлі күнге дейін жеккөреді мені. Хеx дейсің ғой баяғы. Ол не білсін демеймін, тек менің сол кездердегі күйімді оның кешпегенін ғана Құдайдан тілеймін.

Менің жыламағаным оның өмірде жоғына сенбегенім шығар. Менің жыламағаным бәрінен қажығандықтан шығар... Мен сол күйі жыламай кетуші ме едім, кеше осы бір суретті чатқа сыныптастарымның бірі жолдамағанда...

СЕН ЖЫЛАМАШЫ...

1985.03.17. - 2010.05.04 Уақыт.

Браво, Өмір! Мені бүгін тағы бір жеңуіңмен құттықтаймын!

Автор: Айжан Табарак

12 2 ER 0.2675
Қым-қуыт тірлік процессінен басқа бір дүниелерді де сезіне алу керек. Парқыңыз барда еңбек қылыңыз, тіршіліктен қол үзбеңіз, дамыңыз, жетіліңіз. Өзіңіздің физикалық түрде соншалық шаршағаныңызды сезініп, ұйқыға бату да - ғажап қой. Десе де, адам байғұстың күйбеңнен де көңіл аулатар бір ермегі болуы кешірімді шығар. Біреудің сөйлер, біреудің тыңдар біреуі бар. Жеке басымда жарытып пендеге айтпағанымды қағазға түсіретін жақсы-жаман бір әдет бар. Сізге кофе қантсыз ұнайтын болса, маған сүтсіз шай ұнайды. Сізге фильм көрген ұнайтын болса, маған бос уақыттың бәрінде тыныштықта өзіммен қалу ұнайды. Дәл сол тәріздес, өзгеге қалай достарымен дидарласқан, әңгіме-дүкен құрған шабыттандыратын болса, мен қағазға сыр шерткенді ұнатамын.
Әркім әртүрлі. Мұны қабылдау шарт емес. Дегенмен, ісіңіз болмауы шарт өзгенің шекарасында.

Бүгін әлдекім “Қазір адамдарға ойланудан көрі күн көру жан бағу маңыздырақ, қолы бостар ғана кітап жазып, өлең шығарып, өз қиялына өзі алданып жүреді. Онысымен қоймай жұртты да сол қиялға сендіреді” деді. Мүмкін, рас. Мүмкін, жаны бар. Шығармашылық - қиялмен байланысы бар дүние. Ол, сөзсіз. Десе де, оқырман керең емес, оқырман соқыр емес, оқырман өз позициясын ұстай алмайтын, өзіне керектіні білмейтін төменгі тобыр өкілі емес.

Біреу керегін тауып оқиды, біреуге менің музыкалық талғамым ұнар, біреуге жазу шеберлігім, біреуге оқығанымнан таңдау білетінім ұнайтын болар. Әркім әртүрлі нәрсе іздейді, әркімге жанына жақын бірнәрсе табылып отыр демек.

Оқырман - мен арандап жинап әкелген сектаға қосылған соқырлар емес. Кез келгені менің ғана пікірімді объектив деп алып, өмірлерін менің жазған-жүктегендерім бойынша сүретін адамды мұннан таппайсыз. Оларға ұнамсыз, олар келіспейтін пікір жариялануы мүмкін. Десе де, үнсіз ғана керегін алады, керексізін ысырады.

Айтқым келгені - кей кезде шекара таңдап білмейтініміз. Біреуге біреудің ауызына келгенін көкіп сөйлей салатыны, көкейіне жиналған лоқсықты екіншіге төге салатыны(жалпы айтқаным). Өмірде мені танымай, білмей кез келген сөзді айту кез келген адамның қолынан келеді. Біреу сол жағымнан көреді, біреу оң жағымнан көреді, маған біреу төбемнен, біреу төменнен көз тастайды. Әркім әртүрлі ой оқиды, әртүрлі көреді. Менімен бетпе-бет жүздеспей, немен айналысатынымды, не бітіре алатынымды білмей сөйлеу - қате. Шекара аттамаңыздар. Тапсаңыз - қажетін алыңыз, оны керек қылмасаңыз - бұл менің таңдауым, осында қалады.

Барлығын сыйлаймын, ойларыңызды құрметтеймін!

Аружан Төлеубек
20 шілдеден 21 шілдеге қараған түн, 2021 жыл.
Телеграмм : just thoughts🦋

3 1 ER 0.1605
Тағдырдың қатал өктемі,
Жылытар түрі жоқ тегі.
Солмасын, қалқам, алайда -
Пәк жүрегіңнің көктемі...

(с)

5 0 ER 0.1363
тeбe нyжнo нaйти то, чтo двигaeт тeбя впeрёд, снoвa и снoвa, кaждый дeнь.
это можeт быть пeсня, цитaта, книгa, сeриал, кaртина, личнoсть, чтo yгоднo, что нaходит oтклик в твoем сeрдце,
чтo-то, что стряхивает пыль с дyши.
тeбе нужно чтo-то, что нaпомнит тeбе,
что в этoй жизни eсть за чтo борoтьcя.

5 0 ER 0.1364
Адам тарыққанда жоқтан өзгеге иланады.
Өтіріктің өзін шындай көріп, өзін-өзі алдарқатады.
Бәлкім, өмір дегеннің өзі өтірікке сену шығар?!

Иә, өмір сүру- өзіңнің ықтияр-еркіңмен қалап алған құлдық қамытын азат басыңа киіп, өзің ойлап тапқан өтірікке өмір бойы тәнті боп, табынып өту шығар.
Адамның өзін-өзі алдарқататын өтірігі жоғалған күні өмір де бітетін болар-ау...

Есенғали Раушанов.

3 0 ER 0.1066
Почему не стоит падать духом

Поверь, всё, что с тобой происходит — прежде всего случается у тебя в голове. Любые трудности, расстройства и потрясения можно пережить, если сформировать свое правильное к ним отношение. В этом и секрет счастья — независимо от того, что происходит вокруг, независимо от людей, которые тебя окружают, ты должен находиться в состоянии гармонии.

1 0 ER 0.0652