Статистика ВК сообщества "♔♕♡Sabr♔♕♡"

0+
Кто напуган – наполовину побит

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

«ӘЙЕЛ – ОШАҚ, ЕРКЕК – ОТЫН ТАСУШЫ»

Ер адамның міндеті - ошағын отынсыз қалдырмау. Әйелі мен бала-шағасын асырау. Таңертең ұясынан ұшып шыққан құс секілді, тәуекел етіп, күні бойы еңбек ету, аз-кем болса да азық табу. Ал әйел құдды бір ошақ секілді. Оның міндеті - ерінің күні бойы тер төгіп тапқан отынын маздатып жағып, үйіне жылу тарату, отбасына жарық сыйлау. Су тиген отынды жарып, кептіріп, күннің астына қалап қоятынымыз секілді, кейде әйел адамға да еркектің тапқан табысын орнымен жұмсап, үнемдеп, іске жаратуға тура келеді. Жоқтан бар жасау, бір нәрседен екі түрлі нәрсе шығарып, ұқсатып жіберу - әйелдердің қолында. Сондықтан әркім жұбайының "территориясына" қарай өтіп кетпей, өз қызметін толыққанды атқара білсе, қоғамда да тұрақтылық болмақ.

3 0 ER 0.0234
Бай болғыңыз келсе, мынадай нәрселерге ақша жұмсамаңыз

Ақшаның көбеюі- қаржыны дұрыс есептеудің арқасында жүзеге асады. Ақшаны орнымен жұмсау қаржыңның өсуіне алып келеді. Еңбек етіп тапқан ақшаны жұмсауға болмайтын жерлер бар.

Ол үшін біріншіде, қалтаңыз көтермейтін дүниеге ұмтылмаңыз. Бір рет қымбат мейрамханадан ас ішіп, қымбат жерде бір рет демалу тапқан ақшаның орнын ойсыратып тастайды. Қымбат заттарды сатып алу қалтаңды жұқартады. Дұрысы, басқа адамдар секілді ас пісіріп, үйде тамақтан. Ал қымбат мейрамханаға арнайы уақыты келгенде бар!

Екіншіде, киім, әшекей, аяқ киімге көп ақша жаратпа. Сән әлемі күн сайын өзгеріп жатыр. Бір мезгілге 10 көйлек сатып алу- ессіздік. Шетінен, жаңа үлгідегі киімді алып отырған дұрыс.

Үшіншіде, түрі немесе маркасына қарап автокөлік сатып алма. Өзіңе жұмысыңа ыңғайлап, қиындық тудырмайтын көлікті сатып ал.

Төртіншіде, ешқашан өзіңнің қолыңнан келетін дүниеге шығын шығарма. Бұл әсіресе дайын тамаққа байланысты.

Бесіншіде, үйде кір жуу, үй жинау ешқандай қиын жұмыс емес.

Алтыншыда, қымбат жерде білім алу да ессіздің әрекеті. Адамның қайда оқығаны емес қалай оқығаны маңызды. Өз кезегінде білім алып, ақылы емес бөлімге оқуға талпынған дұрыс.

Жетіншіде, балалардың жетегіне еруге болмайды. Оларға барлығын алып беруге жағдайың жетіп тұрса да алып бермеген дұрыс. Себебі, олар өмірдің мәнін, ақшаның қайдан келетінін түсінуі керек.

Ақшаны өзіңнің дамуына жұмсаған дұрыс. Ақша-қолдың кірі. Сол себепті өзіңді дамытып отырсаң, келешекте өзіңе еңбек етеді.

2 0 ER 0.0176
«Осы (Құран) біз түсірген мүбарак Кітап. Енді соған еріңдер әрі сақсыныңдар. Мәрхаметке бөленерсіңдер» (6:155).

0 0 ER 0.0117
«Өмірдегі ең керемет нәрселерге біз сабыр арқылы қол жеткіздік».

© Омар ибн әл-Хаттаб (Алла оған разы болсын)

0 0 ER 0.0088
Күнделікті Құран оқыңыздар, оның аяттары туралы ойланыңыздар, бұл Кітапты өзіңіздің өмірлік басты басшылық етіп алыңыз да Оның заңдары бойынша амал жасаңыздар. Тек сонда сіздің дұғаңыз, ойларыңыз, амалдарыңыз және өміріңіз жақсылық пен игілікке толады. Алланы еске алу сөздерінде қаншама қайыр бар екендігіне иман келтіргендер тіпті де көз жеткізе алмайды. Алланы үнемі еске алу арқылы адам өз ниеттері мен амалдарын саналы түрде жасап, жан тыныштығына кенеліп, жақсы бола бастайды. Алла Тағаланың мейірімі адамға көркем мінез ретінде төгіледі.

0 0 ER 0.0088
Өзіңді сыйламайтын жерден,өзіңді бағаламайтын жерден аулақ бол.Сен ең жақсысына лайықсың!!!!!

0 0 ER 0.0059
АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ БЕРГЕНІНЕ РИЗА БОЛ, СОНДА ЖЕР БЕТІНДЕГІ ЕҢ БАЙ АДАМ - ӨЗІҢ БОЛАСЫҢ!

Егер сенің басыңда баспанаң, ел алдында ұялмай жүре алатын лауазымды қызметің жоқ болса, оған бола қайғырма. Себебі, жер бетін басқан ең ақылды, ізгі деген пайғамбарлардың өздері қарапайым жандар еді. Дәуд (а.с) пайғамбар темірші, Зәкария (а.с) ағаш ұстасы, Ыдырыс (а.с) тігінші болатын. Демек, сенің бағаң атақ-даңқыңмен емес, елге тигізіп жатқан пайдаңмен өлшенеді👌

Егер сен бақытты болуды қаласаң, онда Алла Тағала жаратқан бітім-болмысыңа, біліміңе, табысыңа риза бол, қанағат қыл. Тіпті, кейбір насихатшылар бұдан да тереңдей түсіп: «Сен өзіңде болып тұрған жағдайдың төменіне де риза бол», - деген. Иә, шынайы бақытты адам – ол өз қолындағы аз ғана игілікті дер кезінде сезініп, көре алатын адам.
Бүгін сенде бар бес жүз теңгеге әлдекімдердің жете алмай жүргенін ұмытпағайсың. Алла Құранда саған арнап не айтқанын білесің бе? Алла Құранда: «...Өзіңе бергенімді ал және шүкір етушілерден, алғыс білдірушілерден бол», - деген. («Аъраф» сүресі, 144-аят)

0 0 ER 0.0059
Күнделікті Құран оқыңыздар, оның аяттары туралы ойланыңыздар, бұл Кітапты өзіңіздің өмірлік басты басшылық етіп алыңыз да Оның заңдары бойынша амал жасаңыздар. Тек сонда сіздің дұғаңыз, ойларыңыз, амалдарыңыз және өміріңіз жақсылық пен игілікке толады. Алланы еске алу сөздерінде қаншама қайыр бар екендігіне иман келтіргендер тіпті де көз жеткізе алмайды. Алланы үнемі еске алу арқылы адам өз ниеттері мен амалдарын саналы түрде жасап, жан тыныштығына кенеліп, жақсы бола бастайды. Алла Тағаланың мейірімі адамға көркем мінез ретінде төгіледі.

0 0 ER 0.0059
Жəбир (رضي الله عنه) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (ﷺ):
– «Бес уақыт намаз – күн сайын бес мəрте түсіп шомылатын, қайсыбіріңнің есігінің алдында буырқанып ағып жатқан өзенге ұқсайды», – деп айтты.
(Муслим, мəсəжид 284).
___________
ҚОРЫТЫНДЫ: Күніне бес мəрте шомылатын адамның үстінде кір болмайтыны сияқты бес мəрте намаз оқыған адамның бойынба күнəсі болмайды.

0 0 ER 0.0059
Противник оп дебатам. Понравится тем, кто хочет научиться улавливать факты и апеллировать ими в спорах

0 0 ER 0.0000