Статистика ВК сообщества "••✦ИсЛаМ ӨмІрІ✦••"

0+
بِســــــــمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِــــــــــيمِ

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Суреттегі кісі Бангаладештік қария. Бұл үлкен кісінің ет жақындары, тіпті артынан ерген ұрпағы да жоқ екен. Бірде қария ғұмыр бойы маңдай терімен жиған (он мың долларға тең келетін) қаражатын Алланың үйіне әкеліп, барлығын мешіттің жарығына жұмсайды. "Ата! Мұнша қаржының барлығын неге мешіттің жарығына ғана төледіңіз?" - сұрағанда, қария: "Дүниеден өтсем артымнан дұға қылар ешкімім жоқ. Мешітті жарықтандырсам, осы амалым қабірімді жарық етуге себін тигізер", - деп жауап берген екен.

4 5 ER 0.7254
Жәннәт пен сүйіншіленген он сахаба.
1 Хазреті Әбубәкір Сыддық (р.а)
2 Хазреті Омар ибн Хаттаб (р.а)
3 Хазреті Осман ибн Аффан (р.а)
4 Хазреті Әли ибн Әбу Толиб (р.а)
5 Хазреті Зубайр ибн Әууам (р.а)
6 Хазреті Талха ибн Убайдулла (р.а)
7 Хазреті Абдуррахман ибн Әуф (р.а)
8 Хазреті Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а)
9 Хазреті Әбу Убайда ибн Жаррах (р.а)
10 Хазреті Сағид ибн Зайд (р.а) Алла Тағала баршамызды осы кісілердің қатарынан етсін! Әмин.

10 1 ER 0.3094
Бұл қасиетті Құранның сүреттері​, Әл-Ақса мешітінде жанған, от Әл-Бақара сүресінде 211 аятта тоқтаған:

سَلْ بَنِي إِسْرَائِيلَ كَمْ آتَيْنَاهُم مِّنْ آيَةٍ بَيِّنَةٍۗ وَمَن يُبَدِّلْ نِعْمَةَ اللَّـهِ مِن بَعْدِ مَا جَاءَتْهُ فَإِنَّ اللَّـهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ

(Мұхаммед Ғ.С.) Израил ұрпақтарынан сұра. Оларға қаншалаған ашық мұғжизалар келтірдік. Кім өзіне Алланың нығметі келгеннен кейін өзгертсе, күдіксіз Алла қатты азап иесі.

2 0 ER 0.2489
Сәждеде қайтыс болған жазушының сұмдық сөзі!!
Өлген кезімде ештеңені уайымдамаймын, мұсылман бауырларым мен үшін бәрін істейді:
1- Шешіндіреді;
2- Жуындырады;
3- Кебіндейді;
4- Үйімнен шығарады;
5- Жаңа үйіме (қабірге) алып барады;
6- Жаназамды шығаруға көп адам келеді. Тіпті, көбісі жұмыстарын тастап, уақыттарын бөліп келеді. Мені жерлеу үшін...
Олардың көбі мен айтқан насихаттарды естеріне де алмайды;
7- Пайдаланған заттарымды тастайды:
- Кілттерім;
- Кітаптарым;
- Сөмкем;
- Аяқ-киімдерім;
- Киімдерім және т.с.с.
Егер отбасымның жағдайы жақсы болса, менің атымнан садақа береді.

Ал, енді қараңыз:
- Дүние мен үшін қайғырмайды;
- Мен өлді екен деп әлем тоқтап қалмайды;
- Экономика жалғасады;
- Менің жұмысымды істейтін басқа адам пайда болады;
- Көп болсын, аз болсын тапқан дүнием мұра болып қалады.

Мен өлген кезде, ең алдымен атымнан айырыламын!
Сондықтан, мен өлген кезде ең алдымен "мәйіт" қайда деп сұрайды.
Ешкім менің атымды атамайды.
Маған жаназа намазын оқитын кезде: "Мәйітті алып келіңдер!", - дейді.
Ешкім пәленшені алып келіңдер деп, атымды атамайды.

Сондықтан, мені руым, мансабым, атағым қызықтырмайды.
Бұл не деген түкке тұрмайтын дүние. Біз оны жақсы көретініміз нендей өкінішті!

Әй, қазір тірі жүрген жандар! Біліңдер, қайғы үш түрлі болады:
1- Сені сыртыңнан білетін адамдар "Ой, байғұс-ай" дейді де, қоя салады;
2- Достарың, бірнеше сағат немесе күндер бойы қайғырады. Содан кейін бұрыңғы өмірлеріне қайтып, қайта күліп жүре береді;
3- Үйдегі терең қайғы ше? Жақындарың бір апта, екі апта немесе бір ай, тіпті бір жыл қайғырады. Одан кейін сені естеліктер архивына жібереді.

Міне, адамдар арасындағы өмірің бітті! Енді, шынайы өмірің басталды. Ол - ақырет!

Сеннен мына нәрселер кетеді:
1- Әдемілік;
2- Мал-мүлік;
3- Денсаулық;
4- Бала-шаға;
5- Үй, сарайларыңнан айырыласың;
6- Жұбайың;
7- Сенімен бірге амалыңнан басқа ештеңе қалмайды!
Шынайы өмір енді басталды!

Бір сұрақ:
Қазірден бастап қабірің үшін, ақыретің үшін не дайындадың?
Бұл терең ойлануды қажет ететін ақиқат!

Сондықтан, мына нәрселерге берік бол:
1- Парыздарға;
2- Нәпіл амалдарға;
3- Жасырын садақа беруге;
4- Ізгі амал жасауға;
5- Түнгі намаздарға.
Сонда ғана құтыларсың ...

Сен тірі болып, осы мақаланы адамдар арасында таратуға көмектессең, Алла қаласа, оның сауабын қиямет күнінің таразысынан табасың.
"Үгітте! Өйткені үгіт мүміндерге пайда береді" (Зарият сүресі, 55-аят).

Алла Тағала Құранда айтқаны секілді: "Раббым! Мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең де садақа беріп, ізгілерден болсам". Неге қайтыс болған адам егер осы дүниеге қайтарылса, садақаны таңдар еді?!

Ол умра жасап келейін, намаз оқып келейін, ораза ұстап келейін деген жоқ.

Ғалымдар айтады: Өйткені, адам қайтыс болғаннан садақаның әсерін ең көп көреді.

Садақа беруді көбейтіңдер!

Ең жақсысы дәл қазір 10 секунд уақытыңызды бөліп, адамдарды насихаттау ниетімен осы сөзді тарату арқылы садақа жасаңыз.
Жақсы сөз де садақа!

15 3 ER 0.3260
ҚОҒАМНЫҢ_КІНӘСІ

АҚШ-та ірі сауда дүкенінен нан ұрлап, қашып кетпек болған 14 жасар баланы тұтқындап, жауапкершілікке тартады.

Шешім қабылдамас бұрын судья баланың сөздерін тыңдағысы келеді.
Судья: Неге ұрладың?
Бала: Керек болды.
Судья: Ұрламай-ақ, сатып алуға болмас па еді?
Бала: Сатып алуға ақшам болмады.
Судья: Ата-анаңнан алмадың ба?
Бала: Үйде тек анам ғана бар, ол да науқас, әрі жұмыссыз. Сондықтан нанмен қоса ірімшік те ұрладым...
Судья: Сен жассың ғой, қалай жұмыс істейсің?
Бала: Мен көлік жуатын орында жұмыс істегенмін. Науқас анамды қамқорлығыма алуыма рұқсат берілгеннен кейін, оларға керегім болмай қалды...
Судья: Өзгелерден көмек сұрап көрдің бе?
Бала: Әр күні кемі елу мекен-жайға кіріп, кез-келген ең аз еңбек ақыға жұмыс сұраймын, нәтиже аз...Ақыры ұрлық жасауға бел будым...

Баламен сұқбаттасып болған соң, сот мынадай шешім шығарды:
"Ұрлық, әсіресе нан ұрлығы – өте ұятты қылмыс... Себебі бұл іске барлығымыз кінәліміз. Залда отырған сіздер және мен де...Осы сотқа қатысушылардың барлығы 10 доллардан төлеуге жаза кесемін, сол орындалғанша бұл залдан ешкім шықпайды.
Аш баланы полицияға тапсырған сауда үйінің иесі де 1000 доллар айыппұл төлесін".

Үкімді естіген бала көз жасын тия алмады, сот екінші үкімді оқығанда бала тіпті, толқып кетті.

Жанарындағы жасты жасыруға тырысқан сот та соңғы үкімін оқыды: Егер адамды нан ұрлығы үстінде ұстап алсаңыз, онда сол адам_қоғам_мемлекет ұяттан_өртену_керек...

3 3 ER 0.2484
ИСЛАМДАҒЫ 5 ПАРЫЗДЫҢ ПАРЫЗ БОЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ СЕБЕБІ

Машнауи деген кітапта 5 парыз туралы былай депті. Аллаһу Тағала адамзатқа 5 артықшылық берді. Сол 5 артықшылыққа шүкір етсін деп 5 парызды бұйырған.
1. Көңіл - Иман
2. Нәпсі - Ораза
3. Дене - Намаз
4. Қуат - Қажылық
5. Лауазым - Зекет

6 0 ER 0.2183
Әссалаумағалейкум уа рахматуллаһ барактуһ жамағат қасиетті айдағы дұғалар кабыл болсын Инш ша Аллаһ сіздерден көмек сураймын Кіщкентай каримыз Екі бүйерегі солған ЖУМЫС ЖАСАМАЙДЫ ЖЕТІМ МҰГЕДЕК ЕКІ ПАРА ҚУРАН ЖАТТАҒАН ТЕК АЖЕСІ БАР КАСПЕЙ БАР 7713384036 ЖАНАТ ПАРАКШАҒА ШЫҒАРЫП ЖІБЕРСІЗДЕР ДОНОР ТАБЫЛДЫ ОТТ АҒА БАРУҒА КАРАЖАТ ЖОК КОЛДАН КЕЛСЕ САДАКА РЕТІНДЕ БЕРІП ҚУАНЫШ СЫЙЛАЙЫКШЫ АРУЖАНҒА БАРШАНЫЗҒА АЛЛАНЫҢ НУРЫ ЖАУСЫН

3 6 ER 0.1592
Елу жыл мешіттен шықпаған ғалым.
Сомали мемлекеті Мысырға қарап тұрған кезі болатын.
Сол жерде дүниеге келген,үмбеттің болашақ ғалымы Салих әл - Жағфари ( р.а) әкесі, аталары сияқты ғылымға өте ынтызар еді.
Бала күнінде - ақ Құранды жаттап алады.
Бұл жердің заңы бойынша жастарды ерте үйлендіретін.
Сондықтан, жастайынан бала - шағалы болды.
Бір күні Каирден бір адам имам Науаидың "Сахих Муслимге" жазған шархының бірінші томын алып келеді.
Салих әл - Жағфари ( р.а) оны сұрап алып, оқуға кіріседі.
Түсінде марқұм болған, атақты ғалым Әбдуләли әл - Идриси ( р.а) көреді.
Ол оған: " Балам ілімді кітаптардан емес,. ілім иелерінен алу керек",- деп айтады.
Оянған соң әке - шешесі, отбасы, туыстарымен қоштасып, ілім жолына аттанады.
Түйесіне мініп, талай жерлерді басып өтіп, Мысыр астанасы Каирге келіп, әл - Азһар университеті мешітіне кіріпті.
Сол жерде ілім үйреніп, ғалым болып, сол мешіттің имамы болып тағайындалады.
Сол мешіттен 1929 жылдан 1979 жылы қайтыс болғанына дейін, қажылыққа барудан басқа мақсатта 50 жыл бойы шықпаған екен.
Аталған кезеңдерде мешітте төрт мәзһабтың отыратын бұрыштары болыпты.
‌Имам Салих әл - Жағфари ( р.а) өзі ұстанған мәлики мәзһабы бұрышынан, өзіне арнап, ағаштан ені мен ұзындығы екі метрден аспайтын кішкентай бөлме жасап алады.
‌Ішінде төсегі мен шәйнегі, кітаптары ғана болыпты.
‌Өзі өте тақуа адам болып, түндерін құлшылықпен, күндіздерін оразамен өткізіп, өте аз тамақты - нан мен ірімшікті ғана місе тұтқан деседі.
‌Жұма намаздан кейін шейх Салих әл - Жағфаридың ( р.а) уағызын тыңдау үшін министрлерден бастап, қарапайым адамға дейіңгі жиналған халық мешітке сыймай қалатын көрінеді.
‌Мысырдың әр тарапынан байлар шейхқа хайыр - ихсандарын әкелсе, ғалым бұл ақшаларға бұл - маталар сатып алып, кедейлерге таратушы еді.
‌Пайғамбарымызға ( с.а.с) деген махаббаты соншалықты әрдайым Оны ( с.а.с) түсінде көретін болыпты.
‌Мешіттен шыққанда, тек Алла үйі - Бейтолланы тәуәп етіп, Пайғамбарымыз ( с.а.с) зиярат ету үшін 27 рет үлкен қажылыққа, көптеген мәрте кіші қажылыққа ғана барыпты.
‌Елу жыл бойы мешітте имамдық қызмет етсе де, мешіттен бір тиын да, имамақы қызметіне еңбек алмапты.
Осы жылдар ішінде қаншама ғалымдарды, шәкірттерді оқытып шығарыпты.
‌Осынша жыл бойы иғтикафта болып, дінге, ғылымға қызмет ету екінің бірінің қолынан келе ме десеңізші?
‌Бұл үшін шынайы сенім мен ерекше ықылас керек екені ақиқат.
Абай хакім бабамыз:
"Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз", - деп айтқандай, бізге келсек , болмасақ та, ұқсап бағу жолы бар.
‌Алла Тағала осындай дініміздің тіректері болған ғалымдардан, бабаларымыздан разы болғай!

‌Қуат Қабдолда

3 0 ER 0.1226
Махрам деген кім?

Әйел мен ер адамдар махрам және махрам емес болып бөлінеді. Неке құруға рұқсат етілмеген адамдар яғни олар туыстық байланыстағы адамдар — махрамдар, ал неке құруға рұқсат етілмеген адамдар — махрам емес яғни "туыс" санатына жатпайтындар.

Неке құруға рұқсат етілмеген махрам санатына жататындарды үш түрге бөлуге болады: қандас, сүттес туыстары және неке бойынша жақын туыстары.

Ер адамдарға мына әйелдермен үйленуге рұқсат етілмейді, Олар:

1. Анасы.
2. Әке-шешенің шешелері (әжесіне).
3. Қызы және ұл-қызының қыздары (қыз немере).
4. Апалы, әпке-қарындасы.
5. Апалы, әпке-қарындасының қыздары.
6. Аға-інісінің қыздары.
7. Әке-шешенің апа-сіңлі, қарындастары. Идда уақытын күтіп жүрген әйелге (ажырасқаннан кейінгі 3 ай, күйеуі қайтқаннан кейінгі 4 ай 10 күн мерзімі)
8. Сүт анасы.
9. Сүт әке-шешесінің шешелері.
10. Сүт қызы және сүт ұл-қызының қыздары (сүт қыз немере).
11. Сүт апа, әпке-қарындасы.
12. Сүт апа, әпке-қарындастарының қыздары.
13. Сүт аға-інісінің қыздары.
14. Әке-шешесінің сүт апа, әпке-сіңлі, қарындастары
15. Қайын енесі. 16. Өгей шешесінің қызы.
17. Өгей анасы.
18. Келіні.

Әйелдерге мына адамдармен неке құруға болмайды:

1. Әке.
2. Әке-шешесінің әкелері.
3. Аға-інісі.
4.Аға-інісінің ұлдары.
5. Апа, әпке-сіңлінің ұлдарына.
6. Әке-шешенің аға-інісі.
7. Сүт әке.
8. Сүт әке-шешенің әкелері.
9. Сүт ұлы және сүт ұл-қызының ұлдары (сүт ұл немере).
10. Сүт аға-інісі.
11. Сүт апа, әпке-сіңілінің ұлдары.
12. Сүт аға – інісінің ұлдары.
13. Әке-шешенің сүт аға-інісі.
14. Қайын атасы.
15. Өгей ұлы.
16. Өгей әкесі.
17. Күйеу баласы.

Жалпы шариғатта тікелей қарастырылмағанмен, дана халқымыздың тектілік үлгісін ескере ұстанған бағыты яғни жеті атасына дейін ру аралық қыз алыспауы өте дұрыс дүние, дегенмен осыны қатаң басшылыққа алған дұрыс.

4 0 ER 0.1177
Әс сәләму әлейкум құрметті азиз жамағат
Сіздерді Ораза айтпен құттықтаймыз. Аллаһ Сүбһан уә Тәғала тұтқан оразаларымызды қабыл етіп, бүкіл күнәларымызды кешірсін. Елімізге тыныштық, отбасымызға амандық, денімізге саулық, ұрпақтарымызды салихалы етсін. Ендігі оразаға аман есен жетуімізді Аллаһ нәсіп етсін.

Мақсат Асанов

2 2 ER 0.1113