Статистика ВК сообщества "QAZ Kolesa.kz"

0+
Kolesa.kz сайтының қазақ тіліндегі ресми парақшасы

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Ұлыбританияда көп жүрмеген Audi 100 Avant сатылады

Ұлыбританияда үшінші буындағы Audi 100 сатылады. Бағасы – 8 мың фунт (10.4 мың доллар). Бұл елдегі осыған ұқсас машиналардан әлдеқайда қымбат. 1990 жылғы «Аванттың» жағдайы өте жақсы әрі көп жол жүрмеген, одометрі небәрі 47.6 мың миля көрсетіп тұр.

Көлік 20 жылдан аса алғашқы иесінің қолында болыпты, 2015 жылы Audi-дің Британиядағы бөлімшесіне жеткізіліп, марканың ресми классикалық паркінде тұрды. Содан бері универсалдың жағдайын неміс брендінің мамандары қадағалап отырған.

Audi 100 Avant 115 ат күшіне ие 2 литрлік бес цилиндрлі қатарлы мотормен жабдықталған. Ол айналу моментін алдыңғы дөңгелектерге беретін автоматпен жұмыс істейді.

Сатушы машинамен бірге барлық зауыттық құжатты қоса береді, сервистік жазба, техникалық қызмет көрсету шығынын растайтын қағаздар және жарамды техбайқау картасы бар.

15 35 ER 0.6672
Өзбекстанда айрықша ВАЗ-2107 сатылады

Ташкенттегі салондардың бірі ерекше ВАЗ-2107-ні сатуға қойды. Сырттай 2011 жылғы “жетілік” күңгірт әйнегімен және төмен профильді дискілерімен ғана назар аудартады. Ал салоны – мүлде бөлек дүние.

Көліктің интерьері Mercedes-Benz-ті еске салады: рөл мен ортаңғы консольдегі басқару пультінен бастап, электрлі реттелетін орындықтары, есіктегі элементтер мен желдеткіш дефлекторына дейін неміс машинасына тән бөлшектерге толы. Бірақ торпедосы мен аспаптар панелі Chevrolet Lacetti-ден алынған. Ал жүксалғышында сабвуфер бар.

Хабарландыру мәтінінен капот астындағы агрегаттың да қарапайым еместігін түсінуге болады. Бірақ автор дәл қандай мотор қойылғанын жазбапты, тек оның автомат қораппен жұмыс істейтін 2 литрлік турбоүрлемді қозғалтқыш екені белгілі.

22 мың шақырым жол жүрген айрықша “Жигули” 18 мың доллар (шамамен 7.7 млн теңге) тұрады.

16 16 ER 0.6766
AMG G63-ке шолуды үш жыл күттіңіздер. Мектеп оқушылары мен үлкен ағалардың арманы болған төрт бұрыш автомобиль туралы видео көріңіздер.

1 6 ER 0.3130
Toyota Land Cruiser 300 Қазақстанға келді

Toyota Land Cruiser 300 жақында таныстырылады. Модель біздің елде де премьерамен бір мезгілде жарық көретін шығар. Қазірдің өзінде Алматы көшелерінде «үш жүздіктің» жарнамасы іліне бастады. Бұл жол талғамайтын көліктің елге келгенінің айқын белгісі. Суреттер CarsKz парақшасында жариялады.

Қазақстанның Қытаймен шекарасындағы Алтынкөл бекетінде тұрған оннан астам Land Cruiser 300-дің суреті тарады. Машиналардың бүйірінен модельдің 70 жылдық мерейтойын еске түсіретін тақтайша байқалады.

Соңғы ақпараттарға сенсек, Land Cruiser 300 туралы ресми мәлімет 31 мамырда немесе 1 маусымда жарияланады. Машинаның TNGA-F платформасында жасалатыны және нақты өлшемдері бізге белгілі. Көліктің ұзындығы — 4950 мм, ені — 1980 мм, биіктігі — 1945 мм, ал дөңгелек базасы — 2850 мм.

Жол талғамайтын көліктің жанармай багының көлемі кеміді: негізгі бак 93-тен 80 литрге, ал қосымша бак 45-тен 30 литрге азайды.

5 21 ER 0.4789
Германияда жылдамдық шектелмейтін автожол бар

Германиядағы максимал жылдамдық шектелмеген 10 шақырымдық кең жолда Bugatti Chiron-ның сағатына 417 км жылдамдықпен жүріп бара жатқаны түсірілген видео елді шулатты. Әрекетін камераға түсіріп, жүктеген желіккен жас бала емес, Радим Пассер (фотода) есімді 59 жастағы мультимиллионер екен.

Шабандоздың бұл ісі қоғам талқысына түсіп, жұрт наразылығын тудырғандықтан Германия билігі оқиғаға қатысты мемлекет деңгейінде пікір білдіруге мәжбүр болды. Associated Press таратқан ақпаратқа сүйенсек, ГФР Көлік министрлігі жасаған мәлімдемеде жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретін кез келген әрекет айыпталатыны жазылған. Мекеме өкілдері жолда жылдамдық шектелмесе, қалағаныңызша жүйткуге болатынын білдірмейтінін атап өтті. Алайда билік Пассерге ресми айып таға алмайды.

Дегенмен немістер енді автожолда еркін қозғала алмайтын сияқты. Өйткені жасылдар партиясы автобандағы қозғалыс жылдамдығын 130 км-ге дейін шектеуді ұсынды. Бірақ олар апат қаупін төмендету емес, қоршаған ауаны зиян газдан арылтуды көздеп отыр.

3 2 ER 0.2178
7.5 млн теңге тұратын 1988 жылғы Mercedes-Benz 190 E

Kolesa.kz порталында 190 E атауымен таныс W201 шанағындағы Mercedes-Benz сатылып жатыр. Машинаның бағасы – 7.5 млн теңге.

Көліктің 33 жаста екенін ескерсек, жағдайы тамаша көрінеді. Седанның алдыңғы бөлігі 3.2 AMG нұсқасын еске салады, дөңгелектері де ерекше. Салонында танымал тюнерлер жасаған рөл көзге түседі.

Капот астына 2.6 литрлік қатарлы мотор орнатылған. Бұл агрегат катализаторының бар-жоғына байланысты 160-тан 166-ға дейінгі ат күшін береді. Қозғалтқыш 4 сатылы автоматпен жұмыс істейді.

Машина Алматыда тұр. Көлік иесі W201-ді күтіп айдағанын және одометрдегі көрсеткіш шынайы екенін жазыпты.

8 16 ER 0.4340
Toyota Land Cruiser 300 камуфляжсыз көзге түсті

Toyota Land Cruiser 300-дің алғашқы фотосуреті желіде тарады. Суреттерді бірнеше ақпарат көзі жариялады. Машина Ёсивара зауытында жасалады. Фотосуретке қарасақ, жапониялық BestCarWeb басылымының 2019 жылы күзде жариялаған рендері сенімді шыққанын байқаймыз.

Toyota компаниясы Land Cruiser 300 жайлы әлі ресми мәлімет бермей отыр. Алайда күн өткен сайын жол талғамайтын көлік туралы ақпарат көбейіп келеді. Бұған дейін желіде интерьері, күштік құрылымы және комплектация атаулары жарияланған.

Тұсаукесер қашан өтетіні де белгісіз. Дегенмен көлік көпшілікке 2021 жылы тамыздың басында көрсетіледі деген болжам бар.

5 14 ER 0.3738
8 қараша күні ҚР ІІМ ресейлік нөмірдегі көлік тексерісіне қатысты пікір білдірді. Полиция мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 150 мың машина заңсыз қолданылуда, ел азаматтары Ресейде есептен алынған көліктерді сенімхат арқылы жүргізіп жүр. РФ ІІМ криминалды полициясы берген тізім бойынша 600 автомобильдің ұрланғаны анықталды. Одан бөлек, біздің азаматтар сақтандырған 210 мың машинаның 88 мыңы Ресейде есепте жоқ.

“Ауадағы” 88 техниканың 12 мыңын Түркістан облысының тұрғындары сақтандырыпты.

Басқа аймақтарда жағдай мынадай:

Ақтөбе облысында – 10 мыңнан аса;
БҚО-да – 9 200-ден аса;
Қостанай облысында – 7 700-ден аса;
Қызылорда облысында – 6 200;
Атырау облысында – 5 800;
Нұр-Сұлтанда – 5 000;
Алматы облысында – 1 500-ге жуық;
Алматыда – 1 200-ге жуық автокөлік бар.

Қазақстанда ресейлік нөмір таққан көлік жүргізушілерін тексеру басталды. Ресейде есептен шығарылған, бірақ біздің жолдарда жүйткіп жүрген машиналар айыптұраққа қойылып жатыр. Ал Ресейде тіркеуде тұрған, құжаты түгел көлікті жол ережесі мен ел аумағында қолдану мерзімін сақтай отырып қолдануға еш тыйым жоқ.

3 3 ER 0.2018
Автомат қорабы бар “Нива” сатылады

Ұлыбританиядағы порталдардың бірінде 2019 жылғы Lada Niva жайлы хабарландыру жарияланды. Машинаның кескіні көз тартпаса да, шағын лифт және ірі дөңгелектер бірден назар аудартады. Көз салып қарасаңыз, алдыңғы бампердің астындағы интеркулерді де байқайсыз.

Капот астындағы 83 ат күшін беретін 1.7 литрлік стандарт мотор 124-ке жуық күш беру үшін турбокомпрессормен және басқа қажет дүниелермен жабдықталған.

Салонда 5 сатылы механикалық қорап иінтірегінің орнына әдетте BMW модельдеріне қойылатын селектор байқалады. Машинаға 5 сатылы автомат орнатылған.

Одан бөлек көліктің болашақ иесін қозғалтқышты батырма арқылы іске қосу жүйесі мен былғарымен қапталған рөл қызықтыруы мүмкін. 8.6 мың миля жол жүрген Lada Niva-ның бағасы – 19.5 фунт стерлинг (11.4 млн теңге).

7 6 ER 0.2581
Теміртаулық бэтмобиль

Tumbler 2005 жылы экранға шыққан “Бэтмен: Басталуы” фильмі үшін құрастырылды. Басқа бэтмобильдер сияқты оның да көшірмесін жасаушылар көп. Олардың біразы 1-1.6 млн долларға сатылған. Одан арзан нұсқалары да табылып жатты. Мысалы, Toyota MR2-ге негізделген шағын Tumbler 2019 жылы Ұлыбританияда 170 мың долларға өтті.

Енді біздің елде де бэтмобиль бар. Евгений Бондаренко есімді Теміртау тұрғыны көлікті 3 жыл құрастырыпты. Оның машинасы металл рамадан жасалған. Шебер көліктің артына қиылмаған белдік орнатып, шанағының асылмалы бөліктерін стеклопакеттен жасады.

Қазақстандық Tumbler 8 цилиндрлі 1UZ-FE моторы арқылы қозғалады. Нұсқасына байланысты 256-300 ат күшін (353-420 Нм) беретін агрегат автомат қораппен жұптасады.

Бастапқыда бэтмобильдің артқы осіне ірі қосарланған дөңгелек орнату жоспарланған. Алайда соңғы суреттер мен видеодан көлікте қос шина тұрғаны байқалады. Қалғаны кейін қосылуы мүмкін. Артқы дөңгелектердің өлшемі – 44X18.50R15. Ал алдына 29X15.50R15 өлшемді дөңгелек орнатылған.

Қазақстандық бэтмобильді жолдан көріп қалуымыз екіталай. Бірақ иесі оның көмегімен ақша табуды көздейді. Жоба авторы өнімінің кез келген бейнебаян, фотосессия мен көрменің сәні болатынына сенімді.

2 1 ER 0.2036