Бірде Сүлеймен Пайғамбар жолда келе жатып, қажыған бір қартты кездестіреді.
Қарт Сүлейменге: «Менің халімды көріп тұрсаң, маған жәрдем бер!» - деп өтінеді. Сүлеймен пайғамбар оған құнды бір тас беріп: «Осы ұрпағыңа жетеді», - дейді. Қария жолда тасты лақтырып, қағып алып, ермек қылып қуанып келе жатса, аспаннан бір құс аузына қағып алып кетеді.
Шал өкініштен опық жеп қалады. Ертесі күні Сүлейменді тағы кездестіріп өтініп сұрайды. Ол қарияның қолын қайтармайды. Қария тасты қолына қысып ұстап келе жатса, алдынан үлкен өзен шығады. Өзеннен өтпек болған қарт суға батып кете жаздап, тал қармаймын деп, тастан тағы да айырылып қалады.
Үшінші күні Сүлейменді кездестірген қарт: «Ер кезегі үшке дейін. Мен тасты сақтай алмадым. Тағы берсең», - деп өтінеді. Сүлейменде құнды тастан тағы береді. Қария тасты сәлдесінің арасына орап, аман-есен етіп үйіне апарады. Үйіне барса, кемпірі жоқ екен. Тасты ешкімнің қолы жетпесін деп жоғары бір жерге қойып, кемпіріне қуанышты хабарды жеткізуге кетеді. Сол арада көршісі бір зат сұрай үйге келеді. Әлгі жарқылдаған тасты көріп, мыналар байыйын депті деп, тасты ұрлап алады. Кемпірін ертіп, қуанып келген қарт тастың жоғын көріп, тағы да опық жейді.
Сүлеймен пайғамбарға келіп, бар наласын айтады. Сонда Сүлеймен Пайғамбар: «Мен де бір пендемін. Қолдан келген көмегімді аямадым, бірақ ризық беруші - бір Алла! Адамнан сұрағанның екі көзі шығады, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады! - деген мәндегі насихатын айтады.
Ақсақал болса, Сүлеймен пайғамбардың үйінен шығысымен мешітке барып, қолын жайып, Алладан ризығын арттыруын сұрап, үйіне оралады. Жолда балық сатып алып, кемпірінен пісіруін өтініп, өзі үйінің алдындағы ағашқа өрмелеп шығады. Ағашқа құстар ұя салған екен. Міне, ғажап. Ұяда екі жұмыртқа, бір жарқылдан гауһар тас тұр. Қуанғанынан ұрыны таптым деп айқай салады. Оның айқайын естіген көршісі өзін біліп қойды деп ойлап, жаман ниеті болмағанын айтып, тасты әкеліп береді. Сол мезетте кемпірі де балықтың ішінен асыл тас шыққанын айтып, қуанышымен бөліседі.
ТҮЙІН: Әрдайым қайғыңыз бен қажетіңізді Алла ғана айтыңыз. Содан ғана жәрдем сұраңыз. Сонда мерейіңіз үстем, жолыңыз ашық болады……..
Статистика ВК сообщества "<<ДОСТЫҚ және МАХАББАТ>>"
🌺ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР БІЗДІҢ ТОПҚА🌸ТОПҚА ТІРКЕЛІП БЕЛСЕНДІ БОЛЫҢЫЗДАР🌺
Количество постов 11 471
Частота постов 30 часов 36 минут
ER
13.81
Нет на рекламных биржах
Графики роста подписчиков
Лучшие посты
Әссәләму әлейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ!
Баршаңызға қайырлы kүн!!!
Мені түсінетін және маған қамқор болатын жан керек...
Әрине жаман ойлап қалмаңыздар?!
Иманыма иман қосатын жан болса деймін
Алла разы болсын...
Рахмет Не Аноон
Баршаңызға қайырлы kүн!!!
Мені түсінетін және маған қамқор болатын жан керек...
Әрине жаман ойлап қалмаңыздар?!
Иманыма иман қосатын жан болса деймін
Алла разы болсын...
Рахмет Не Аноон
Жақсы әйел бойын түзеп сылақтайды,
Өз байынан басқаны ұнатпайды.
Үйіне мейман түссе, хош келдің деп,
Еш адамнан рұқсат сұратпайды.
Жаман әйел байымен ұрысады,
Мейман келсе, қабағы тырысады.
«Бұл үйден шай ішкенмен оңбассың» деп,
Мейман байғұс басқа үйге жылысады.
Жақсы әйел дәулетіне жөн келтірер,
Әйелің долы болса, күнде өлтірер.
Жақсыдан жаман туған бала болса,
Атаға үйде жатқан сөз келтірер.
Жақсы әйел айтқан сөзді кектей қоймас,
Осал жігіт әйелге беттей қоймас.
Жауыз қатын қабаған ит сияқты,
Ер жігіттің түбіне жетпей қоймас.
(с) Шал ақын
Өз байынан басқаны ұнатпайды.
Үйіне мейман түссе, хош келдің деп,
Еш адамнан рұқсат сұратпайды.
Жаман әйел байымен ұрысады,
Мейман келсе, қабағы тырысады.
«Бұл үйден шай ішкенмен оңбассың» деп,
Мейман байғұс басқа үйге жылысады.
Жақсы әйел дәулетіне жөн келтірер,
Әйелің долы болса, күнде өлтірер.
Жақсыдан жаман туған бала болса,
Атаға үйде жатқан сөз келтірер.
Жақсы әйел айтқан сөзді кектей қоймас,
Осал жігіт әйелге беттей қоймас.
Жауыз қатын қабаған ит сияқты,
Ер жігіттің түбіне жетпей қоймас.
(с) Шал ақын
Жұмыстан келген күйеуі əйеліне ашуланып былай дейді:
⠀
- Әй, анасы, сен бүгін жазаға лайық іс қылдың!
⠀
Əйел шошып кетеді де, ақырын ғана:
- Мен не істеп қойдым? Сізді ашуландыратын бірдеңе істедім бе? - дейді. Күйеуі:
- Иә. Сені жазалауға мəжбүрмін. Міне, мынау - жазаның бір бөлігі, күн сайын қолыңа бір рет болса да алуға мəжбүрсің, - деп қорапқа оралған бірдеңені ұстатады.
⠀
Əйелдің жүрегі дүрсілдеп тұр. Ақырын ғана қорапты ашады. Қараса...
⠀
- Əкесі-аааау!
- Үндеме. Баруға мəжбүрсің. Менімен бірге!
⠀
Мұндай әділ жазаға қуанған әйел қуанғаннан жылаған күйі Аллаға мақтау айтады:
"Сенің мейіріміңде шек жоқ! Сен - Әділсің! Саған мақтаулар болсын, иә, Алла!!!"
⠀
Күйеуінің әйеліне дайындаған ең әділ жазасы әрбір мұсылманның арманы болған қажылық еді.
Ал оның қасындағы кітап - қасиетті Құран!
⠀
Алла Өзінен медет сұраған әр пендесіне осындай бақытты, қасиетті мекенге барып, қажылық сапарын өтеуді нəсіп етсін!🤲

Өмірімді несіне жек көремін,
Ауыр-жеңіл болса да өткеремін.
Өмір қашып барады құсқа мініп,
Мен артынан жетем бе деп келемін.
Тағдырыма несіне өкпелейін,
Мойын бұрмай келіп ем, көпке дейін,
О, өмір, ұстатпаған уың бар ма?
Әкел, әкел, оны да жеп көрейін!
Ауыр-жеңіл болса да өткеремін.
Өмір қашып барады құсқа мініп,
Мен артынан жетем бе деп келемін.
Тағдырыма несіне өкпелейін,
Мойын бұрмай келіп ем, көпке дейін,
О, өмір, ұстатпаған уың бар ма?
Әкел, әкел, оны да жеп көрейін!
Бұл адамдар мәңгілік жаралмайды
Өлген кезде байлығың қаралмайды,
Байсыңба?Кедейсіңбе маңызды емес
Ақіретте періште пара алмайды!
Нұралы Нұрбол.
Өлген кезде байлығың қаралмайды,
Байсыңба?Кедейсіңбе маңызды емес
Ақіретте періште пара алмайды!
Нұралы Нұрбол.
Осы топтын Админі Марал Сізді туған күнімен құттықтаймыз!
Өмірде бақытты бол! Қызметіңде табысты болуыңа тілектеспін! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын! Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспін. Алдағы мақсатың мен аңсаған арманыңа жете бер! Жыл сайын ағайын туыс бауырлар жиналып, сенің туған күніңді тойлай беруге жазсын!
⚘⚘⚘⚘⚘⚘⚘⚘⚘⚘⚘⚘⚘⚘⚘

Адамның бес түрімен мүлдем дос болмаңыз!
1. Бәрінен соңғы сәтте бастартатын адаммен.
2. Қажет кезде ғана іздейтін адаммен.
3. Сізбен тек ақша жөнінде сөйлесетін адаммен.
4. Басқалар туралы тек жаман ойда болатын адаммен.
5. Өмірде ешқандай мақсаты жоқ адаммен.
Ешқашан ұмытпаңыз, достардың саны емес, сапасы маңызды.

Қызым, саған айтамын, сен өзің тыңда:
1.Таңғы ұйқысын қимайтын жігітпен тұрмыс құрмағын!
Азандағы жалқаулық түс ауғанда шабыт әкелмес.
2. Қарынды жігітке назар аудармағын!
Өзін тежей алмаған адам, өзгеге қамқор бола алмас.
3. Ашуланғанда қолына не түссе соны лақтыратын адаммен бас қоспағын!
Бүгін ол зат лақтырса, ертең сені де лақтырады.
4.Ата-анасының бетінен алатын жігіттен аулақ жүргін!
Оларды аямаған адам сені тіпті де оңдырмас.
5.Жайбасар ынжықтан аулақ болғын!
Бүкіл тірлікті саған жүктеп, өзі бейғам отыра берер.
6.Құрбыларыңның көзінше зекитын жігітке жоламағын!
Түкке тұрмайтын сылтаумен сені тастап кете беруі мүмкін.
7.Әркімге жарамсақтанған жағымпаздардан іргені аулақ салғын!
Ондайлардың әр қатынасы үшін қорланып жүрерсің.
8.Саған үнемі өзі бірінші болып, хабарласпайтын адамға жоламағын!
Шынайы махаббат шақырусыз-ақ өзі келеді.
9.Көңілің барынша толмайтын адамға тұрмысқа шықпағын!
Кейде онсыз тұра алмаймын деген адамынан да ажырасатын кез өмірде бола береді.
10. Болып-толған адамға ешқашан сенбе!
Өмірінде қателеспеген, қиындық көрмеген жан бұл дүниенің қадірін біліп жарытпас.
Дегенмен, қызым! Жаны жайсаң, ниеті таза, ақ адал адамды танып, тапсаң - көңілін қалдырма, оны кеудеден итерме!
Қуандық Шамахайұлы