Статистика ВК сообщества "Hypetama KZ"

0+
Тіркел💣 Көңіл күйіңді көтереміз😉

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

— Аллаһтан қорқу керек екенін есіңе салатын адам-сенің нағыз досың.

5 1 ER 0.9402
Барша мұсылман бауырлар жұма мүбәрәк болсын!🌸

Тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болсын!

0 4 ER 0.2384
Қадір түні оқылатын дұғалар
1.Ықлас сүресін 100 рет оқу керек.

Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді.

Ықлас сүресінің қазақша мағынасы: «Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес».

2.Қадыр сүресі – 100 рет.

Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.

Қадір сүренің қазақша мағынасы былай болып келеді: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады».

3.Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет.

Қазақша мағынасы: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі.

4.Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.

Қазақшасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мухаммед Оның Елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін.

5.Астәғфируллуһ – 500 рет.

6.Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет.

Айта кетейік, Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен де артық сауап. Қадір түні бір рет «Субханалла», бір рет «Әлхамдулилла», бір рет «Лә илаһа иллалла» деп айту 700 мың тәсбих, тахмид және тәһлилден құнды болады. Бұл түні қой сауымындай уақыт (аз уақыт) намаз оқу, ғибадат ету бір ай барлық түндерді таңға дейін ғибадат етуден де құнды.

5 1 ER 0.0550
Барша мұсылмандарды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймыз!

Сіздерге мерейлі мерекеде деніңізге саулық, отбасыңызға бақыт, жұмысыңызға береке тілейміз!

0 0 ER 0.0110
ҚАСИЕТТІ ҚҰРБАН АЙТ мейрамы құтты болсын шаңырағынызға береке,бірлік , шаттық орнасын шалған құрбаныныз бен дұғаларыңыз қабыл болып Аллах Фердауси жәнеде Раян атты жәннәтта болуымызды нәсіп етсін . Мейрімі шексіз Алла жүрегінізге сарқылмас иман берсін. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.Келесі Құрбан айтқа аман есен жетумізді нәсіп етсін ! Баршамызға құрбан айт мерекесі мүбәрәк болсын!

0 1 ER 0.0126
Жақсылықтар жаңбырдай жауатын түн

Рамазан айы, оның ішінде Қадір түні – Алланың құлдарына жариялаған «жақсылықтар маусымы». Бұл маусымда әр мұсылман жақсылыққа ұмтылып, Аллаға жақындауды көздейді. Себебі бұл маусымда жақсылық есіктері барынша ашық.

Егер кімде-кім осы қасиетті айды, осы қасиетті Қадір түнінде жақсылыққа кенеле алмаса, осынша игілікке қай кезде кенеледі?! Аллаға жақындайтын да, туралыққа бастайтын да уақыт осы емес пе?!

Ендеше әр иісі мұсылман адамға Қадір түні қарсаңында былай дейміз:

«Уа, мұсылман бауырларым! Рамазан бітпей тұрып, Қадір түні кетпей тұрып өздеріңді құрдым мен азаптан құтқарыңдар! Салиқалы істе жарысыңдар, Аллаға бет бұрып күнәларың үшін тәубені жаңартыңдар! Амалдар соңымен өлшенерін ескеріп, Рамазанның соңын, Қадір түнін игілікпен толтырыңдар! Алла әмірін ақсатпаңдар! Тыйымдарына жуымаңдар! Алланың мейірімінен, жомарттығынан, кеңшілігінен үміт үзбестен, жамандықтан сақтанып, жақсылық пен берекені еш талмастан сұраңдар! Себебі, Алла Құранда:

وَإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِي عَنِّي فَإِنِّي قَرِيبٌ أُجِيبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ إِذَا دَعَانِ فَلْيَسْتَجِيبُوا لِي وَلْيُؤْمِنُوا بِي لَعَلَّهُمْ يَرْشُدُونَ

«(Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине, тура жол тапқан болар еді»[1], – деген».

Бұл түн – берекелі түн. Бұл түнде бір жыл бойына істелетін амалдар өлшенеді:

إِنَّا أَنزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةٍ مُّبَارَكَةٍ ۚ إِنَّا كُنَّا مُنذِرِينَ

فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ

«Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында, Біз ескертушіміз. Ол кеште барлық хикметті істер айрылады»[2]; бұл түнде жер беті періштелерге толады:

تَنَزَّلُ الْمَلَائِكَةُ وَالرُّوحُ فِيهَا بِإِذْنِ رَبِّهِم مِّن كُلِّ أَمْرٍ

«Періштелер және Жебрейіл (ғ.с.) ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі»[3]; бұл түнде көңілдер тыныштық табады:

سَلَامٌ هِيَ حَتَّىٰ مَطْلَعِ الْفَجْرِ

«Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады»[4]; және ең маңыздысы:

لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْرٍ

«Қадыр түні мың айдан қайырлы»[5].

Бұл түнде Құран түскен, бұл түн – Құран түні. Ендеше бұл түнде Құран оқуды көбейту керек. Рамазан бойы оқылған Құранның хатымын жасау керек. Құранда мейірім аяты келсе, Алладан мейірім тілеңіз, азап аяты келсе, одан аман болуды сұраңыз. Намазға тұрыңыз, намаз оқыңыз. Себебі Пайғамбар (с.ғ.с) бір хадисінде:

مَنْ قَامَ لَيْلَةَ الْقَدْرِ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ

«Кім Қадір түнін иман еткен, Алладан сауап күткен күйі намазбен өткізсе, оның осыған дейін жасаған күнәлары кешіріледі»[6], – десе, тағы бір хадисінде:

أَقْرَبُ ما يَكونُ العَبْدُ مِن رَبِّهِ، وهو ساجِدٌ

«Құлдың Раббысына ең жақын болатын сәті – сәждеде»[7], – деген.

Қадыр түнін Құран оқумен, намазбен т.б. игіліктермен әсемдеп, мол сауаппен өткізуге ниеттенейік. Қадыр түнінде Алла Тағала барша дұғаларымызды қабылдап, күнәларымызды кешіріп, дәрежемізді өсірсін. Әмин!

[1] «Бақара» сүресі, 186-аят.
[2] «Духан »3-4-аятnfh.
[3] «Қадір»4-аят.
[4] «Қадір» 5-аят.
[5] «Қадір» 3-аят.
[6] Бұхари, Муслим
[7] Муслим

1 0 ER 0.0110
Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін күні.
Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Сіздерге шын жүректен бақыт пен құт-береке, Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін.

Администрация

0 0 ER 0.0048
#JONY #Мот #Премьера #Лилии #клипа
Мот JONY - Лилии (Премьера клипа, 2021)

0 0 ER 0.0016
Тіркелеміз достар 😊 Қызықты виделар осы жақта болады 😄

0 0 ER 0.0000