Статистика ВК сообщества "QAZSPORT TV"

0+
Жеңіске бірге жетейік!
Количество постов 20 383
Частота постов 2 часа 31 минута
ER 2.97
Нет на рекламных биржах

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

🥳 Сүйінші!!!

🔹 Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасындағы алғашқы ойынын жеңіспен бастады.

🇰🇿 Қазақстан — Әзірбайжан 🇦🇿 2:0

⚽ Голдар: '50 мин. Абат Аимбетов (1:0), '60 мин. Абат Аимбетов (2:0)

✊ Жеңіс құтты болсын қазақ елі!

3 58 ER 0.7039
🔹 Сүйінші, Жеңіс!!!

✊🏻 Геннадий Головкин 9 раундта жеңіске жетті.

📌 Бұл отандасымыздың 42 жеңісі!

14 44 ER 0.5967
🇰🇿Сәкен Бибосынов Олимпиаданың жартылай финалына жолдама алды

🥊Отандасымыз 1/4 финалда испаниялық Габриэль Эскобармен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Мырзағали Айтжанов шәкірті алғашқы раундта испаниялықты нокдаунға түсірген. Бірақ екінші раундта төрешілер Габриельді жеңіске лайық деді. Шешуші соңғы раундта отандасымыз намысқа тырысып, табандылығының арқасында жеңісті жұлып алды. Сәкен кем дегенде Олимпиаданың қола жүлдегері.

Жарайсың, Сәкен! Құтты болсын, Қазақ елі!

1 55 ER 0.5289
🥳 Сүйінші!!!

✊ Қазақстан құрамасы «Астана Арена» стадионында тарихи жеңіске қол жеткізді!

🇰🇿 Қазақстан — Словакия 🇸🇰 2:1

⚽ Голдар: 17' Ян Вороговский (1:0), 39' Эльхан Астанов (2:0) 51' Беро (2:1)

📌 Жеңіс құтты болсын қазақ елі!!!

7 49 ER 0.5015
🇯🇵ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарының алғашқы жүлдесі қоржынға түсті

💪🏼Пауэрлифтингтен сынға түскен отандасымыз Давид Дегтярев алтыннан алқа тағынды.

54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Давид бірінші мүмкіндігінде-ақ 170 келіні бағындырып, жеңіс тұғырына көтерілді.

🇰🇿Құтты болсын, Қазақ елі!

2 42 ER 0.4146
🇰🇿Әбілхан Аманқұл алғашқы  жекпе-жегінде жеңіске жетті

📌75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әбілхан Аманқұл өзбек боксшысы Фанат Кахромоновтан басым түсті. Алғашқы раундта өзбек боксшысы басым болғанмен, Әбілхан соңғы екі раундты толық өз бақылауына алып, Фанатты жарыс жолынан шығарды. Тіпті, екінші раундта біздің былғары қолғап шеберіміз қарсыласын нокдаунға түсірді.

✊Жарайсың, Әбілхан!

❗Айтпақшы бүгін Әбілханның туған күні. Батыр ұлымыз 24 жасқа қадам басты. Жаңа жасың үлкен жеңістерге толы болсын деп тілек білдіреміз!

0 38 ER 0.3967
🥊Головкин әлемдік рейтингте көш бастады

Риота Муратаны нокаутпен жеңгеннен кейін қазақстандық боксшы BoxRec рейтингінде салмақ дәрежесіне қарамастан, барлық боксшылар арасында 698.6 ұпаймен бірінші орынға шықты.

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес 678.4 ұпаймен екінші сатыда.

Америкалық Теренс Кроуфорд 524.0 ұпаймен әлем боксшылары арасында үздік үштікті түйіндеді.

4 17 ER 0.3642
🇰🇿Жәнібек Әлімханұлы: «Qazaq style»-ды тарихта қалдырамыз».

🥊Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы бүгін франциялық Н'Жикамды айқын басымдылықпен жеңді. Әлем экс-чемпионы боксшымызға қарсы ешқандай айла жасай алмады.

❓Жәнібектің келесі қарсыласы кім болғанын қалайсыз?

10 19 ER 0.3700
🥇Сәкен Бибосынов - Әлем Чемпионы!

🇰🇿Токио Олимпиадасының қола жүлдегері енді Әлемнің үздігі атанды.

Жарайсың, Сәкен!

[id286702175|@boxingkazakhstan]

3 7 ER 0.3363
⚽️Футзалдан Еуропа чемпионаты мәресіне жетті

🇰🇿Ұлттық құрамамыздың ойыншысы Біржан Оразов аталған турнирдің «ЕҢ ҮЗДІК СҰРМЕРГЕНІ» атанды. Ол төрт ойында 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Өкінішке қарай, Қазақстан ұлттық құрамасы ширек финалда Украинаға есе жіберген еді. Бірақ ойыншыларымыз жарыстан жүлдесіз қайтпады.

🏆Сонымен қатар Жуниор Дуглас «Үздік ассистенттер» арасында Сергей Абрамов (Ресей), Серхио Лосаномен (Испания) бірге бірінші орынды бөлісіп тұр.

5 17 ER 0.3419