Статистика ВК сообщества "Уағыздар жинағы / bilimqazynaqory.kz"

0+
Қазақстандағы жалғыз Ислам университетінің құрылысына атсалысып артыңыздан үзілмей келетін сауап алыңыз.

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

ПІТІР САДАҚА АҚШАЛАЙ БЕРІЛЕ МЕ?

Алла Тағала Құранда: «(Садақа беріп) өзін тазартқан әрі Раббысының есімін еске алып, намаз оқыған адам, сөзсіз, мұратына жетті», – деген («Ағла» сүресі, 14-15 аяттар).
Касир ибн Абдулладан, әкесінен, атасынан жеткен хадисте: «Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы аят туралы сұрағанда, ол: «Бұл аят пітір садақа жайында түсірілген», – деп жауап берген.
Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза ұстаған адамды ұнамсыз сөздер мен жағымсыз іс-әрекеттерден тазарту әрі кедейлерді тамақтандыру үшін пітір садақаны парыз етті. «Кім оны (айт) намаздан бұрын берсе, ол зекет болып қабылданады, ал намаздан кейін берсе, жай ғана садақа болып есептеледі» деді (Әбу Дәуіт, Ибн Мажә).
Ханафи мәзһабында пітір садақа екі келі бидай (ұн, талқан, т.б.) не мейізбен немесе төрт келі құрма не арпамен есептеледі. Дегенмен азық-түліктің орнына пітір садақаға оның ақшалай құнын бергені абзал («Әл-фәтауа әл-һиндия», 1/210-211).
Қазіргі таңда бидайдың өзі емес, ұн, талқан секілді оның өнімдері кең қолданылады. Сол себепті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір садақаны ұнмен есептеуге пәтуа берген. Сөйтіп биылғы 2021 жылы пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері екі келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.
Тұрмысы нашар, яғни артық мал-мүлкі нисаб мөлшеріне жетпеген кісі пітір садақа беруге міндетті емес, сауап үшін беріп жатса өз еркі. Алайда садақаны өзінен де жағдайы төмен адамға бергені дұрыс. Қайтыс болған адамдар мен ана құрсағындағы бала үшін пітір садақа берілмейді.

Дайындаған Хасан АМАНҚҰЛ
«Мұнара» газеті, №7, 2021 жыл

1 0 ER 0.0231
Ислам діні адамның дүниелік һәм ақыреттік мүдделерін толық қорғайды. Оның ішінде жасөспірім кездегі хұқықтарына ерекше мән береді. Шариғатта ата-ананың балаларының алдындағы және балалардың ата-аналары алдындағы міндеттері бар. Баланың жастайынан дұрыс тәлім-тәрбие алуына дініміз ерекше маңыз береді. Себебі, бүгінгі жас елдің ертеңгі болашағы, үкілеген үміті.

1 0 ER 0.0210
Рамазан көп жақсылық жасайтын ай. Бір құрма, бір кесе сүт пен су берсе де мол сауапқа кенелетін ай.
Мешіттерде түрлі акциялар өтіп жатыр. “Құлатай ата” мешітінде де қайырымдылық ұйымдастырылды.
25 отбасыға азық-түлікке қоса киім-кешек те берілді. 600 мың теңге жұмсалды.
Мешіт имамы Дәулет Қожабеков демеушілерге ризашылығын білдірді. Алла Тағала қабыл Етсін, баршасына разы Болсын!
Түркістан қалалық орталық мешіті

1 0 ER 0.0168
Көлік иелеріне су мен құрма тегін таратылды

ҚМДБ Түркістан облысы, Түркістан қалалық Зекет және қайырымдылық қорының жетекшісі Жахангир Абдуалиевтің ұйымдастыруымен бір топ еріктілер 450-ге жуық ораза ұстап, ауыз бекіткен көлік иелеріне су мен құрманы тегін таратты. Бұл ізгі істің бастамасы ғана. Алдағы уақытта Түркістан қаласының бірнеше аймағында осы қайырымды істі жалғастыру жоспарда бар. Аталмыш игі істі Рамазан айының соңына дейін ұйымдастырамыз, дейді Түркістан қалалық Зекет және қайырымдылық қорының жетекшісі Жахангир Абдуалиев. Зекет және қайырымдылық қоры еріктілерінің ықыласы мен ілтипатына көлік жүргізушілері ризашылығын білдірді. Ал, еріктілер Рамазан айында жүректерге жылу сыйлау мақсатымыз деп отыр.

9 0 ER 0.0294
Түркістан қаласының № 2 маршрутындағы жолаушы тасымалдау көлігі 21 сәуір күні таңғы 6.30 кешкі 19.00 арсында Рамазан айының құрметіне тегін жүреді. Бұл қайырымдылық шараны Түркістан қаласы «Нақып Алтый» мешітінің жамағаты мешіт имамы Жолбарыс Бақтыбайұлының бастамасымен іске асырылуда.

2 0 ER 0.0126
Пітірді каспи приложение арқылы бере аласыз
Түркістан облысы, Түркістан қалалық, орталық "Яссы" мешіті
Түркістан қаласы, Н.Төреқұлов көшесі № 58

4 0 ER 0.0147